Сезіну. Қабылдау. Ұсыну. Елестету. Ес және назар. Ойлау және сөйлеу. Сезіну туралы жалпы ұғым



бет13/14
Дата10.04.2023
өлшемі42,67 Kb.
#80828
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Тіл үш түрлі қызмет атқарады:
1. Адамзаттың қоғамдық тәжірибесі. Бұл қызмет адамның тіл арқылы білімді меңгеріп, дүниені танып білуін қамтамасыз етеді.
2. Тілдік қатынас нәтижесінде адамдар тілдесіп, бір –бірімен түсініседі. Тілдің мұндай қызметін ғылыми атауда коммуникативтік қызмет деп атайды.
3. Әрбір адамның өз мінез-құлқы мен іс -әрекетіндегі даралық тәжірибелерді күнделікті тіршілікте қолданып отыруы, сөйтіп, сыртқы орта мен жағдайлардың өзгеруіне бейімделуі. Адам өзінің ғана емес өзгелердің де тәжірибелерін қолданады, алға қойған мақсат –міндеттерін шешеді. Мұндай әрекеттер адамның ақыл-ойы мен байланысты.
Ақыл-ой немесе интеллекті әрекет ең алдымен, іс -әрекеттерді жоспарлайды, екіншіден, оны жүзеге асыруды көздейді, үшіншіден, орындалған іс-әрекеттердің жемісін алға қойған мақсат-мүдделермен салыстырады.Осындай ақыл –ой нәтижесінде әр адамның мінез –құлқындағы даралық ерекшеліктері қалыптасады. Әрбір адамның іс-әрекеттері, тәжірибесі өзгелердің ісі қоғамдық тәжірибелер арқылы байып, жаңа сипаттарға ие болып отырады. Адам өзінің іс -әрекеттерін жоспарлайды, ойлау арқылы оларды шешу жолдарын қарастырады. Мұның бәрі де тіл, сөйлеу әрекеті арқылы дамиды. (ал сөйлеу дегеніміз не?)
Сөйлеу. Сөйлеудің түрлері.
Ойымызды басқа біреуге жеткізудегі жеке адамның дербес әрекетін сөйлеу деп атайды. Сөйлеу –бұл пікір алысу процесінде адамның белгілі тілді өзінше пайдалануы. Сөйлеу процесінің арқасында кісі өзінің білімін іс –тәжірибесінде байытып қана қоймайды, сонымен қатар қоғамдық тәжірибені меңгеруге де мүмкіндік алады.
Сөзді қабылдау және оны ұғыну бір –бірімен тығыз байланысты. Олар бір мезгілде жүріп отырады. Сөйлеу мазмұнды және мәнерлі болуы тиіс. Сөйлеудің мазмұндылығы дегеніміз –екінші біреуге жеткізетін ойдың айқындылығы. Сөздің мәнерлілігі дегеніміз –адамның сөйлеу кезіндегі эмоциялық қалпын білдіре алуы, яғни әрбір сөйлемді өзінің сазымен айтуы.
Адам миының жарты шарының сол жақ бөлігінде (маңдай қыртысының төменгі жағында) жүйке саласы бар. Ол адамның дыбыстап сөйлей алуын басқарып отыратын орталық. Сөйлеу қабілеті мидың анатомиялық функциясына байланысты болып келеді. Егер оның сол жақ бөлігі зақымданса, адам сөйлей алмайтын жағдайға ұшырайды.Мұндай құбылысты афазия деп атайды. Мұның екі түрі болады: бірі сөйлеу органдары толық сақталғанмен, сөзге түсінбей қиналып сөйлейді, тілі күрмеледі, оған үн шығару қиынға соғады. Екіншісі –адам сөйлей алғанымен басқа біреудің айтқанын түсінбейді. Мидың бір жеріне қан құйылуы, жарақаттануы, қабынуы, ісуі афазияның пайда болуына әкеліп соқтырады.
Сөйлеу түрлері. Сөйлеу бірнеше түрлерге бөлінеді.Алдымен ол сыртқы және іштей сөйлеу болып екі үлкен топқа бөлінеді. Сыртқы сөйлеу –ауызекі және жазбаша сөйлеу болып, ал ауызша сөйлеудің өзі –диалог және монолог болып екіге бөлінеді. Ауызекі сөйлеу – тілдің негізгі түрі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет