ü дыбысынан басқа Қарағас диалектісінде екінші буында езулік і, ä,
Осман, Әзірбайжан тілдерінде ä, Тараншы диалектісінде ä, і дауысты дыбыстарының қосымша қолданылуын байқауға болады.
Кейбір қазіргі түркі тілдерінде де төркіні түркі негізді сөздердің
алғашқы буындарында қолданылатын ө дыбысынан кейін келесі
буындарда ә дыбысының қолданысын байқаймыз. Мысалы,
Башқұрт тілінде: Узған йылда мин ошо өй һ ә кунып киттем. Көндә мин ауылға барғаймын. І – езулік, қысаң дауысты дыбысы. Барлық түркі тілдеріне тән
езулік, қысаң және де жіңішке дауысты дыбыс болып келеді. Қазақ
тілінде сияқты ғалымның көрсетулеріне сүйенсек, барлық түркі
тілдерінде де палатальдық үндесу заңына катаң түрде бағынатын
дыбыс болып табылады. Сөздің өне бойында тек жіңішке дауысты
дыбыстармен ілесіп қана келеді. Сөздің алғашқы буынында тұрса,
келесі буында қазақ тілінде і, е жіңішкелері, қырғыз тілінде ä, ü жіңішке дауысты дыбыстары, Алтай, Төлеуіт тілдерінде ä, ü, і дыбыстарының тұруын талап етеді. Тек Тараншы диалектісінде бір
ғана ауытқу бар екендігі жоғарыда ескерілген болатын. Ғалымның
пікірін толық мақұлдай отырып, қазіргі қазақ тілінде бірен-саран
кірме сөздерде алғашқы буында і дыбысы тұрса, келесі буында ä (ә) ашық дауысты дыбысының қолданылуы да бар екенін еске түсіріп
кеткеніміз жөн деп ойлаймыз. Мысалы, кінәлі, мінәжат. Бұндай
сөздер тілде санаулы ғана болғандықтан, дауысты дыбыстардың
палатальды үндестік заңдылықтарына әсер ете қоймаса керек.
У (ы) – езулік, қысаң дауысты дыбыс. Қазіргі қазақ тілінде және
ғалым материалдарына сүйенсек, басқа да көптеген түркі
тілдерінде палатальды заңға бағынышты, сөздің барлық
позицияларынан көріне алатын тіл арты қалыбындағы дыбыс
болып табылады. Қазақ тілінде алғашқы буында тұрып, жазуда да,
айтуда да өзінен кейін а, у дыбыстарының тұруын қалайды.
Бұл қолданыс Қырғыз тілінде де бар. Ал Алтай-төлеуіт тілдерінде