Ш 72 Түркі тілдерінің вокализм жүйесі. Оқу құралы/ Шнайдер В. А. – Нұр-Сұлтан қ.: «Тұран-Астана» унив. Баспаханасы. 2019. 126 б



Pdf көрінісі
бет43/80
Дата03.02.2022
өлшемі1,25 Mb.
#24763
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   80
Байланысты:
1-Шнайдер-В.А.-2019-готовый-конвертирован

у дыбыстарының і дыбысына бірігуіне қарамастан ертеде айтылған 
bilgän  және  qilγап  тұлғалары  әлі  де  ұмытылған  жоқ»  /11,23/  -  деп 


56
 
қорытынды жасайды. 
«Тіл тарихындағы белгілі бір кезеңнің өтуі барысында палаталь-
аффинитет  дыбыстар  жалпы  нақты  фонетикалық  заңдылықтарға 
бағынды.  Біз  әр  түрлі  диалектілерде  әр  қилы  деңгейде  лабиал-
аффинитеттердің  өте  қарқынды  қолданысын  көріп  отырмыз». 
Бұның  пайда  болуының  түпкі  негізін  ғалым  келесі  жайлармен 
байланыстырып  қарастырады.  «Өте  күрделі  сөздерді  айту 
барысында 
еріннің. 
бір 
қалыпты 
позицияда 
тұруын 
қалыптастырудағы  қиындыққа  байланысты  болып,  осы  жағдайда 
палатальдық  позиция  тіл  денесінің  артқы  шекте  орналасуымен 
орайласады.  Ал  ерін  көптеген  дауыссыздарды  айтуда  актив 
қатысып, ең алдымен, пассив лабиал дауыстылар қабатын айтқанда 
жиі  қатысуы  керек  және  бұл  қабатта  актив  қатысуы  нәтижесінде 
қайта құрылуы керек. Лабиал-аффинитеттің іске асуы нәтижесінде 
біз  ішкі  себептермен  пайда  болған  әр  түрлі  дауыстылардың 
билабиалитеті мен лабиалды дауыстылардың лабиалды атракциясы 
арасында  үнемі  болып  жатқан  күресті  көреміз.  Осыны  ескеріп  біз 
лабиал-атракцияның жүзеге асуын төрт топқа бөліп қарастырамыз» 
/11,23/  –  дей  келе  В.  Радлов  төмендегідей  төрт  топты  ажыратып 
көрсетіп кетеді. Олар: 
«1.  ашық  дауысты  дыбыс  және  ашық  дауысты  дыбыс 
арасындағы лабиалды атракция. 
2. ашық  дауысты  және  қысаң  дауысты  дыбыс  арасындағы 
лабиалды атракция. 
3. қысаң  дауысты  және  қысаң  дауысты  дыбыс  арасындағы 
лабиалды атракция. 
4. қысаң  дауысты  және  ашық  дауысты  дыбыс  арасындағы 
лабиалды атракция» /11,23/. 
В.В.  Радлов  жоғарыда  көрсетілген  төрт  түрлі  дауысты 
дыбыстардың  бір-біріне  лабиалдық  әсерін  талдау  барысында 
төмендегідей тұжырымдар келтіреді. Ол ашық дауысты дыбыстың 
өзінен  кейінгі  келетін  ашық  дауыстыға  лабиалдық  әсерінің  қай 
түркі тілінде, қандай түрде кездесетінін былай деп көрсетеді: 
1.  Лабиалды  ашық  дауысты  дыбыстың  өзінен  кейінгі  келетін 
ашық дауыстыға әсері: 
«а)  ашық  лабиалды  дауысты  дыбыстан  кейінгі  дауысты  дыбыс 
лабиалды болады. Нақты айтсақ, о және ö дауысты дыбыстарынан 
кейін о және ö дауысты дыбысы келеді. (Алтай және Төлеуіт, Қара-
қырғыз бен Якут тілдерінде). 


57
 
б)  ашық  лабиалды  гуттурал  о  дыбысы  өзінің  лабиалдық 
атракция күшін жоғалтқан, ал ö лабиалдық атракциясы бар дыбыс. 
Басқаша  айтсақ,  о  дыбысынан  кейін  а,  ö  дыбысынан  кейін  ö 
дыбысы  тұрады.  Бұл  солтүстік  Алтай  тілінде,  Бараба,  Чұлым 
татарлары  және  Абақан  (бұнда  сәл  ауытқу  бар)  диалектілерінде 
бар» /11,24/. 
Дауысты  дыбыстардың  бұл  атракциясының  ізі  қазіргі  қазақ 
тілінде  ауызекі  тілде  байқалады.  Мысалы,  сөздің  алғашқы 
буынында  ө  (ö)  айтылса,  кейінгі  буындарда  е  орнында  ө  (ö) 
дыбысының  айтылуы  анық  көрінеді:  өңде  [өңдө],  сөнген  [сөңгөн], 
көнген [көңгөн], сөзден [сөздөн], өзге [өзгө] т.б. 
«г) ашық лабиалды о және ö тек алғашқы буында қолданылады 
және кейін тұрған ашық дауыстыға ешқандай өзгертерлік  әсер  ете 
алмайды.  Барлық  жағдайда  а  дыбысы  о  дыбысынаң  кейін  және  ä 
дыбысы  ö  дыбысынан  кейін  кездеседі.  (Барлық  Орта  Азия  және 
оңтүстік диалектілерде). 
д)  ашық  лабиалды  о  және  ö  дауысты  дыбыстары  u  және  ü 
дауысты дыбыстарына ауысады және өзінің лабиалды-атракциялык 
күшін жоғалтады. (Оңтүстік Ресей диалектілерінде). 
2. Ашық лабиалды дауысты дыбыстың қысаң дауысты дыбысқа 
лабиалдық әсер етуі: 
а)  ашық  лабиалды  дауысты  дыбыстан  кейін  қысаң  лабиалды 
дыбыс  тұрады,  яғни  алдында  тұрған  о  дыбысынан  кейін  u,  ö 
дыбысынан  кейін  ü  дыбысы  тұрады.  (Қазақ-қырғыз,  Қара-қырғыз 
және барлық оңтүстік диалектілерде). 
Қазіргі  қазақ  тілінде  де  о  еріндік  дыбысы  өзінен  кейін  екінші 
буындарда  өзін-өзі  талап  ете  алмайтын  дыбысқа  жатады.  Бұл 
дыбыстың  екінші  буында  еріндік  ықпалы  тек  ы  фонемасының 
орнына  ұ  дыбысының  айтылуымен  шектеледі.  Жазба  тілде  о 
дыбысы  көбіне  ашық  а  дыбысының  алдында  келіп,  келесі 
буындарға еріндік әсер ету қасиетінен мүлде айырылған. Мысалы, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет