Ш 72 Түркі тілдерінің вокализм жүйесі. Оқу құралы/ Шнайдер В. А. – Нұр-Сұлтан қ.: «Тұран-Астана» унив. Баспаханасы. 2019. 126 б


у дыбысы  өзінен  кейін  жоғарыда  аталған  дыбыстардан  басқа  u, о



Pdf көрінісі
бет41/80
Дата03.02.2022
өлшемі1,25 Mb.
#24763
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   80
у дыбысы  өзінен  кейін  жоғарыда  аталған  дыбыстардан  басқа  u, о 
еріндік  дыбыстарын,  Осман  түріктері,  Қарайым  татарлары  және 
Әзірбайжан тілінде u, Ертіс-Тобыл диалектісінде созылыңқы ū мен 
индефферентті созылыңқы ī-нің де тұруын талап ете алатын дыбыс 
ретінде көріне алады. Мысалы, čуqtу (Башқұрт), zyryl (Қазақ), ğyqty 


49
 
(қазақ), ņymurdа (Лебедь диалектісі), qyγar (Қарағас), tyrnaq (якут), 
syrγa  (Қырғыз),  pyālt  (алтай),  synnyq  (Абақан),  qyindraq  (Волга), 
jyłłar (Волга), aqłłyy (Қырым) т.б. 
U  )  —  еріндік,  қысаң,  дауысты  дыбыс.  Қазіргі  қазақ  жазба 
әдеби  тілінде  бірен-саран  сөзді  ескермегенде  қолданылу  аясы 
бірінші  буынмен  шектелген.  Алайда  В.  Радлов  материалына  назар 
аударсақ,  бұл  дауысты  дыбыс  Қарағас  диалектісінен  басқа  көп 
диалектілерде  екінші,  тіпті  үшінші  буында  да  еркін  қолданылған 
және  қазір  де  қазақ  тілінде  осы  позицияларда  айтылу  қалыбын 
сақтаған  дыбыс  екенін  аңғару  қиын  емес.  Мысалы,  В.  Радлов 
материалдарында:  parlyq  (Абақан),  jołduń  (қуарық),  bułmuš 
(қарайым), sańgrau (Ертіс-Волга), ğuduruq (Қазақ тілі – «жұдұрұқ» 
сөзі) т.б. 
Біз  бір  мәселе  бойынша  ғана  ғалыммен  келісе  алмаймыз.  Ол  u 
дыбысының езулік а дыбысынан кейін қолданылу мәселесі. Ғалым 
Оңтүстік  (Қырым)  диалектілерінде  а  дыбысынан  кейін  екінші 
буында  u  тұра  алатындығына  аrmurt  сөзін  келтіріп  дәлелдеген, 
бірақ  бұл  сөз  аlтиrt  түрінде  қазақ  тілінде  де  бар  екеніне  мән 
бермеген  болса  керек.  Біздің  айтпағымыз  u  дыбысы  тек 
еріндіктерден  кейін  ғана  емес,  сирек  болса  да  қазақ  тілінде  езулік 
дауысты  дыбыстан  кейін  келіп,  жазуда  және  айтуда  да  емін-еркін 
қолданылатындығы.  Мысалы,  алмұрт,  мазмұн,  самұрық  тәрізді 
сөздер құрамында жазба тілде еркін қолданылады. 
Ü (ү) — еріндік, жіңішке дауысты дыбыс. Лабиалды атракцияға 
икемді тілдерде бірінші буында тұрса, екінші, үшінші, тіпті одан да 
кейінгі  буындарда  айтуда  өзін-өзі  талап  ете  алатын,  тартым  күші 
өте  күшті  дыбыс  ретінде  танылады.  Сонымен  қатар  Башқұрт, 
Әзірбайжан,  Алтай  тілі  және  В.  Радлов  көрсеткен  Ертіс,  Тобыл 
бойы  диалектілері,  Тараншы,  Қарағас,  Қырым  татарлары 
диалектілерінде  езулік  ä  дыбысының  алдында  да,  Тараншы  мен 
Алтай  диалектілерінде  езулік  і  дыбысының  алдында  да  тұрып 
қолданыла  алады.  Ал  ғалымның  көрсетуінше,  қазақ-қырғыз  және 
қара-қырғыз  тілдерінде  алғашқы  буында  ü  дыбысы  тұрса,  келесі 
буында  ü  не  ö  дыбыстары  айтыла  алады.  Қазіргі  қазақ  тілінде  де 
бұл қолданыс толығымен. сақталған, тек жазба тілде ғана В. Радлов 
дәуіріндегі  Қырым  татарлары  мен  алтайлықтардың  тілінде 
байқалған  ä,  і  дыбыстары  осы  күндері  ö  дыбысынан  кейін  екінші, 
үшінші  буындарда  бой  көрсетіп,  әбден  орнығып  алған.  Мысалы, 
В.Радлов бойынша XIX ғасырдағы қазақ сөздерінің айтылуы:  


50
 
1)  В.  Радловтың  «Опыт  словаря  тюркских  наречий»  сөздігінде: 
ÿнÿ (үнү), ÿlköн (үлкөн), ÿстÿндö (үстүндө), ÿстÿндöгÿ (үстүндөгү), 
öтÿрÿкшÿ (өтүрүкшү), ölтÿрÿс (өлтүрүс), 
2)  «Солтүстік  түркі  тілдерінің  фонетикасында»:  tüзüр  (түсүп), 
кüšüm (күшүм),  басқа  түркі  тілдерінде:  hürkü  (әзірбайжан),  tükürük 
(осман), küštük (қарағас), тöгÿрÿк (якут), t
ӫ
з
ӫ
р (Волга диал) т.б. 
Бүгінгі  қазақ  баласының  сөйлеу  тілінде  негізгі  осы  көрсетілген 
қалып сақталған, ал жазба тілде екінші буында  е, і жазылып, тіпті 
айтылуда да, әсіресе, кейінгі ұрпақ тілінде орнығып алған. Мысалы, 
күнде  (күндө/күнде),  бүгін  (бүгүн/бүгін),  бүлкіл  (бүлкүл/бүлкіл), 
түбіршек (түбүршөк/түбіршек), т.б.  
Қорыта  айтқанда,  қазақтың  байырғы  сөздерінің  құрамындағы 
дауысты дыбыстардың саны тоғыз болып келетіндігі соңғы жылдар 
жаңалығы  емес  екендігі  ХІХ  ғасыр  түркітанушы  ғалымдары 
еңбектерінен анық байқалады. Ал қазіргі қазақ тіліндегі 11 дауысты 
дыбыс бар деп, оның құрамына  и  мен у дыбыстарын дауысты деп 
қосып жүргенмен, олардың тек кірме сөздермен байланысты екенін 
жадымыздан  шығармауымыз  керек.  Қазақ  тілінде  бұндай  дауысты 
дыбыс  жоқ  деген  қағиданың  растығын  тек  қазақ  фонетистері  ғана 
емес,  орыс  тіл  білімінің  өкілдері  де  мойындағанын  төменде 
ұсынылған пікірден байқауға болады: «Буква и, которая пишется в 
словах  ки  «надевай»,  ти  «тронь»  и.т.д.,  фактически  состоит  из 
двух  звуков  і  +  й.  Это  доказывается  хотя  бы  присоединением  к 
этим  словам  аффиксов  и  деление  их  на  слоги:  ки+ін  >  кі+йін
«одевайся», ти+іс > ті+йіс «дотрагивайся»... Это показывает, что 
в  приведенных  словах  нет  звука  и»  /14.85/.    Дәл  осы  принцип 
дауысты  қатарында  саналып  жүрген  у  фонемасына  да  қатысты. 
Қазақтың  келу,  бару  тәрізді  сөздер  құрамында  айтылуда  ке+лүу, 
ба+рұу  тұлғаларында  үу  және  ұу  тіркесімінің  естілуінің  өзі 
дауысты дыбыс емес екендігін дәлелдейдіБұл фонема қазіргі қазақ 
тілінде орыс тілі арқылы және орыс тілінен енген сөздер құрамында 
ғана жалаң дауысты дыбыс қызметін атқарады. 
В.  Радловтың  түркі  тілдеріндегі  дауысты  дыбыстардың  сандық 
сипаты мен сапасын келесі кесте арқылы ұсынамыз. 
 
 
а  ä  е  о  ö  ө 
ӫ  у  і  ĭ  ī  ị  ü  u  ậ  ů  ạ 
Төлеуіт тілі 
+  +  -  +  +  -  -  +  +  -  -  -  + 
+  -  -  - 
Алтай тілі 
+  +  -  +  +  -  -  +  +  -  -  -  + 
+  -  -  - 
Сойон, 
+  +  -  +  +  -  -  +  +  -  -  -  + 
+  -  -  - 


51
 
Шор,  Тува, 
Бараба, 
Қуарық 
диалектілері 
Абақан 
диалектісі 
+  +  +  +  +  -  -  +  +  +  -  -  + 
+  -  -  - 
Қарағас 
диалектісі 
+  +  -  +  +  -  -  +  +  +  -  -  + 
+  -  -  - 
Қара-
қырғыз 
диалектісі 
+  +  +  +  +  -  -  +  +  -  -  -  + 
+  -  -  - 
Қазақ-
қырғыз 
диалектісі 
+  +  +  +  +  -  -  +  +  -  -  -  + 
+  -  -  - 
Осман, 
әзірбайджан 
тілі 
+  +  -  +  +  -  -  +  +  -  -  -  + 
+  -  -  - 
Қырым 
татарларын
ың тілі 
+  +  -  +  +  -  -  +  +  -  -  -  + 
+  -  -  - 
Тараншы 
диалектісі 
+  +  +  +  +  -  -  -  +  -  -  -  + 
+  -  +  - 
Ертіс-
Тобыл 
диалектісі 
+  +  -  -  -  +  +  +  +  -  -  +  + 
+  +  -  + 
Башқұрт 
тілі 
+  +  -  -  -  -  -  +  +  +  -  +  + 
+  -  -  - 
 
Дауыстылардың  өсу  сатысына  қарай  В.  Радлов  зерттеген  түркі 
тілдерін төмендегідей тізуге болады: Төлеут және Алтай тілдерінде, 
Сойон.  Шор  Тува,  Бараба,  Куарық  диалектілерінде  -  8,  Осман, 
әзірбайжан  тілдерінде  -  8,  Қырым  татарлары  тілінде  -  8,  Казақ-
қырғыз,  Қара-қырғыз,  Башқұрт  тілдерінде,  Карағас  және  Тараншы 
диалектілерінде  -  9,  Абақан  диалектісінде  -  10,  Ертіс-Тобыл 
диалектісінде 11 дауысты дыбыс бар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет