Ш 72 Түркі тілдерінің вокализм жүйесі. Оқу құралы/ Шнайдер В. А. – Нұр-Сұлтан қ.: «Тұран-Астана» унив. Баспаханасы. 2019. 126 б


тікі: бала-нікі, адам-дікі, Асқар- дікі.  - Көмектес септігінің -мен, -бен, -пен



Pdf көрінісі
бет53/80
Дата03.02.2022
өлшемі1,25 Mb.
#24763
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   80
тікібала-нікі, адам-дікі, Асқар- дікі. 
- Көмектес септігінің -мен, -бен, -пен жалғаулары. 
- Эмоциялық реңк мәнін үстеуші жұрнақтар: 
-еке:  ат(а)-еке,  ат(а)-еке,  шеш(е)-еке,  бас-еке,  бас-еке,  Тас-  
еке; 
-жан: ата-жан, көке-жан, бала-жан, Сәуле-жан; 
-тай: көке-тай, кенже-тай, ерке- ай. 
2) Кірме қосымшалар. 
-бан: мейір-бан; 
-гер: калам-гер, майдан-гер, сауда-гер; 
-дар:  есеп-дар,    білім-дар,  хабар-дар,  қарыз-дар,  хабар-дар, 
арыз-дар, жарадар, гүл-дар; 
-кент: құм-кент, Таш-кент; 
-кар: кінә-кар, күнә.-кар; 
-кер,- гер: айла-кер, дау-гер, қалам-гер, сәулет-кер, сауда-гер, 
майдан-гер, іс-кер, кызмет-кер; 
-кеш: арба-кеш, түйе-кеш, кіре-кеш; 
-қой, гөй: ақыл-гөй, бата-гәй, дәме-гөй, жәді-гөй; 
-күнем: мас-күнем, пайда-күнем, қас-күнем; 
-ғой: зіл-ғой, жанжал-ғой, даңқ-қой; 
-қор:  жем-қор,  бәле-қор,  еңбек-қор,  дүние-қор,  есеп-қор, 
мансап-қор, қам-қор; 
-мар: тіл-мар, діл-мар; 
-маш: тіл-маш; 
-паз: өнер-паз, әсем-паз, білім-паз, келісім-паз, ас-паз; 
-стан: гүл-стан, Өзбек-стан, Тәжік-стан, Түркмен-стан; 
-тал: сезім-тал, төзім-тал, өсім-тал; 
-уар: сөз-уар, тіл-уар, қонақ-уар, қазақ-уар; 
-хана: кітап-хана, дәм-хана, ем-хана, сүт-хана»  /29,126/. 
Бұл  қосымшалар  қатарына  парсы  тілінен  енген  қазіргі  қазақ 
тілінде  бірен-саран  жағдайда  болса  да  кездесетін  бей/би  тәрізді 
префикстерді де жатқызуға болады. Мысалы, бейуақыт, бисаясат, 
беймаза,  беймарал,  бишара.  Профессор  С.  Мырзабековтың 
айтуынша: «бұл қосымшалардың көбі басқа тілдерден енген немесе 
өлі  қосымшаға  айналып  болмаған  (сөз  бен  косымшаның 
аралығындағы) тілдік элементтер деуге болады» /29,127/. 
Көрсетілген  қазақ  тілінің  ішкі  фонетикалық  заңдылықтарына 
бағынбайтын  кірме  қосымшалармен  қатар  тілдің  даму  барысында 


72
 
тіл үндестігі заңына икемделіп қазақ әдеби тілінде тұрақтаған кірме 
жұрнақтар  да  бар.  Олардың  қатарына  парсы  тілінен  енген  -ман/  -
мен  есім  сөз  тудырушы  жұрнағын  жатқызуға  болады.  Мысалы, 
оқыр-ман, көрер-мен, шабар-ман. 
Сонымен сингармонизм жалпы түркі тіліне тән басты ерекшелік. 
Ол  тіл  ішінде  болатын  дауыстылар  мен  дауыссыздардың 
артикуляцияға  бейімді  қалыпта  айтылуын  қамтамасыз  ететін 
күрделі  дыбыстық  түрлену  кешенін  қамтитын  құбылыс  іспетті. 
Сингармонизм  артикуляция  жағынан  барынша  жақын  болып 
келетін  дыбыстар  жігін  құрап,  тілдегі  болатын  сөзжасамдық  және 
тұлғажасамдық,  яғни  жаңадан  қалыптасқан  элементтердің 
бұрыннан  бар  сөз  элементтерімен  қиюластырып,  үндеспе  тұлғаға 
айналдыруда ең маңызды құбылыс болып табылады. 
Түркі  тілдерінде  түбір  (негіз)  үнемі  тұрақты  фонетикалық 
(дыбыстық)  құранды  болып  келеді  де,  оған  жалғанатын 
қосымшалар  түбірдегі  дыбыстық  құрамға  сай  үндесу  нәтижесінде 
варианттылыққа  ие  болады.  Бұлай  болып  келу  де  сингармонизм 
заңы әрекетінің салдары. Мысалы, орыс тілінде сөздің көптік мәні 
сөз  түбіріне  -ы,  -и,  -е,  -а  тағы  басқа  жуанды  жіңішкелі  жалғаулар 
арқылы  берілгенмен  де,  сингармонизм  салдарынан  қалыптасқан 
варианттар деп әсте қарауға болмайды. Бұл қосымшалардың жуаны 
жуан сөзге, жіңішкесі жіңішке сөзге жалғану жүйесін үнемі сақтап 
тұрмайды.  Оны  вода,  воды,  воде,  железо-железы,  книга-книги 
деген  сөздерде  қосымшаның  түрленуі  таза  род  категориясымен 
және падеж ерекшелігіне байланысты қалыптасқан варианттар деп 
қана түсіндірсе, қазақ тілінде көптік мән беруде  - лар, -лер, -дар, -
дер, -тар, -тер (-лөр, -дөр, төр) болып тоғыз түрлі нұсқалы болуы 
үндестік  заңы  көлеміндегі  ассимиляция,  яғни  дыбыс  үндестігінің 
басты  үш  заңына,  буын  үндестігінің  палаталь  және  лабиалды 
үндесу  заңдылықтарына  негізделіп,  сол  заңға  тәуелді  болып 
калыптасты деп анық айта аламыз. Міне, осы арқылы сөз түбірінің 
өзіндік  тәуелсіз  тұлға,  ал  қосымшаның  сол  түбірге  бағынышты 
(тәуелді)  тұлға  екенін  дәлелдеуге  де  болады.  Ауытқу  тек  бірен-
саран  кірме  қосымшалар  мен  кейбір  түркі  негізді  қосымшаларда 
ғана  бар.  Басқа  сөзбен  айтқанда,  «түбір,  я  негіздегі  дауысты  және 
соңғы тұрған дауыссыз дыбыс қосымша буындарға, қосымшаларға 
үндестік заңы тұрғысынан әсер етеді»
Бұл  мәселені  толық  зерттеген  В.В.  Радлов  негізгі  түбір  мен 
қосымшаның  бейімділігін  үш  түрғыдан  талдаған.  Яғни,  түбір  мен 


73
 
қосымша,  түбір  мен  түбір  және  түбір  мен  кірме  қосымшалар 
арасындағы сөзжасамдық ерекшеліктер (Радлов қолданған термин). 
Біздіңше,  сөз  тұлғасын  құрау,  тұлға  тудыру  мағынасында  болса 
керек.  
Ғалым  талдаған  үшінші  қосымшалар  түрі  аффикстер  деп 
аталады. «Аффикстер өздеріне тән дауыстыларға қатысты екі топқа 
бөлінеді:  ашық  дауысты  дыбысы  бар  аффикстер  және  қысаң 
дауысты  дыбысы  бар  аффикстер»  /11,28/.  Бұндай  бөлу  өте  қажет 
болып  табылады,  өйткені  біз  байқаған  аффикстерде  дауысты 
дыбыстардың өзгеруі бұл дауыстылар тобының шеңберінде айқын 
байқалады. 
Қазіргі қазақ тілінде де аффикстерді осы екі үлкен топқа бөліп 
қарастыруға болады. Олар: 
1)  құрамында  ашық  дауысты  дыбысы  бар  аффикстер:  -лар 
көптік  сан  мөлшер  категориясының  жалғауы  және  оның  үндестік 
заңына үйлесіп келетін нұсқалары, барыс септігінің -ға, -ге, -қа, -ке, 
-на, -не, -а, -е, жатыс септігінің  -да, -де, -та, -те, -нда, -нде, шығыс 
септігінің  -нан,  -нен  жалғаулары  және  оның  нұсқалары,  көмектес 
септігінің  -мен,  -бен,  -пен  жалғаулары  және  тағы  басқа  да  сөз 
түрлендіруші, сөз тудырушы жұрнақтары, етістіктің функционалды 
тұлғаларын жатқызуға болады. Мысалы, -ған, -ген, көсемшенің -а, -
е, т.б. жұрнақтар. 
2)  Құрамында қысаң дауысты дыбысы бар қосымшалар. Бұған 
ілік  септігі  мен  табыс  септігінің  жалғауларын,  тәуелдеу 
категориясының  жалғаулары  мен  -нікі,  -дікі,  -тікі  қосымшасын, 
жақ,  етіс  категорияларының,  сол  сияқты  көсемшенің  тұлғаларын 
жатқызуға  болады.  Мысалы,  көсемшенің  -ып,  -іп,  етіс 
категориясының  -ын,  -ін,  -ыс,  -іс  т.б.  тұлғалары.  Бұл  қосымша 
түріне сөз тудырушы жұрнақтардың да көпшілігі жатады.  
В.  Радлов  та  аталған  қосымша  түрін  сипаттауда  келесі 
мысалдарды  қамтыған:  «Ашық  дауысты  дыбысты  аффикстер. 
Көптік  жалғау  -łаr,  Барыс  септігі  -qа,  жатыс  септігі  -dа,  шығыс 
септігі  -dап,  бұйыру  қосымшасы  -čа,  салыстырмалы  шырай 
қосымшасы  -rаq,  есімше  тудырушы  -šаr,  аr,  үстеу  тудырушы  -łа, 
есімше  қосымшалары  -qап,  аr,  ğап,  аttап,  qаłаq,  qаč,  етістік 
қосымшалары  -qaz,  та,  â1,  qаłа.  Бұдан  басқа  көптеген  атау  және 
етістік тудыратын қосымшалар. Сол сияқты кейбір көмекші сөздер. 
Мысалы,  сұраулық  ва,  та  шылаулары  және  tа-tа,  та-та 
шылаулары. 


74
 
Алғашқы  дыбысы  ашық  болып  келетін  қысаң  дифтонгті  
қосымшалар. Үстеу тудырушы - dаі, бұйыру жұрнақтары - аіт, аіп, 
аі, аіq және тағы басқасы. 
Лабиалды дифтонгті аффикстер. Жинақтау сан есім жасаушы -
аи аффиксі. 
Жоғарыда  көрсетілген  аффикстердің  сөз  түбіріне  жалғану 
барысында  дауысты  дыбыстарының  үндесуі  қатаң  түрде  дауысты 
дыбыстардың  үндесу  заңына  негізделген.  Атап  айтсақ,  кейбір 
диалектілердің құрамында дауыстылар заңдылығы талап ететіндей 
аффикстегі  ашық  дауысты  дыбыс  түбірдің  соңғы  дыбысының 
палаталь не лабиал атракциясына бағынады. Ашық дауыстылардың 
қосымша  құрамында  өзгеруін  бақылауда  біз  үшін  негіз  ретінде 
«Фонетиканың»  35,  38  тарауларында  әңгімеленіп  кеткен 
заңдылықтарды басшылыққа алуымыз керек. 
Егер  түбірдің  соңғы  дауысты  дыбысы  ашық  болса,  онда  біз 
үшін негізгі өлшем 35 тарау болып табылады. 
а) Ашық лабиалды дауысты дыбыстан кейін дәл сондай дауысты 
дыбыс қолданылатын диалектілер. 
Бұнда  аффикстер  құрамындағы  дауыстылар  төрт  түрлі 
өзгешелікпен бағынуы тиіс: а, о, ä, ö. Мысалы, Алтай тілінде. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет