Ш 72 Түркі тілдерінің вокализм жүйесі. Оқу құралы/ Шнайдер В. А. – Нұр-Сұлтан қ.: «Тұран-Астана» унив. Баспаханасы. 2019. 126 б



Pdf көрінісі
бет51/80
Дата03.02.2022
өлшемі1,25 Mb.
#24763
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   80
қосымша  буын  немесе  буын  тұлғалары  деген  атаумен 
белгілеген.  Бұл  қосымша  буындар  негізгі  түбір  буынмен  не  өте 
күшті,  не  әлсіз  байланыста  болады.  Осыны  ескерген  В.  Радлов 
қосымша  буынның  жалғану  ерекшелігінің  үш  түрін  айқындап 
көрсетеді: 
«1.  Қосымша  буын  түбір  сөзбен  тығыз  байланыспай  жай  ғана 
тіркеседі, яғни ешбір үндесусіз. Өзінің байланысуы кезінде тек жай 
жанында  тұрады,  бұндай  түбірге  жалғанатын  қосымшаларды  мен 
«аппозита» деп атадым.  
2.  Қосымшалар  өзгеріп,  біршама  бұрмаланып  не  өз  дауысты 
дыбыстық  дербестігін  жоғалтады,  бірақ  түбірге  толық  сіңіп 
кетпейді.  Бұндай  қосымша  буындарды  мен  «сүйенбелі»  буындар 
немесе «энклитика» деп атадым. 
3.  Қосымша  буын  түбірге  толық  үндесіп  кетеді.  Бұндай 
қосымша  буынды  мен  «аффикс»  деп  атадым»  –  дейді  ғалым. 
В. Радлов жалпы түркі тілдері агглюнативті тілдер екенін еске  ала 
отырып түбір мен қосымша арасындағы фонетикалық байланысты 
екі  тұрғыдан  ажыратқан,  яғни,  түбір  мен  қосымшаның  өзара  не 
күшті,  не  әлсіз  болуына  байланысты  қараған.  Осыған  байланысты 
қосымшалардың  түбірге  үндесуі  екі  тұрғыдан  қарастырылады: 
1) Ешбір  үндесусіз  жай  ғана  тіркесіп,  өзінің  дербестігін  толық  сақтап      


68
 
қалған  қосымшалар.  Бұл  қосымшаларды  ғалым  «аппозита»  деген 
терминмен атап, негізінен кірме сөздермен байланыстыра қарайды. 
2)  Біршама  түбір  әуеніне  көндігіп,  өзінің  дербестігін  жоғалтқан, 
бірақ  түбірге  толық  сіңбей,  ажыратуға  келетін  қосымшалар. 
Бұл қосымшаларды  ғалым  «энклитика»,  яғни  «сүйенбелі» 
қосымшалар деп атаған. Мысал ретінде: аlγап-оq, t
ӫ
škäп-ük, torgап-
üq, pirgän-ők тәрізді сөздерді келтіріп,  -оq, -ük, -иq,  -ők тұлғалары 
түбірдегі дауысты дыбыстың ерекшелігіне байланысты бейімделіп 
төрт вариантты болып келуімен қатар, толық үндестіктің жоқтығын 
да  байқата  алады.  Ғалымның  пайымдауынша,  көрсетілген  төрт 
нұсқа  таза  палатальды  үндесу,  ал  лабиалдық  үндесуі  жағынан 
ауытқу  бар.  Атап  айтсақ,  түбірлердің  соңғы  дыбысы  езулік 
болғанына қарамастан қосымшалар дербес еріндік қалпын сақтаған. 
Қорыта  айтқанда,  энклитика  деп  тіл  үндесуі  жағынан  үйлесіп 
келетін, бірақ еріндік жағынан езулік-еріндік болып келіп, түбірмен 
үйлеспей, жартылай дербестігін сақтаған қосымшаларды айтамыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет