Ш. Х. Курманалина, С. М. Бахишева



Pdf көрінісі
бет12/93
Дата13.12.2022
өлшемі1,08 Mb.
#56897
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   93
Менеджмент (ағылшын тілінен аударғандаto manage, management – 
басқару, manager- басқарушы, басшы,латын тілінен аударғанда manus-қол).
Менеджментке байланысты пікірлердің негізінде ұғымға анықтама 
беруге болады. Менеджмент ұғымын ғылыми тұрғыдан тұжырымдайтын 
болсақ: басқару туралы ғылым; адамдардың қызметіне кəсіби басшылық 
жасау түрі;басқару еңбегімен айналысатын адамдар тобы; зияткерлік, 
материалдық, қаржылық ресурстар жүзеге асыратын ғылым, өнер, іс əрекет; 
басқаруды жүзеге асыратын білім саласы; қазіргі қоғамың саясатына, өмір 
сүру салтына, кəсіпкерлікке ықпал ететін əлеуметтік- экономикалық 
институт; басқару саласының ұйымдастыру, əлеуметтік-техникалық 
аспектілерін оқытатын ғылыми пəн; адамдардың еңбегін, зияткерлік 
дағдыларын, ынталарын қолдана отырып, белгіленген мақсатқа жету 
іскерлігі; ұйымды əлеуметтік басқару; ұйым деңгейінде басшылықтың 
қызметкерлерді басқаруынан тұратын қызмет түрі мен функциялары; 
адамдармен қарым-қатынасқа түсу тəсілдері мен өнерін меңгеру, ерекше 
əкімшілік дағды мен іскерліктер жүйесі; адамдар еңбегін жеделдету


14
адамдармен қызметте нəзік (филигранды жұмыс) басқару; басқарудың адамға 
бағытталуы;басқарудағы көшбасшылық. 
Менеджменттік басқару – ұйымның даму жоспарын жүзеге асыруға 
бағытталған еңбек өнімділігіне ықпал ететін, ұйымды тұрақты басқару 
жүйесін құруды қамтамасыз ететін жəне басшылықтың, қызметкерлердің 
қызмет етуіне қолайлы ортаны құру арқылы өзара ынтымақтасуы жəне алға 
қойған мақсатқа бірігіп əрекет ету арқылы тиімді жету негізіндегі басқару. 
Ю.А. Конаржевский менеджментті басқарудың жаңа философиясы 
ретінде қарастырып, əкімшілік-бұйрықтық жүйе емес, басқарудың жұмсақ 
жүйесі, 
жетістік 
формуласы 
тұрғысында 
анықтама 
береді. [8] 
Психологиялық-педагогикалық сөздікте: «Педагогикалық менеджмент- 
басқару өнері, яғни басқарудың принциптерінің, əдістерінің, құралдарының 
жəне 
формаларының 
жиынтығы; 
оқу-тəрбие 
жəне 
оқу-танымдық 
процестердің пəрменділігін арттыруға бағытталған, оны басқарудың 
принциптерінің, əдістерінің, ұйымдастырушылық формаларының жəне 
техникалық тəсілдерінің комплексі»- деп анықтама береді. [9] 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   93




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет