Ш. Х. Курманалина, С. М. Бахишева


Классикалық- əкімшілік басқару концепциясы



Pdf көрінісі
бет9/93
Дата13.12.2022
өлшемі1,08 Mb.
#56897
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   93
Классикалық- əкімшілік басқару концепциясы, ұйымды басқарудың 
жалпы мəселелері мен принциптерін жасауға бағытталды. Оның көрнекті 
өкілі «ғылыми менеджменттің атасы» Анри Файоль (1841 - 1925 жж.) — 
француздың тау-кен инженері, менеджмент теоретигі. Файоль теориясы 
бойынша басқару жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау функцияларынан 
тұратын үрдіс. [5] Сондай-ақ ол басқарудың 14 принципін ұсынды: еңбекті 
бөлу, билік жəне жауапкершілік; бір басшылықтың болуы; тəртіптілік, 
марапаттау; басқарудың орталықтан жүргізілу; иерархия, тəртіп; əрекет 
бірлігі; ұйым қызығушылықтарын жоғары қою; əділеттілік; жұмысшылардың 
тұрақтылығы; инициатива; корпоротивті рух; жұмысшылардың бірлігі, 
татулығы, үйлесімділік, күштің бірлігі.[6] Г. Эмерсон «Өнімділіктің он екі 
принципі» (1911) атты еңбегінде өнеркəсіпті басқарудың принциптерін 
құрастырып, ұсынады. Оның көзқарасы бойынша еңбек игілікті болуы керек. 
Адамдық қатынастар концепциясы, адам ресурстарын көтеру, 
адамды ынталандыру, топтың жеке адамға ықпалы, əлеуметтік əсер етуге 
негізделеді.
Джордж 
Элтон 
Мэйо ( 1880-1949) —американдық 
психолог, 
өнеркəсіп басқаруды зерттеуші, менеджменттегі «адамдық қатынастар 
мектебінің» негізін салушы. Мэйо концепциясының негізгі қағидалары: 
топтық 
тəртіпке 
бағытталу, 
бағыныштылық 
пен 
бюрократиялық 
ұйымдастыру адамның табиғаты мен оның еркіндігімен үйлеспейді, 
басшылар өнімдерге емес, адамдарға назар аударуы керек. Э.Майо 
өнеркəсіптегі əлеуметтік құрылым мəнін анықтап берді. Американдық 
психолог, ізгілендіру психологиясының негізін салушы Абрахам Маслоу 
(1908-1970ж) қажеттілік пирамидасы моделін ұсынды. А. Маслоу 
тұжырымдамасы бойынша адам əрекетіне ықпал ететін оның қажеттіліктері 
дейді, яғни еңбек өнімділігі жұмысшының жалақысын көтеруден емес, оған 
деген басшылықтың, əріптестердің, жалпы ұжымның қарым-қатынасынан 
артады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   93




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет