Ш. Х. Курманалина, С. М. Бахишева



Pdf көрінісі
бет44/93
Дата13.12.2022
өлшемі1,08 Mb.
#56897
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   93
Джон Аткинсон табыстылық қажеттілігін сəтсіздікке жол бермеу 
қажеттілігімен бірлестікте қарастырады. Американ психологы Клейтон 
ПолАльдерфердің қажеттілік теориясының мазмұны: өмір сүру қажеттілігі, 
басқа адамдармен байланыс қажеттілігі, өсу, даму қажеттілігі; Американдық 
əлеуметтік психолог, еңбек мəселелерінің маманы Фредерик Герцбергтің 
екі факторлы ынталандыру теориясы 1959 жылы əзірленді. Гигиеналық 
фактор жұмыс орындалатын сыртқы ортамен байланысты, ынталандыру 
факторы жұмыстың сипатына байланысты. Гигиеналық фактор-денсаулыққа 
қолдау көрсетуге көмектесетін, алғашқы қызмет ететін, жұмыстың орындау 
ортасына байланысты жүзеге асырылатын фактор. Олар: əкімшіліктің 
саясаты, еңбектің қауіпсіздігі, еңбекті орындауға жағдайдың жасалуы, жылу 
мен жарықтың дұрыс берілуі, жұмыс кестесі, еңбекақы жəне əлеуметтік 
статус, мереке күндеріне еңбекақыны сақтау, ауырған күндерге еңбекақыны 
сақтау, денсаулық сақтау, əлеуметтік қамтуға байланысты іс шаралар өткізу, 
əріптестермен жəне əкімшілікпен байланыс, жұмысқа тікелей бақылау жасау 
деңгейі. Ынталандыру факторы - қызмет түрінің өзіне, оның сипатына 
байланысты,ол адамды жұмысты жақсы орындауға жəне жұмысты 
орындауда қанағаттану деңгейін көтеруге ықпал ететін, кəсіби өсу 
қажеттілігін қарастыратын фактор. Олар: жетістік, іс əрекеттің мазмұнының 
қызықтығы, кəсіби жəне шығармашылық өсу, қызмет көрсету жағдайы, 
орны, жауапкершіліктің жоғары деңгейі, қоғамдық тану, қызмет нəтижелерін 
қолдау, қызметте көтерілу.Ричард Хакман мен Грегор Олдхемнің жұмыс 
сипаты теориясы - жұмысқа ынталандыруды өлшеудің 5 сипатын ұсынды: 
жұмыстың əртүрлілігі, жұмыстың аяқталу нəтижесі, жұмыстың мəнділігі, 
автономдығы (жекелігі), жұмыстың кері байланысы. Оның алғашқы үшеуі 
жұмыстың маңыздылығының өлшемі, ал соңғылары жауапкершілік сезімі 
мен нəтижелілік өлшемі болып табылады. Американдық психолог В.Врум 
1964 ж. өзінің "Жұмыс жəне Шабыт" еңбегінде «Үміт теориясын» ұсынады– 
жағдайға негізделеді, белсенділік қажеттілігінің болуы ынталандыру көзі 
ғана емес, адам дұрыс мінез-құлық типін таңдау арқылы да қанағаттандыруға 
болатынына үміттенуі тиіс. Портер-Лоулердың əділеттілік теориясын 1968 
ж. Лайман Портер мен Эдвард Лоулер ұсынды. Бұл теория бойынша адамның 
қол жеткізген жетістігі оның жұмыс барысындағы күш салуынан, оның 
сипатының ерекшелігіне жəне өзінің еңбек ету барысындағы рөлін сезінуге 


52
байланысты. Дуглас МакГрегордың «X» жəне «Y» теориясы- ол адамды 
ынталандырудың екі қарсы жағын қарастыратын теория. «X» теориясы- 
көпшілік адамдар басшылықтың қысымынан қорыққандықтан, немесе ақша 
үшін жұмыс істейді, жауапсыздық басым: адамдар еңбек етуден қашады, кез 
келген жағдайда тыс қалуға, жалтаруға тырысады, адамдар өздеріне 
басшылық жасағанды қалайды т.б. Осы ерекшеліктерді негізге ала отырып 
басшы билік мүмкіндіктерін кеңейтеді, басқарудың авторитарлы стилін 
қолданады.Егер менеджмент осы тəсілді негізге алса, онда ол қазіргі 
талаптарға сəйкес келмеген болатын еді, осы мəселеге байланысты «Y» 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   93




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет