Ш. Х. Курманалина, С. М. Бахишева


Білім беру саласы менеджері қызметінің жүйелік-функционалды



Pdf көрінісі
бет66/93
Дата13.12.2022
өлшемі1,08 Mb.
#56897
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   93
 
Білім беру саласы менеджері қызметінің жүйелік-функционалды 
моделі. Мектеп басқару жалпы басқарушылық идеялардың дамуымен 
байланысты. Мектеп басқарудағы көшбасшылықты білім беру мекемесі 
басшысының басқарушылық қызметі, ауыспалы қоғам жағдайында мектеп 
басшысының тиімді басқару құзыреттілігі жəне мектептегі жүйелік 
өзгерістерге байланысты көшбасшылықтың технологиялық, əдістемелік 
аспектілері ретінде түсіндіруге болады. Білім берудегі көшбасшыларды 
шығару механизмі жайлы Е.Н. Зайцев, Т. М. Баймолдаев, Н.С. Жеребовтың 
зерттеулері бар. Көшбасшының іс-əрекеті бір-бірімен өзара байланысты 
құрылымдық компоненттерден тұрады: іс-əрекет бағдарламасын негіздеу
ұсыну, мақсаттылық, адамдарды ортақ мақсатқа жұмылдыру, орта мен 
адамдар арасындағы байланыстарды анықтау. Өзара біріккен ұйымды құру- 
мектеп көшбасшының қалыптастырудың жүйесі болып табылады. Басқару 
стратегиялары жұмысты жақсартудың жаңа жолдарын, ресурстарын іздеуді, 
көшбасшының мүмкіндіктерін тиімді қолдануды жəне оның қызметінің үздік 
жолдарын таңдауды жүзеге асырады, ол үшін білім беру ұйымын 
басқарушыны көшбасшылыққа дайындаудың жүйелік-функционалды моделін 
жүзеге асыру керек. Еліміздегі салыстырмалы педагогика ғылымының негізін 
салушы ғалым А. Құсайынов білім беру сапасының дүниежүзілік табеліне 
талдау жасай отырып, жүйені басқару сабақтастығының маңыздылығын бөліп 
қарастырады, жүйе көшбасшылары жүйені басқару сабақтастығын қамтамасыз 
етуі керектігін, жүйе шегінде көшбасшылардың жаңа буынын дайындай алған 
жүйелер басшылық сабақтастығына мысал бола алатынын айтып
шетелдердегі мектеп жүйелеріне, ондағы басшылық стилдеріне салыстырмалы 
талдау жасайды. [35,77].Білім беру ұйымын басқарушыны көшбасшылыққа 
дайындаудың жүйелік-функционалды моделі мазмұнын көшбасшылық 
құзыреттіліктерді, оқу-əдістемелік қолдауды, басқарушылық-педагогикалық 
кеңес беру, жобалау, инновациялық қызмет құрайды. Білім беру ұйымын 
басқарушыны көшбасшылыққа дайындаудың жүйелік-функционалды моделі 
бірнеше бөліктерден тұрады: мақсат, жағдай, үрдіс, нəтиже: 
- Мақсат көшбасшылықты жүзеге асыру үшін білім беру ұйымының 
басшысынан мақсатты белгілеуді ашып қарастырады. 
- Жағдай, білім беру ұйымы басшысының кəсіби құзыреттілік деңгейіне, 
дайындаудың қағидаттарына, оның біліктілігін көтеруге мемлекет пен қоғам 
тарапынан қойылатын талаптар мен сұранысты қарастырады. 
- Үрдіс, көшбасшылық құзыреттіліктерінің құрылымдық негізінде, оқу-
əдістемелік қолдау, басқарушылық-педагогикалық кеңес беру негіздерінде 


94
жалпы мазмұны мен технологияларды жасауды біріктіреді. 
- Нəтиже, «білім беру өнімдерін жобалау», «кəсіби жеке жетістіктер», 
«білім беру ұйымының инновациялық білім беру қызметі» т.б. бағыттарында 
дайындау үрдісінің тиімділігін көрсетеді. 
Білім беру саласы менеджері қызметінің жүйелік-функционалды моделінің 
тиімділігінің критерииі көшбасшылық құзыреттіліктеріне (когнитивті, қызмет, 
əлеуметтік, интербелсенді құзыреттіліктер) сай келеді жəне білім беру 
мекемесі басшыларының көшбасшылықты жүзеге асыру барысында кəсіби 
құзыреттілігінің даму деңгейін анықтауға шақырады. Білім беру мекемесі 
жетекшісін басшылықты жүзеге асыруға дайындау процесінің нəтижелерінің 
критералды мəндері оның қызметінің болжамды тиімділігіне бағытталған жəне 
«білім беру өнімдерін жобалау», «кəсіби-жеке жетістіктер», «білім беру 
мекемесінің инновациялық білім беру қызметі» позицияларын қамтиды. [34]
Көшбасшылық құбылысын дамытудың жəне нығайтудың жетекші 
компоненттері - көшбасшы тұлғаның құзыреттілігінің ресурстары - 
стратегиялық, əлеуметтік, тапсырмалық, басқарушылық, стратегиялық ойлау 
қабілеті жəне көшбасшылардың мектепті дамытудың тұрақты нəтижелерін 
алдын ала көре білу функциясын орындау қабілеті, көшбасшылық 
жетістіктеріне баға беру жүйесі, көшбасшылықты меңгерудің сыртқы 
ресурстарын дамыту, мектеп ішілік басқару командаларының жеке-тұлғалық 
өсулері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   93




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет