Ш. Х. Курманалина, С. М. Бахишева


Білім беру саласы менеджерінің көшбасшылық сапалары



Pdf көрінісі
бет63/93
Дата13.12.2022
өлшемі1,08 Mb.
#56897
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   93
Білім беру саласы менеджерінің көшбасшылық сапалары. Менеджер 
(ағылш. manager – басқарушы) басқарушылық қызметті жүзеге асыратын жəне 
басқарушылық міндеттерді шешетін адам. Ли Якокка менеджерлер жұмысын 
ұйымдастыру туралы тəжірибелік кеңестер береді. Лидо Энтони Ли Якокка 
американдық менеджер, АҚШ іскерлік əлемінің атақты өкілі, бірнеше 
еңбектердің («Менеджер мансабы», «Барлық лидерлер қайда кеткен?») авторы, 
«Ford» компаниясының президенті болған жəне «Chrysler» корпорациясын 
құлдыраудан алып шығып, 1995 жылға дейін оны басқарған шебер менеджер. 
Ли Якокка өз еңбегінде менеджерлер жұмысын ұйымдастыруды негіздей 
отырып, менеджерлерге мынадай кеңес береді: 

Кез-келген маңызды шешімнің кем дегенде екі нұсқасы болуы керек. 

Тиісті шешімді қабылдау үшін ақпараттың 100% -ын жинау ешқашан 
мүмкін емес, оған байланысты кейде тəуекелдерді қабылдау қажет. 

Жүргізілетін талдаулар дəлелдерге негізделсін; 


90

Ұсынылатын шешім қысқа да нұсқа болсын; 

Адамдарды жігерлі қызметке тартуға ынталандырудың негізгі жəне 
жалғыз тəсілі - олармен қарым-қатынас жасау. 

Табысты менеджер тек командада жұмыс істеуге жəне сөйлесуге, 
тыңдауға қабілетті болуы керек. 

Айналаңа қабілетті адамдарды топтастырып, олардың қабілеттеріне 
сүйен; 

Адамдардың жеке жұмыс істеуіне мүмкіндік беру керек; 

Ұйымды алға жылжытудың басты тəсілі- адамдарды ынталандыру; 

Жетістікке тек еңбек арқылы ғана жетуге болатынын есіңе сақта! Бұл 
оңай емес, бірақ сен тыным таппай еңбек ететін болсаң, неге тырысатын 
болсаң еркін қоғамда барлығына қол жеткізуге болатынына таң қаласың. 
Əрине жаратушыға барлығы үшін разы бол.» [32]
Г. Минцберг ұйымдағы менеджердің мынадай рөлдерін бөліп қарайды: 
көшбасшы, байланыстырушы арна, ақпарат қаблдаушы, таратушы, 
ресурстарды бөлуші, келіссөз жүргізуші, қақтығыстарды жоюшы. Барлық 
менеджерлерге тəн ортақ қызмет міндеттері: ұйымның мақсатын орындауды 
ойластырады, 
жүзеге 
асырылуын 
қамтамасыз 
етеді, 
жұмыстарды 
қызметкерлерге бөледі, басқару командаларын құрады, қызметкерлермен 
жақсы, тиімді қарым-қатынас жасайды, ұйымның қызметіне талдау жасайды
табыс критериилерін анықтайды, адамдардың жұмысына баға береді, 
қызметкерлердің еңбегіне қарай мансаптарының өсуін қамтамасыз етеді. Л. Н 
Павлова қазіргі менеджерге тəн сипаттарды былайша қарастырады: 
стратегиялық ойлау, халықаралық бəсекелестік ортасында бағдарының болуы, 
компьютерлік сауаттылық, қазіргі технологиялар туралы білімнің болуы, 
жаңашылдық, жеке көшбасшылық. [7, 16] И. Герчикова менеджер шешім 
қабылдау билігіне ие, басқарушы екенін айтып, оларға қойылатын талаптарды 
жіктейді: олар:басқару бағытындағы білімінің болуы; басқару қызметі 
саласында құзыретті болу; əкімшілік қана емес, жағдайды алдын-ала көре білу; 
өзінен төмен тұратын басшылар, қызметкерлермен келісе отырып шешім 
қабылдау білу; жағдайға талдау жасай білу; адамдарды басқара білу.[5, 22]
Басқарушы менеджерлердің негізгі іс əрекет түрлері: ұйымның негізгі 
қызметін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді; ұйым ішіндегі жекелеме іс əрекет 
түрлерін жобалайды, белгілейді; ұйым үшін стратегияларды əзірлейді; 
мекеменің мүдделеріне қызмет етуді қамтамасыз етеді; менеджерлер ұйым мен 
қоршаған орта арасындағы негізгі ақпараттық байланыс болып табылады; олар 
ұйымның нəтижелеріне ресми тұрғыдан жауап береді; басшылар ресми түрде 
салтанатты шараларды ұйымдастырады;[29, 32].
Қазіргі мектеп менеджерлеріне қажетті дағдылар мен іскерлік 
сапалар:өзін-өзі меңгере алу; өзінің жеке айқын, шынайы жоспарларының 
болуы, жеке басының жағымды қасиеттері; басқару саласында өз біліміні 
жетілдіріп отыру; келелі мəселелері көре білу, шеше білу; əр мəселеге 
жаңашылдық тұрғысынан келу; басқарудың ұстанымдарын басқару ісінде 
басшылыққа алу, басқару əдіс-тəсілдерін білу, жаңа жағдайға сай жетілдіріп 


91
отыру; қызметкерлерге ықпал ете алу, оларды оң істерге бағыттау; команданы 
құру, оларды жұмысқа бағыттау, баулу; жұмысқа деген ынталылық, жігерлілік 
пен белсенділік; 
Мектеп көшбасшылары мұғалімдерді шешім қабылдауға қатыстырып, 
мектептің дамуын басқаруға мүмкіндік береді: мұғалімдерге жауапкершілікті 
алу, шешім қабылдау құқығын бөлу, мұғалімдер ұжымы пікірін назарға алу 
т.б. [33,43] Мектеп менеджері негізгі мынадай рөлді атқарады: шешім 
қабылдау, шешімді жүзеге асыруды ұйымдастыру, сыртық жəне іскі орта 
жайлы ақпараттарды жинау, ұйымның ішкі, сыртқы байланыстарын реттеп 
отыру. Менеджер өзінің артынан адамдарды ерте білетін көшбасшы. Қазіргі 
заманда педагогикалық ұжымның менеджерді қолдауы, оған деген сенімі 
маңызды мəнге ие болып отыр. Бұрын жақсы менеджер əкімшілік адамы 
болып 
саналса, 
қазіргі 
уақытта 1990 жылдары 
менеджер 
мен 
қарамағандағылардың арасындағы байланыстарға негізделген коучинг 
концепциясының енгізілуіне байланысты жақсы менеджер өзін басшы ғана 
емес көшбасшы, жетекші ретінде ұстайтын адам. Көшбасшылық сапалар 
жайлы Н.А. Невский, М.А. Ожех, М.А. Плетнева, В.П. Симонов, Р.Х. Шакуров 
көшбасшылық қызметі жайлы Д. Бамберг, А.С. Белкин, Т.В. Клюсова, И.Р. 
Колтунова, Э.А. Орлова еңбектерінде қарастырылады. 
Сонымен қатар, менеджер тиімді көшбасшылық дағдыларды дамытудың 
маңыздылығын білуі керек.
Көшбасшыда іскерлік қызмет саласында жетістікке жету үшін жəне жеке 
өмірі үшін жеке құндылықтары мен жеке мақсаттары болуы тиіс. Генри 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   93




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет