Ш. Х. Курманалина, С. М. Бахишева



Pdf көрінісі
бет69/93
Дата13.12.2022
өлшемі1,08 Mb.
#56897
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   93
 Күтілетін нəтижелер 
4T
Тыңдаушылар қол жеткізетін сапалар 
4T
Мақсатты 
анықтау, 
басымдылықтарды анықтай 
алу. 
4T
Тыңдаушылардың «мен мына мақсатқа қолым 
жетті, енді əрі қарай қайда жылжимын, ол маған не 
үшін керек» деген сұрақтар арқылы өзі үшін ең 
маңызды басымдықтарды анықтай алу; 
 
4T
Жетістік 
стратегиясын 
жасай алу 
4T
тапсырманың шешімін табуға, қойылған мақсаттың 
жетістігіне көмектеседі. Коуч-педагогпен бірлесе 
отырып іс-əрекет жоспарын жасайды, жетістікке жету 
жолдарын анықтай алады. 
4T
Проблеманы шешу дағдысы, 
дербестігі 
4T
Коучингтік тəсілде білім алуышлар түрлі əдістерді өз 
тəжірибесінде 
қолдануға 
үйретеді, 
əр 
түрлі 
тапсырмаларды шешу жолдарын біледі. 
4T
Жауапкершілік. 
4T
Білім алушылар өз өміріне, істеріне жəне 
шешіміне өзі жауапкершілік алады.
 
4T
Белсенді позиция 
4T
«Мен өзіме жауап беремін, өз өмірімді үздік ететін 
өзгерістерді қалаймын. Мен өз өмірімде нені қаласам
соны өзгерте аламын» позициясын қалыптастыру 
тұлғаның белсенділігін арттырады, өз өмірін өзгеруге 
жəне ол үшін əрекет етуге құлшыныс пайда болады 
«Коучинг» жүйесінде оқыту бұрын тек шетелдік тəжірибесінде қолданылса, ал 
Қазақстанда 2012 жылдан бері Педагогикалық шеберлік орталығы Кембридж 
университетімен бірлескен педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыратын 
Деңгейлік бағдарламаларды жүзеге асыру бойынша мұғалімдердің кəсіби дамыту 
саласында кеңінен пайдаланып келеді. 
Атап айтқанда, деңгейлік бағдарламаларды меңгерген мұғалімдер өз 
мектептерінде құзырлы коуч-педагог болуға бағытталған. Олар оқу қоғамдастығын 
құрып, жаңа идеяларды іске асыру үшін өз мектебінде тəжірибеге өзгеріс енгізуді 
жəне əріптестерімен жүргізілетін жұмысты ойластыра жəне жоспарлауды бастайды. 
Коуч-педагог – мектептегі тəжірибелі мұғалімдерге ойлау жəне 


99
шығармашылық үдерістерінің көмегімен жақсы тəлімгер болуға көмектесу үшін 
деңгейлік бағдарламаларды игеріп, өздеріне педагог-куратор рөлін қабылдаған 
адамдар. Коучтер мұғалімдерге өздерінің оқыту тəжірибесін жақсартуға көмектеседі, 
əріптестерін өзінің кəсіби əлеуетін арттыруға арналған идеялармен жəне тəсілдермен 
қамтамасыз етіледі.
Бұл ретте мұғалімдерге мақсат етілген нəтижеге қол жеткізу үшін тəжірибесі 
аздау əріптестерімен жүргізілетін жұмысты болжау жəне жүргізу мақсатында, ол 
жұмысқа арқау болатын тақырыпты алдын-ала анықтай алу қабілетін дамытуға 
көмектесуге басты назар аударылады. Мұғалім өз мектебіндегі əріптестеріне қажетті 
дағдылары мен болашаққа деген көзқарастарын дамытуға көмектесу үшін оларды 
бағыттап жəне белсенді ынталандырып отырады.
Коучинг іс-əрекетінде қарым-қатынас ұзақтығы алдын ала белгіленеді; 
кездесулер алдын ала жоспарланады; олар нақты мəселеге бағытталады. Коучтың 
міндеті қатысушылардың нақты жəне өзекті қажеттіліктерін анықтау болып 
табылады. Дамытудың бағытын анықтау коучтың қатысуымен сабақты бақылау, 
мұғалімдермен, оқушылармен, кейде ата-аналармен əңгімелесу, мəліметтер жинақтау 
арқылы жүргізіледі. Бұл модель сондай-ақ, мектеп əкімшілігі, мектептің өзіндік 
бағалауының нəтижелері негізінде немесе тез шешім қабылдайтын мəселелер пайда 
болған кезде, немесе, мұғалімдердің өз кəсіби дамуының траекториясын анықтау 
кезінде де пайдаланыла алады. 
Мақсатты белгілеу дамыту қажеттігі мен оның бағыттары анықталғаннан 
кейінгі кезең. Бұл коучинг - сессияның ең маңызды жағы болып табылады. Мақсатты 
дұрыс тұжырымдау үшін белгілі SMART əдісі пайдаланылады. Ол Specific – 
cпецификалық, Measurable – өлшемді, Attainable – қол жетімді, Realistic – нақты, 
Timeframed – уақытылы деген түсініктердің жиынтық ұғымын білдіріп, сол 
ұғымдарға сай мақсат нақты құрылады. 
Жоспарлау одан арғы əрекеттерді қойылған мақсатпен, міндеттері мен 
тəжірибелерімен байланысты жұмыстар кешені. Жоспарлау кезінде мақсат пен 
табыстылық өлшемдерін түсіне отырып, төмендегілерді ескеру керек:
 Мақсатқа жету үшін тиісті стратегияларды дайындау; 
 Уақытты рационалды бөлу; 
 Сəйкес ресурстар мен материалдарды дайындау; 
 Бағалау индикаторларын анықтау. 
Бұл жағдайда жоспар құрастырылады жəне нақты міндеттер анықталады. 
Міндеттер нақты сұрақтарға жауап беретіндей құрылуы тиіс, мысалы, біз не істейін 
деп жатырмыз? Оны қашан жасаймыз? Бұл кімге қажет? Оларға бұны қашан 
айтасыз? Нені қолдайсыз? Қашан оған жетесіз? Бұл əрекетті істеуге қандай 
қиындықтар бар? 
Коучинг –сессиясы жоспарының үлгісі 1.
Тақырыбы
Жалпы мақсаты 
Күтілетін нəтижелер/ 
табыстылық өлшемдері 
Түйінді идея 
Коуч жазбалары 


100
Өткізу кезеңдері 
Коуч 
іс-
əрекеті 
Қатысушылар іс- əрекеті Ресурстар 
Бір- бірімен байланысты, қойылған мақсатқа жетуге бағытталған 
бірнеше коучинг-сессиялардын орта мерзімді жоспарын құрастыру тиімді 
болады. 
 
Коучинг - сессиялардың орта мерзімді жоспарының үлгісі
Коучингтің жалпы мақсаты 
Тақырыптар
ы
Өткізу 
уақыты
Коуч
Коучингке 
қатысушыла
р 
Күтілетін 
нəтижелер 
Табыстылық 
өлшемдері/ 
Қалай білесіз? 
1. 
2. 
3. 
4. 
5. 
Барлық мақсаттарға жету үшін критерийлер (бағалау жоспары) 
Іс- əрекет жоспары жасалғаннан кейін, коуч өзінің қатысушысына 
жұмыстың жаңа стратегияларының тиімді көрсеткіштерін анықтаулары қажет. 
Коучтың міндеті – дедукция əдісін қолдануды үйрету, əрине коуч техникасын 
беру. Осындай жолмен, тапсырманы шешудің өзіндік жұмыс үрдісін, «ол үшін 
емес, онымен бірге» - коучинг технологиясын қолдана отырып құруға 
итермелейді. Тыңдаушылар коучингтің көмегімен альтернативалық шешім 
іздейді, тың жолдарды жүзеге асыруға көмектеседі. 
Іс – əрекет кезеңі коучинг –сессияны өткізу əрекеті. Коучтың əрекеті 
мақсатқа жету жəне тыңдаушылардың потенциалын толығымен ашу болып 
табылады. Ол қатысушыларды мақсатқа жетуге ұйымдастырушылық əрекеттер 
арқылы бағыттайды, дұрыс сұрақтар қоя отырып əңгімелеседі, тақырыпқа 
қатысты аспектілерді талқылайды. Ойға түрткі салады, нақты бағыттағы 
ойлары мен сезімдерін бағыттайды, əрбір адамның өзіндік потенциалын, 
мүмкіндіктерін жүзеге асырады. Коуч іс-əрекеттің дайын жоспарын 
ұсынбайды, əркімге өзінің жеке жоспарын құруға шақырады. Сабақ үдерісінің 
этикалық нормасы бағалаусыз талқылау болып есептеледі, яғни, коуч-педагог 
ешқашан да ненің жақсы, ненің жаман екенін айтпайды; оның орнына ол 
жетістікке жетуге жететін нəтижені ажыратуға жəне анықтауға көмектеседі. 
Сөйтіп, əрбір тыңдаушыны белсенді түрде мақсатқа бағыттай отырып
басынан аяғына дейін жетелейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   93




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет