Педагогикалық жүйені басқарудағы ақпараттардың объективтілігі және толықтылығы Педагогикалық жүйені басқару тиімділігі толық ақпараттың болуына байланысты. Ақпараттың объективтілігі және толықтығы ақпараты талдау және өңдеудегі асығыстыққа, дерексіздікке қарсы қойылады. Әлеуметтік педагогикалық әдебиетте ақпарат педагог пен тәрбиеленушінің арасындағы байланыс құралы ретінде, кейде жүйе мен қоршаған орта туралы мағлұматтар жиынтығы ретінде қарастырылады.Басқаруда ақпаратты пайдаланудың қиындығы оның тым көптігінен немесе тым аздығынан туындайды. Мектепішілік басқаруда ақпаратты біржақты қарастыруға болмайды. Ақпараттың аздығы да, көптігі де шешім қабылдауға, оны іске асыруды реттеуге кедергі жасайды. Әдетте педагогикалық жүйедегі ақпараттың жетістіктері тәрбиелік қызмет саласынан байқалады. Ал оқу тәрбие процесінде тұлға дамудың бағыттары, оның оқу және оқудан тыс әрекеті, мінезі мен даму ерекшеліктері туралы да ақпараттар жетіспей жатады.Мектепішілік ақпаратпен айналысқан адам оны жинау, өңдеу сақтау және қолданудың әдістерін жете білуі тиіс. Мектеп басшысы, менеджер өз қызметіне бақылау, анкета жүргізу, тестілеу, нұсқаулық және әдістемелік материалдармен жұмыс жасау жиі қолданылады. Техникалық құралдарды және компьютерлендірудің нәтижесінде материал жинау, оны өңдеудің мерзімі едәуір қысқарды. Қазіргі мектеп басшысының міндеті — мектепішілік ақпараттық басқару технологиясын жасап, енгізу. Ол технологияны басшымен бірге мұғалімдер де пайдалана алуы тиіс.Педагогикалық жұйені басқаруда кез келген ақпарат маңызды, әсіресе жүйенің оңтайлы жұмыс жүргізу үшін қажетті басқару ақпаратының маңызы ерекше. Түрлі белгілеріне қарап басқару ақпаратын былай топтастыруға болады: уақыты бойынша — күнделікті, айлық, тоқсандық, жылдық; басқару қызметіне қарай — талдамалық, баға беруші, ұйымдық; жиналған мәлімет көзіне қарай — мектепішілік, ведомстволық, ведомстводан тыс; мақсатты па йдалануы бойынша — директивалық, таныстырушылық, кепілдемелік және т.б.
Дәріс №5. Тақырыбы: Педагогикалық менеджменттің ұстанымдары
Басқару ұстанымдары басқару заңдылығының нақты көрінісі мен бейнесі ретінде. Педагогикалық жүйелерді басқарудың демократизациялау мен гуманизациялау ұстанымы. Өкілеттіктерді табыстау. Мектепті басқарудағы жүйелілік пен тұтастық. Орталықтандыру мен жекеленуді саналы түрде үйлестіру. Жеке басқару мен ұжымды басқарудың бірлігі.
Негізгі түсініктер: ұстаным, басқару ұстанымдары, педагогикалық менеджмент ұстанымдары
Ұсынылатын әдебиет: 4, 6, 10
Мектепті педагогикалық жүйе және басқару объектісі ретінде қарастыру оны басқарушылардың басқару іс-әрекеті бір мезгілде мақсаттарды анықтау мен олардың нәтижелеріне қол жеткізуге, педагогикалық және оқушылар ұжымдарын қалыптастыру жағдайларын жасауға, оқу-тәрбие жұмысы мазмұнын таңдап алу мен құралдарын, нысандарын, әрекетін қолдануға мүмкіндік береді. Педагогикалық жүйенің бастысы болып табылатын, маңызды жүйе құраушы фактор – баланың тұлғалық күштерін үйлесімді дамытуға, оның өзін-өзі анықтауына және өзін-өзі дамытуына жағдайлар жасауға бағытталған мұғалімдер мен оқушылардың біріккен іс-әрекет мақсаты болып табылады. Мектеп мақсаты – тұлғаның интеллектуалдық, эстетикалық, еңбектік, экологиялық, құқықтық және басқа да мәдениетін қамтитын базалық мәдениеті негіздерін қалыптастыру болып табылады. Басқарушы жүйе құрылымы төрт деңгейге бөлінеді:
Бірінші деңгеймектеп директоры, мектеп кеңесі, оқушылар комитеті, қоғамдық ұйымдар жетекшілерінен тұрады. Бұл деңгей мектепті дамытудың стратегиялық бағытын анықтайды.
Екінші деңгей – мектеп директорының орынбасары, мектеп психологы, әлеуметтік педагог, қоғамдық пайдалы еңбекті ұйымдастырушы, мектеп директорының шаруашылық жөніндегі көмекшісі, өзін-өзі басқаруға қатысатын органдар мен бірлестіктер.