Ш. И. Джанзакова (қолы) (аты-жөні)



бет13/32
Дата25.11.2023
өлшемі227,03 Kb.
#126613
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   32
Үшінші деңгеймұғалімдер, тәрбиешілер, сынып жетекшілері.
Төртінші деңгей – оқушылар, сынып және жалпы мектеп оқушыларының өзін-өзі басқару органы. Бұл деңгейдің бөлінуі мұғалімдер мен оқушылардың арасындағы қатынастың субъект-субъектілік сипатын көрсетеді.
Өкілеттіктерді табыстау.
Табыстау дегеніміз:
- тапсырма, билік, жауапкершілік беру;
- біреудің алдына мақсат қою және сонымен бір уақытта оған қорытынды сапасына жауапкершілік, мақсатқа жету үшін құралдар ұсыну;
- басқару жүйесінде міндеттерді ұзақ уақытқа болу үшін негіз;
- басқарушыны артық жұмыстан құтқару;
- басқарылу үшін қосымша жұмысты зорлап міндеттемеу.
Табыс тау ережелері:
- атқару мен талап етілетін іс-әрекет деңгейін анық айқындау;
- нәтижелер туралы есеп уақытын анықтау;
- табысталатын билікке қатысты ұжымды хабардар ету;
- бағыныштыны қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету;
- бағыныштыларға тапсырылатын тапсырмаларды таңдауға мүмкіндік беру.
Қолданылатын тетіктер шегінде үйлестіру тапсырылған өкілеттіктер жүйесі болып табылады. Яғни, табыстау жәрдемімен бастықтың бағыныштыларға өз жұмысының біразын тапсыра алуға жәрдемдесетін құралы болып шығады.Өкілеттіктерді сәтті табыстау жауапкершілік, өкілеттілік және есеп берушілік жүйесіндегі тепе-теңдікті талап етеді.Жауапкершілікті табыстау бағыныштыларға белгілі бір мәселелерді шешуге арналған кұқықты немесе белгілі бір шешімді қабылдау құқығын беруді білдіреді. (Менеджер осы мәселені зерттеуді және оны шешу жөнінде ұсыныстар енгізуді тапсырады. Осындай бұйрық бере отырып, ол бағыныштысына мәселені шешу жауапкершілігін табыстайды).Өкілеттіктерді табыстау бағыныштыларға шешім қабылдау мен қаңдай да бір іс-әрекеттерді жүзеге асыруда билік беруді білдіреді.Есеп беру деген сөз бағынышты өз жұмысынын нәтижесі үшін жауапкершілік көтеруге тиісті екендігін: егер нәтиже жақсы болса мақтау алатынын, егер нашар болса, бетіне басылатынын білдіреді.
Өкілеттіктерді табыстау мынадай болады:
- толық - бағынышты жұмысты орындайды және ол үшін жауапкершілік арқалайды. Бастық бұл жұмыска тартылмайды;
- шектеулі - бағынышты жұмысты бастықпен бірлесіп орындайды және ол үшін жауапкершілік арқалайды;
- нолдік- бағынышты жұмысты орындайды, бірақ ол үшін жауапкершілікті бастық көтереді;
- керісінше табыстау - бағынышты жұмысты бастыққа қарай ауыстырады.
Жауапкершілік - мойында бар міндеттемелерді орындау және оларды қанағаттандырарлықтай шешуге жауап беру деген сөз.Міндеттеме ретінде жеке тұлғадан ол ұйымда белгілі бір қызмет атқаратын болса, нақтылы жұмыс талаптарын орындау күтілетінін білген жөн, іс жүзінде жеке тұлға белгілі бір сыйақы алу үшін осы қызмет міндеттерін орындауға арналған мәміле жасайды.
Жауапкершілік еңбеккердің өзіне өкілетін беретін адамның мойнындығы міндеттерін орындау нәтижелері үшін жауап беретінін білдіреді. Табыстау тек өкілеттіктерді қабылдаған жағдайда ғана іске асады, ал жауапкершіліктің өзі ғана табысталуы мүмкін емес. Басшы жауапкершілікті бағыныштысына жүктей салып, өзі жырылып қала алмайды. Табыстау есеп берушіліктің барлық жүйесін бағыныштыларға толықтай көшірмейді. Түп негізінде барлық жауапкершілік менеджерлерде болады.Нәтижелі менеджерлер өздеріне бірнеше міндетті ғана таңдайды, ал қалғандарын бағыныштыларға табыстайды. Егер өкілеттіктерді табыстау сәтсіздікке ұшыраса, онда бұл бағыныштылардың кінәсінен емес, менеджердің айыбынан деп есептеледі.
Жақсы ойластырылған жоспарлау, басшылықтың да жақсы даярлығы, жауапкершіліктерді, өкілеттіктерді және есеп берушіліктің үйлестірілуі табыстау жүйесінің тиімділігіне кепіл болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет