Ш. И. Джанзакова (қолы) (аты-жөні)


Дәріс №6. Тақырыбы: Мектептегі жаңашылдықты басқару



бет14/32
Дата25.11.2023
өлшемі227,03 Kb.
#126613
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   32
Байланысты:
Білім берудегі менеджментҒ.Б.Базарғалиев

Дәріс №6. Тақырыбы: Мектептегі жаңашылдықты басқару


Мектептегі жаңалық және жаңашылдық үдерісі. Қазіргі мектептегі жаңашылдық үдеріспен басқарудың ерекшеліктері. Педагогикалық іс-әрекеттің жаңашылдық бағыттары: басқарудың заңдылықтары мен қағидалары. Жаңалық, жаңашылдық және жаңалықты ендіру: дамудың ерекшеліктері мен кезеңдері. Жаңалықты басқарудағы тиімді технологиялар (модерация, жобалау және т.б.)
Жаңа үдерістерді басқару барысындағы оқушылар мен педагогтардың тұлғалық өзін-өзі анықтауы. Жаңа үдерістерді басқару барысындағы алқалық қағидасы. Жаңа үдерістердің нәтижесін болжау және бақылау.
Негізгі түсініктер: жаңалық, мектептегі жаңа үдерістер, жаңашылдықпен басқару технологиясы, мектептің жаңашыл іс-әрекеті, тұлғалық өзін-өзі анықтау.
Ұсынылатын әдебиет: 1, 5, 6, 10


Модуль 2. Мектептің тұтас педагогикалық үдерісін басқару


Дәріс №7. Тақырыбы: Мектеп басқарудың педагогикалық жүйесі және нысаны ретінде
«Жүйе» түсінігінің анықтамасы және оның негізгі қасиеттеріне сипаттама (тұтастық және бөлінушілік, тұрақты қарым-қатынас болуы, пайда (эмерджентность), синергетикалылық, мультипликативтік). Педагогикалық жүйенің құрамдары. Педагогикалық іс-әрекеттің мақсаты (түлектің мінсіз бейнесі) жүйеқұраушы құрылым ретінде. Басқару жүйесі, оның педагогикалық іс-әрекетке, байланыс және қарым-қатынасқа бағыттылығы. Әдістемелік жүйе, оның құрылысы, негізгі құрастырушылардың анықтамасы. Әдістемелік жүйенің мақсаты. Педагогикалық үдеріс. Педагогикалық үдерісті ұйымдастыру формасы және құралдары, әдістері мен білім беру мазмұны. Мәдени-білім беру ортасы. Педагогикалық үдерісті ұйымдастыру технологиясы. Педагогикалық жүйенің жалпы белгілері.
Негізгі түсініктер: жүйе, педагогикалық жүйе, әдістемелік жүйе.
Ұсынылатын әдебиет: 1, 3, 9, қосымша 1


Дәріс №8. Тақырыбы: Мектептің тұтас педагогикалық үдерісін диагностикалау
"Диагностика" ұғымының мәні. Педагогикалық диагностика түсінігі. Тұтас педагогикалық үдерістің диагностикасы.
ТПҮ - ның жұмыс істеу әр түрлі кезеңдеріндегі жай-күйі туралы ақпарат - диагностиканың негізі.
ТПҰ - ның әр түрлі кезеңдеріндегі жай-күйі туралы ақпарат түрлері: бастапқы, тактикалық, оперативтік.
Педагогикалық үдерістің негізгі сипаттамалары (ауыспалы, үлгерім сапасы, балалар ұжымының қалыптасу деңгейі, оқушылардың әлеуметтік белсенділігінің деңгейі және т. б.) және олардың көрсеткіштері. ТПҰ - ның жай-күйі туралы ақпаратты өңдеудің әдістемесі және нәтижелерін мектеп қызметін болжау үшін ұсыну.
Педагогикалық үдерісті басқару және оның жай-күйін зерделеу үшін ақпараттарды іріктеу критерийлері. Тұтас педагогикалық үдерісті басқару және педагогикалық талдау. Педагогикалық талдаудың түрлері мен мазмұны. Педагогикалық талдаудың негізгі объектілері. SWOT-талдау.
Білім беру үдерісін бақылау технологиялары. Мектепішілік бақылаудың принциптері, түрлері, әдістері, мазмұны.
Бақылау нәтижелілігінің шарттары. Педагогикалық ұжымдардың қызмет критерийлері мен көрсеткіштері. Мектеп - тұтас педагогикалық үдерісті басқару сапасының мониторингі.
Негізгі түсініктер: мектепішілік бақылау, диагностика, ақпарат, педагогикалық үдерістің негізгі сипаттамалары (ауыспалы).
Ұсынылатын әдебиет: 1, 4, 8, 10




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет