Практикалық сабақ №1-2. Тақырыбы: Менеджмент - басқару туралы ғылым Қарастырылатын сұрақтар: Менеджменттің шетелдік теориялары мен тұжырымдамалары
Менеджменттің американдық, жапондық және батыс еуропалық типтеріне ортақ және өзіндік ерекше белгілері
Қазіргі менеджменттің мәні мен өзіне тән сипаты
Тапсырмалар: 1. Ф.Тейлордың ғылыми басқару мектебіне, А.Файолдің әкімшілік басқару мектебіне, Э.Мэйо, А. Маслоудың адами қарым-қатынас мектебіне, Ф.Герцбергтің екіфакторлы моделін сипаттайтын салыстырмалы кесте әзірлеу;
2. Менеджменттің американдық, жапондық және батыс еуропалық типтеріне ортақ және өзіндік ерекше белгілерін Венн диаграммасы арқылы бейнелеу;
3. ҚР-ның «Білім туралы» Заңына сәйкес Қазақстанның әлемдік білім беру кеңістігіне кіру міндеті қалай шешіліп жатқанына талдау жасау, эссе жазу. Ұсынылатын әдебиет: негізгі: 1, 4, 7, қосымша: 2
Практикалық сабақ №3. Тақырыбы: Педагогикалық менеджмент педагогикалық жүйелерді басқару теориясы мен технологиялары ретінде Қарастырылатын сұрақтар: Білім берудегі менеджмент түсінігі
Білім берудегі менеджменттің мақсаттары, міндеттері, қызметі
Білім берудегі менеджменттің әдіснамалық негіздері
Білім берудегі менеджменттің жүйелі сипаты
Мектепті басқарудағы әдіснамалық тәсілдер (жүйелі, гуманитарлы, құзыретті, адамға бағытталған т.б.).
Тапсырмалар: 1. Педагогикалық менеджменттің басқару қызметінің айрықша түрі ретіндегі мәні мен ерекшеліктерін сипаттау
2. Педагогикалық менеджмент теориясының негізгі түсініктеріне салыстырмалы талдау жасау
3. Білім беру жүйесін басқарудың мемлекеттік-қоғамдық сипатын айқындайтын нормативті-құқықтық құжаттарды талдау
Ұсынылатын әдебиет: 1, 2, 8