Ш. И. Джанзакова (қолы) (аты-жөні)


Дәріс №14. Тақырыбы:. Мектептің тұтас педагогикалық үдерісінде қақтығыстарды басқару



бет17/32
Дата25.11.2023
өлшемі227,03 Kb.
#126613
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   32
Байланысты:
Білім берудегі менеджментҒ.Б.Базарғалиев

Дәріс №14. Тақырыбы:. Мектептің тұтас педагогикалық үдерісінде қақтығыстарды басқару
Қақтығыс – әлеуметтік-қоғамдық құбылыс. Педагогикалық және теориялық қақтығыс туралы түсінік. Педагогикалық ұжымдағы қақтығыстардың түрлері мен ерекшеліктері, нысанның элементтері мен субъектілері. Тұлғааралық қарым-қатынастағы қақтығыс үстемдігі сипаттамасының себептері. Педагогикалық ұжымдағы қақтығыстарды басқару ерекшеліктері. Педагогикалық ұжымдағы қақтығысты басқару қиыншылықтары. Қақтығыстарды азайту әрекеттерін басқаруға әкімшілік және педагогикалық қызметкерлердің дайындығы. Алдын-ала қақтығыс жағдайларын болжау және рұқсат беру.
Негізгі түсініктер: қақтығыс, қақтығысты басқару, қақтығысты басқаруға дайындық.
Ұсынылатын әдебиет: 1, 2, 4, 9


Дәріс №15. Тақырыбы: Білім беру менеджерінің көшбасшылығы және көшбасшылық қасиеті.
Көшбасшылық түсінігінің туындауы және анықтамасы. Үкіметтің, көшбасшылықтың және менеджменттің өзара байланысы. Көшбасшылық мәселесі педагогикалық менеджменттің маңызды мәселесінің бірі ретінде. Білім беру үдерісін басқарудағы көшбасшылық түсінігінің мазмұны. Көшбасшылық түсінігінің туындауына талдау жасау. Білім беру үдерісінде көшбасшылық өнер және шеберлік ретінде. Мектептегі көшбасшылықтың типі және сипаттамасы. Тиімді көшбасшылық және көшбасшылық қасиет. Көшбасшылық басқарудың мәнері ретінде.
Көшбасшылықтың гендерлік мәселелері. Мінез-құлық факторына талдау жасау және оның көшбасшылықты жетілдірудегі рөлі.
Негізгі түсініктер: көшбасшылық және көшбасшылық қасиет, тиімді көшбасшылық, білім беру үдерісінде көшбасшылық, мінез-құлық факторы, басқару мәнері.
Ұсынылатын әдебиет: 1, 2, 8


Көшбасшы - қоғамға, ұйымға немесе топқа ықпал етуге қабілетті тұлға. Халықтың немесе белгілі бір әлеуметтік топтың мақсат-мүддесін толық сезініп, қорғай білетін, бойына саяси қайраткерге лайықты қасиеттерді жия білген адам көшбасшы ретінде танылады.
Көшбасшы – жол таба білетін, өзгелерге жол көрсете алатын, өзіне жүктелген міндетті сезіне білетін, ауыртпалыққа төзе білетін тұлға.
Білім беру үдерісін басқарудағы көшбасшылық жоғары сапалы білім берілуіне қол жеткізу мақсатында оқу үдерісіне және оқушылардың, сондай-ақ мұғалімдердің, қызметкерлердің нәтижелеріне бағдарланған. Көшбасшы-мұғалімдер оқыту мен оқу үдерісін бақылау, нәтижелерді пайдалану, мұғалімдердің мықты жақтарын анықтап, олардың қажеттіліктерін білу, оқушылар топтары мен мектептің құрылымдық бөлімшелері үшін басымдықтарды белгілеу арқылы сыныптардың және бүкіл мектептің ішінде не болып жатқанын біліп отырады. Бұндай көшбасшылық барлық деңгейлерде қажет, себебі білім берудегі көшбасшылық идеясын іске асыру маңызды екенін естен шығармай, оқуға бағытталған көшбасшылықты тарату және дамытуға басымдық беру қажет.
Білім беру жүйесіндегі өзгерістер құбылмалы жағдайда өз бетімен, шығармашылық тұрғыдан әрекет етуге қабілетті көшбасшы басшыларға деген сұранысты негіздеді. Көшбасшы ұжымда негізгі рөл атқарады. Ол ұжымның басқа мүшелерінің қызметін бағыттайды, бақылайды және ауыстырып отырады. Жаңа жүйедегі көшбасшылық теориялары білім беруді басқарудағы көшбасшылықпен, білім беру мекемелерінің бәсекеге қабілеттіліктерімен, мамандардың кәсіби құзыреттіліктерімен және білім алушылардың креативтіліктерімен өлшене бастады. Білім берудегі көшбасшылық идеяларды тез қабылдап, өзін шебер маман ретінде көрсете білген мұғалім мектеп тәжірибесін зерттеуші, тәлімгер, мұғалімдердің желілік қоғамдастығын құруға бастама жасаушы рөлін орындау үшін өзіне жауапкершілік ала отырып, өз сыныбынан тыс жерде де мектеп қызметін арттыруға, оқыту мен оқу үдерістерін жетілдіруге үлесін қосады. Көшбасшы мұғалім өзі жұмыс істейтін мектеп тәжірибесін жақсарту мақсатында зерттеу қажет болатын мәселелер мен проблемаларды да анықтайды. Тиімді көшбасшының сипаттамасы: Келбетті әрі баурап алады Қолдау көрсетеді Мектеп және жұртшылық туралы терең білімі бар Тек нәтижеге ғана емес, мектеп пен оқушылардың ауқымды мәселелерін шешуге мүдделі. Көшбасшы түрлері: 1. Демократиялық көшбасшы. 2. Өктемшіл көшбасшы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет