5 САБАҚТАРДА ТАПСЫРМАЛАРДЫ ОРЫНДАУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
Сабақтардың тақырыбы мен жоспары алдын ала беріледі, сондықтан сұрақты немесе тапсырманы түсінбеген жағдайда білім алушы тікелей оқытушыдан кеңес ала алады. Барлық тапсырмалар берілген уақытында орындалуы керек және материалдарды талқылау үшін сабаққа алдын ала даярлықпен келу керек. Білім алушының білімі дәріс, практикалық және ОЖБӨЖ сабақтарында бағаланады.
Білім алушылардың тапсырмаларды орындауына қойылатын талаптар:
сабаққа дайындалу кезінде міндетті түрде алдағы аралық бақылаулар мен емтиханға керек болғандықтан барлық сұрақтар бойынша материалдар мәтін немесе тірек сызба түрінде жазылуы керек, ал тапсырмалардың орындалу формасы нақты көрсетіледі;
сабақ кезіндегі берілетін жауаптар міндетті түрде сұраққа сәйкес, қысқа да нұсқа түрде болуы және сұрақ толық ашылуы тиіс;
сұрақтарға жауап беруде және пікір-талас туғызатын мәселелерге өз ойын айтқысы келген білім алушылар қолдарын көтеріп, оқытушының рұқсатымен өз пікірлерін еркін және анық айтулары тиіс;
сабаққа дайындалған кезде білім алушы дәрісті де толық меңгеруі керек;
берілген тапсырмаларды мерзімінде, дұрыс, сапалы орындау;
сабақ кезінде сұрақтар мен тапсырмаларды талдауға белсенді қатысу;
берілген тапсырмалар уақытында орындалмаған жағдайда әрбір тапсырма үшін баға кемітіледі;
пән бойынша ұсынылған негізі және қосымша әдебиеттерді үнемі әрі үзіліссіз оқып отыру, білім алушы әдебиеттерді университеттің оқу залдарынан, кітапхананың абонемент бөлімдерінен немесе ғаламтор желісінен (педагогикалық мәнге ие сайттардан) алып дайындалуына құқылы.
берілген тапсырмаларды орындау барысында біреудің жұмысын көшіріп алуға, өзінің тапсырмасын басқаларға орындатуға тыйым салынады.
Сабақ кезінде қарастырылатын сұрақтарды топтық түрде талқылау және орындалатын тапсырмаларды тексеру келесі тізбектілікте жүзеге асады:
білім алушылар сөзінің мазмұнын және аргументін мұқият тыңдау;
егер жауап мәнділігімен және аргументтілігімен қанағаттандырса, білім алушыға сөзін (ойын) жалғастыруға мүмкіндік беру, егер білім алушы конспектіні оқып беріп, аргументсіз сөйлесе, оның сөзін сұрақ қою арқылы бөлуге болады;
егер студент қойылған сұраққа жауап бере алмаса, оны тоқтатып, сұрақты аудиторияға қоюға болады;
егер аудиторияға қойылған сұраққа бір немесе бірнеше студент толықтай жауап берсе, келесі сұрақты талдауға көшуге болады;
сұраққа топ мүшелері дұрыс жауап бере алмаған жағдайда сұрақ «бөлшектенеді», нақтыланады;
сұрақтарға жауап берілгеннен кейін топтан: қосымша сұрақ, түзету, толықтыру, келіспеушілік бар ма? деп сұралады;
студенттер сұрақ қоймаса, оқытушы нақтылау немесе бекіту мақсатында аудиторияға қосымша сұрақ қояды;
егер студент сұрақ қойса, оған жауап қайтарылуы қажет;
сөйлеймін деушілерге сөз беріледі;
егер топ студенттері қосымша сұраққа дұрыс жауап бере алмаса, онда оқытушы өзі жауап беріп, қорытындылайды;
әрбір сұрақ талданғаннан кейін қорытындыланып отырылады;
практикалық тапсырмалар игерілген материалдар негізінде беріледі, олардың мәні келесідей болуы мүмкін: көзқарастарды салыстыру, мәтінді сызбаға айналдыру, глоссарий құрастыру, құбылыстың қандай да белгісіне қарай жіктеуін жасау, мәселелік жағдайды талдау, шешу, әрі қарайғы мүмкін болар даму сценарийін жасау, тренингке қатысу және оны талдау, тәжірибелік және жобалау тапсырмаларын шығармашылық деңгейде орындау, т.б.)
Достарыңызбен бөлісу: |