Ш.Қ. Наурызбаева КӘсіптік оқыту жүйесіндегі педагогикалық менеджмент



Pdf көрінісі
бет6/81
Дата20.09.2023
өлшемі1,05 Mb.
#109265
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   81
Байланысты:
Наурызбаева Ш. КӘСІПТІК ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ

1.3. Ғылыми менеджмент мектептері 
Ғылыми 
менеджмент 
мектептері 
(1885-1921 
жж.) 
Ф.У.Тейлор, Л. Гилберт, Г. Гантта есімдерімен тығыз 
байланысты. Ф.У. Тейлор өзінің кәсіпорын процестерін басқару 
ғылыми тәжірибелерін 1880 жылы Американың Филадельфия
қаласындағы «Мидвейл стилл» компаниясында бастады. 
Негізгі ғылыми менеджмент негіздері 1903 жылғы Ф.У. 
Тейлордың «Басқару кезеңдері» баяндамасында баяндалған.
Ғылыми менеджменттің негізгі мақсаты – «кіріс -шығыс» 
формуласы бойынша кәсіпорын тиімділігін арттыру. Мұның 
мәні біртұтас басқару жүйесінде әр менеджер жауапкершілікпен 


Кәсіптік оқыту жүйесіндегі педагогикалық менеджмент 
11 
ресурстарды орналастыру және шығындау, сонымен қатар 
өндіріс жүйесін тиімді пайдалану болып отыр. Тейлор 
менеджерлердің 
негізгі 
қызметтері 
әр 
қызметкерлерге 
міндеттеме арттыру, берілген жұмысты орындай алатын 
қызметкерлерді таңдау, қызметкерлердің өз міндеттемелерін
жоғарғы деңгейде арттыруға итермелеуде жауапты екендігін 
атап айтты [2].
Г. Ганттың айтуынша, ғылыми менеджментте төменгі 
өндіріс өнімділігі жұмысшылардың жаңа тәсілдерді қолданбай, 
ескі тәсілдерді қолдануында – деп мәлімдеген. Г. Гантт 
жұмысшылардың алдына қойылатын мақсаттары мен және 
оларға бөлінетін жұмыстарын, оларға жасалатын жеңілдіктер 
мен сыйақының жаңа жүйесін жасады. Егерде Тейлордың 
жүйесі бойынша барлық жұмысшылар бірдей жалақы алатын 
болса, ал Г. Ганттың жүйесі бойынша әр жұмысшы өндірген 
еңбегіне байланысты сыйақы мен жалақы алу жүйесін енгізді. 
Осы арқылы өндірістегі адамдық фактор негізін қалады. 
Басқару ойының өркендеуін төрт мектепке бөлді, олар: 
басқару ғылым мектебі, административтік мектеп, адам қарым-
қатынасы мектебі және ғылым менеджменті мектебі. Осы 
мектептердің әрқайсысының менеджментіне деген қатынасы 
анықталды. Ғылыми менеджмент мектебінің пайда болуын 
американдық 
инженердің 
Ф.В. 
Тейлордың 
атымен 
байланыстырды. Оның ұстамдары төрт нұсқаға алып келеді. 
1. Ғылымның негізін жасау, ол бұрынғы салт-дәстүрді, 
қалыптасқан жұмыс әдістері әрбір элементті ғылыми зерттеу. 
Басқаруда құрылыстағы секілді дәлдік керек. 
2. Қызметкерлерді ғылымдық белгісіне байланысты таңдау, 
оларды дайындау және жүйелік оқыту. 
3. Әкімшілік пен жұмысшылар арасында ғылыми жүйені 
ұйымда пайдалану мақсатында бірігуі.
4. 
Еңбек 
және 
жауапкершіліктің 
әкімшілік 
пен 
жұмысшылар арасындағы теңдестік. 
Ф.В. Тейлордың шоғырлау концепциясы және ғылыми 
менеджмент мектебінде «А. Эмерсонның 12 өнімділіктің 
шарты» дегеннен алды:


Наурызбаева Ш.Қ. 
12 
– 
анықталған 
мақсатқа 
әртүрлі 
басқарушылықтың 
деңгейінде басқарушы мен бағынушының жұмылдырылуы;
– болашақ мақсатты есептегенде әрбір процесті талдауда 
жақсы ойлау арқылы болады;
– жақсы кеңес, арнайы білімнің қажеттігі, өнеркәсіп пен 
басқарушылар арасындағы әр сұраққа дұрыс кеңес;
– тәртіп – ұжымның барлық мүшелерінің ережелер мен 
тәртіпке бағынуы;
– қызметшілерге әділетті қарым-қатынас;
– тез, сенімді, толық және үздіксіз есеп керекті 
ақпараттармен қамтамасыз ету.
– тез және ұтымды ұжымды басқару;
– ереже және күнтізбе, ұйымның жетіспеушілігін тез өлшеу 
және шығындарды тез өлшеу және шығындарды азайту;
– шарттың дұрысталуы өндірістің жақсы нәтиже алып 
келуін қамтамасыз етеді;
– 
операцияның 
дұрысталуы, 
уақыттың 
белгіленуін, 
операцияның орындалуын ұсынады; 
– жазба стандарттық құрылымдар, барлық ережелердің 
дұрысталуы және жұмыстың орындалуы;
– өнімділігін марапаттау, әр қызметкердің еңбегін бағалау.
20-жылдары әкімшілік мектептің пайда болғаннан кейін
мамандар ұйымда басқарушылықты толығымен пайдалануды 
ұсынды. Бұл мектеп француздық менеджмент мектебін 
қолдаушы 
А. 
Файолмен 
байланысты. 
Ол 
әкімшілік 
басқарушылық принципін жасады, және оның ойынша ол әр 
ұйымға қажет деп санады. 
1. Жұмыстың бөлінуі. Еңбекті арнайы бағыттау ұйымның 
табысты болуына қажет.
2. Билік. Бұйрық еткен кезде, жауапкершілікпен қарау 
керек. 
3. Тәртіп. Тыңдау және сыйлау ұйымның тыныш жұмыс 
істеуіне көмектеседі.
4. Бірбасшылық. Әр жұмысшы бұйрықты бір бір адамнан 
ғана алуы керек.
5. Бағыт бірлігі. Ұйымдағы әр қызметкердің күші бір 
бағытқа бағытталуы қажет.


Кәсіптік оқыту жүйесіндегі педагогикалық менеджмент 
13 
6. Индивидуалды көзқарастың ортақ көзқарасқа бағынуы 
жеке көзқараспен ортақ көзқарастың бір жерден шықпауы, 
ұйымды қиыншылыққа алып келеді.
7. Марапаттау. Жұмысшылар таза еңбегі үшін өзінің қосқан 
үлесі үшін сыйлық алып отыруы қажет. 
8. 
Орталықтандыру. 
Орталықтандырылған 
мен 
орталықтандырылмаған арасындағы пропорцияның сұрағы 
болып келеді. Әр ұйымда екеуінің арасында теңдестік болуы 
керек.
9. 
Иерерхиялық 
мақсат. 
Қоластындағылар 
уақытта 
мақсатты ұстап тұруы керек, үлкен басқарушыдан басқа ақпарат 
келіп түспегенше.
10. Тәртіп. Материалдық бағалау және адамдар әрқайсысы 
өзінің сай орнында болуы керек.
11. 
Әділеттілік. 
Әділеттілік 
адамгершіліктің 
және 
заңдылықтың нәтижесі, ол қызметкерлердің беріліп жұмыс 
істеуі не алып келеді.
12. Қызметкердің жұмыстағы тұрақтылығы. Адамдарға 
өзінің жұмысын жақсы біліп алу үшін уақыт берілуі қажет. 
Қызметкерлердің 
бірігіп 
жұмыс 
істеуі 
ұйымның 
табыстылығына алып келеді. Ғылым менеджмент мектебіне, 
адам қарым-қатынас мектебінің қарсы келуі. Ол адамға деген 
«жаны 
бар 
организмге» 
сияқты 
қарау. 
Бұл 
мектепті 
жоқтаушылар кәсіпорынның табысты болуына басқарушы – 
менеджердің қасиеттеріне байланысты деп ойлайды. Әкімшілік 
пен жұмысшылар арасындағы теңдестік ұжымды жақсы қарым-
қатынас тудырады.
Д. Муни мен А. Рейли басқарудың әмбебеп принциптерін 
ойластырды. 
А. Файол практикалық тәжірибені жинақтау негізінде 
басқару – бұл кәсіпорын мүмкіншіліктерін барынша 
пайдаланып, оны белгілі бір мақсатқа жетелеу 
деген 
қорытындыға келді. Ол сондай-ақ мемлекетті басқару ісін 
ғылыми жолмен ұйымдастырудың принциптерін қолдану 
мүмкін екендігіне алғаш рет ой жүгіртті. Ол басқару 
мәселелерін екі бағытқа жіктеді: 


Наурызбаева Ш.Қ. 
14 
1. Еңбек процестерін технологиямен тығыз байланыстыра 
отырып басқару; 
2. Өндірістік жүйені басқару.
Жоғарыда аталған мектептер жаңа басқару теорияларын: 
процестік тәсіл, жүйелі тәсіл, жағдаяттық тәсілдерді
қалыптастырды. Қазіргі заманғы басқару теориясы осы аталған 
мектептердің ең тиімді әдістерін қолдана отырып, басқаруда 
болып отыр. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет