Ш.Қ. Наурызбаева КӘсіптік оқыту жүйесіндегі педагогикалық менеджмент


Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары



Pdf көрінісі
бет7/81
Дата20.09.2023
өлшемі1,05 Mb.
#109265
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   81
Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары 
 
1. «Менеджмент» ұғымының мәні мен тарихы. 
2. Менеджметтің әдіснамалық негіздері. 
3. Басқарудың әрекетінің тарихи даму жолына сипаттама 
беріңіз. 
4. Басқарудағы ғылыми мектептер туралы түсінік беріңіз.
5. Менеджмент ұғымы және оның даму тарихы бойынша 
білімдер базасының логикалық схемасын құрыңыз. 
6. Кестені төмендегі үлгі бойынша толтырыңыз.
№ 
Даму 
кезеңдері 
Менеджменттің теориясы мен 
практикасының дамуы
1.
І кезең –
ежелгі 
кезең

Алғашқы 
қауымдық 
құрылыста 
ру 
басшысының, қауымдық жетекшінің көмегімен, 
басшылығымен бірігіп тіршілік еткен. Б.э. дейінгі 
басқару принципінің жан-жақтылығын зерттеп 
сипаттама берген адам Сократ (470-439 жж.) 
болды. Платон (б.э. дейінгі 428-348 жж.) 
мемлекеттік басқарудың түрлерін талдаумен бірге 
басқару органдарының фугкцияларын анықтаған
ал Александр Македонский (б.э. дейінгі 356-
323 жж.) әскерді басқарудың теориясы мен 
практикасын дамытты. 
2.
 
 
 


Кәсіптік оқыту жүйесіндегі педагогикалық менеджмент 
15 
2. 
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТТІҢ НЕГІЗДЕРІ 
 
2.1. Педагогикалық менеджмент ұғымына анықтама
 
Педагогикалық менеджмент 
оқу-тәрбие және оқу-
таным процестерін тиімді ұйымдастыру мен басқаруға 
бағытталған принциптер, әдістер, ұйымдастыру формалары мен 
технологиялық тәсілдер кешені.
Практикалық іс әрекет ретіндегі педагогикалық басқару 
(менеджмент) – оқушылардың оқуы мен тәрбиесін басқару. 
Педагогикалық басқару теориясы –мемлекеттік және қоғамдық 
ұйымдар жүйесі, ұжымдар мен жеке адамдар жүзеге асыратын 
тәрбие мен оқыту процестерін басқару туралы білімдер болып 
табылады. 
«Педагогикалық басқару» ұғымы «білім беруді басқару» 
ұғымынан кең. Себебі, ол тәрбие мен оқытуды жүргізетін басқа
мемлекеттік және қоғамдық құрылымдарда (жанұя, қоғамдық 
ұйымдар, біліктілікті арттыру жүйелерінде, т.б.) да қызмет 
етеді. Шындығында, педагогикалық басқарудың кез келген 
«адам-адам» жүйесінде орны бар. Бұл жағдайда педагогикалық
мақсаттар басқарудың негізгі түріне – педагогикалық процесс 
субъектісінің іс-әрекетін басқаруға бағынады. 
Педагогикалық басқарудың білім беру жүйесіндегі басты 
объектісі – өскелең ұрпақ болып табылады. Оларды оқыту мен 
тәрбиелеуді басқару не тікелей (мұғалімдер, тәрбиешілер 
арқылы), не жанама – мемлекеттік қоғамдық ұйымдар арқылы
жүргізіледі. Педагогикалық менеджмент анықтамасына қарап,
кез келген оқытушы оқу-танымдық процесінің менеджері
(оларды басқару субъектісі ретінде) ал, орта білім беру 
мекемелерінің жетекшісі - жалпы алғандағы оқу-тәрбиелік 
процесінің менеджері (осы процесті басқаратын субъект 
ретінде) екенін көреміз. 
Педагогикалық 
менеджметтің 
(білім 
беру 
процесін 
басқарудың теориясы, әдістемесі және технологиясы) өзіндік 
ерекшелігі және өзіне ғана тән заңдылықтары бар. Бұл 
ерекшелік ең алдымен өзіндік құралынан, қажеттілігінен, 
қаруынан және менеджер еңбегінің нәтижесінен көрінеді. 


Наурызбаева Ш.Қ. 
16 
Менеджер еңбегінің құралы – білім беру процесіндегі 
басқарылатын субъектінің қызметі болып табылады. Еңбек
қажеттілігі – ақпарат. Еңбек қаруы – сөз, тіл, сөйлеу болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет