Ш.Қ. Наурызбаева КӘсіптік оқыту жүйесіндегі педагогикалық менеджмент


Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары



Pdf көрінісі
бет55/81
Дата20.09.2023
өлшемі1,05 Mb.
#109265
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   81
Байланысты:
Наурызбаева Ш. КӘСІПТІК ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ

 
Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары 
1. Ақпарат ұғымы рөлі мен маңызын атаңыз. 
 
2. Білім беру саласы басқарушыларының ақпараттық
қажеттілігі неде?
3. Ақпараттық қажеттілікті қалыптастыруға әсер ететін 
объективті және субъективті факторлар.
4. Менеджментті ақпараттық қамтамасыз етудің тиімділігі 
көрсетіңіз.
5. Ақпараттық технологиялардың қолдану әдістері. 
 


Кәсіптік оқыту жүйесіндегі педагогикалық менеджмент 
91 
12. БІЛІМ БЕРУДЕГІ ЖАҢА АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР
ЖӘНЕ ІСКЕРЛІК КОММУНИКАЦИЯЛАР 
12.1. Жаңа ақпараттық технологиялар
 
Жаңа ақпараттық технологиялар дегенiмiз – бiлiм беру 
iсiнде ақпараттарды даярлап, оны бiлiм алушыға беру процесi. 
Бұл процестi icкe асырудан негiзгi құрал компьютeр болып 
табылады. 
Компьютер – бiлiм беру iсiндегi бұрын шешiмiн таппай 
келген жаңа, тың дидактикалық мүмкіндіктерді шешуге 
мүмкiндiк беретiн зор құрал. Бiрақ әлі күнге дейін бiз осы зор 
құралдың шексiз мүмкiндiктерiнің оннан бiрiн де пайдалана 
алмай отырмыз.
 
Коммуникация 
– ақпаратты тасымалдап жеткізу әдістері 
мен механизмдерін және оларды жазып жинақтап жеткізу 
құрылғыларын қамтитын жалпы ұғым. Жаңа коммуникациялық 
технологияларды пайдаланудың басты мақсаты – оқушылардың 
оқу материалдарын толық меңгеруі үшін оқу материалдарының 
практикалық жағынан тиімді ұсынылуына мүмкіндік беру.
«
Мультимедиа»
термині латын тілінің «multy» (көп) және 
«media» (орта) сөздерінің бірігуінен құралған. Мультимедиалық 
жүйеге арналған оқулықтарды, ғылыми еңбектерді саралай келе 
мультимедиа терминіне «ақпараттық орта» деген мағына беруге 
болады. Ал, «ақпараттық орта» түсінігін белгілі бір ортада 
ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы ақпаратты 
ұсыну мен өңдеуге бағытталған арнайы ұйымдастырылған 
процесс деп қабылдауымызға болады. 
Мультимедиа компьютерлік графикамен, суреттермен, 
қозғалыстағы бейнеқаптармен, анимациямен, мәтіндермен, 
жоғары сапалы дыбыстармен жұмыс істеуді қаматамасыз ететін 
интерактивті жүйе. 
Интернет – 
адрестеудің бірыңғай жүйесін қолдайтын ірі 
және шағын компьютерлік желілердің дүниежүзілік бірлестігі. 
Интернет-ақпарат 
жіберуге 
Интернеттің 
хаттамаларын, 
құралдарын, бағдарламамен қамтамасыз етілуін пайдаланатын 
жергілікті компьютер желісі. 


Наурызбаева Ш.Қ. 
92 
Он-лайн
(On-Line) жұмыс тәртібі – ақпаратты сұрау, іздеу, 
өңдеу, алу және қарап шығу уақытында компьютерлік желіге 
тікелей қосылуды білдіретін жұмыс тәртібі; 
Оф-лайн
(Off-Line) жұмыс тәртібі-компьютерлік желіге 
ақпаратты сұрау немесе сұрау бойынша ақпарат алу кезінде 
ғана қосуды ойластыратын жұмыс тәртібі. Сауал дайындау және 
ақпаратты өңдеу желіден ажырату тәртібінде іске асады. 
Бейнеконференция-бейнетехнологияны негізгі байланыс 
технологиясы ретінде пайдаланып әр жерде тұратын адамдар 
арасындағы сұхбат немесе әдістемелік мәжіліс құру, кездесу. 
Бұл кезде екі бағытты дыбыс және бір немесе екі бағытты 
бейнекөрініс пайдаланады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет