Наурызбаева Ш.Қ.
86
көрсетуге, таратуға байланысты өндірістік үрдістер мен
қарым-қатынастардың бүкіл жиынтығын қамтиды.
Білім беру бірыңғай ақпараттық кеңістігі – Қазақстан
Республикасында білім жүйесін басқару органдарының білім
беруді тиімді басқаруын қамтамасыз ететін, дер кезінде толық,
шынайы салыстыруға болатын ақпаратпен қамтамасыз ету
мақсатында құрылған және жұмыс істейтін компьютерлік
техниканы қолдануға негізделген бағдарламалы-телекоммуни-
кациялық орта.
Кәсіптік оқыту саласында уәкілдік ететін органдар,
жергілікті атқару органдары, білім беру ұйымдары өз қызметін
атқару барысында алынған білім беру мониторингі мәліметтері
және соның ішінде басқа да ведомостволық статистикалық
бақылау мәліметтері кіреді.
Білім беру процесінің барысы мен нәтижесі, сонымен
қатар оқудан тыс шаралар туралы барлық қатысушыларға
мәлімет беру, оқу процесі және оқу мекемесін басқару да
ақпараттық қолдау көрсету, ұстаздарды, ата-аналарды, оқу
мекемелерінің әкімшілігін және жұртшылықты ақпаратпен
қамтамасыз етуге бағытталған.
Достарыңызбен бөлісу: