Ш.Қ. Наурызбаева КӘсіптік оқыту жүйесіндегі педагогикалық менеджмент



Pdf көрінісі
бет28/81
Дата20.09.2023
өлшемі1,05 Mb.
#109265
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   81
Басқару органы
Негізгі функциялары 
ҚР-сы Үкіметі 
Білім саласындағы мемлекеттік саясатты 
анықтайды; білімді дамытудың мемлекеттік 
бағдарламаларын 
және 
стратегиялық 
жоспарларын 
жасайды; 
Мемлекеттік 
тапсырыс 
пен 
білімді 
қаржыландыру 
құжаттарын бекітеді; Мемлекеттік білім беру 
органдарын құрады, жояды; білім беру 
қызметтерін лицензиялау ережелерін бекітеді, 
т.б. 
Орталық атқарушы 
орган 
ҚР білім және ғылым 
министрлігі 
Білім саласындағы бірыңғай мемлекеттік 
саясатты 
жүзеге 
асырады; 
білім 
беру 
мониторингін 
жүргізу 
негізінде 
басқару 
жүйесін ақпаратпен қамтамасыз етеді; білім 
сапасын басқаруды жүзеге асырады; ҚР білім 
беру қызметтерін үйлестіреді; білім беру 
мекемелерін лицензиялау, аттестаттау және 
аккредитациялау 
жұмыстарын 
жүргізеді; 
ведомстволық 
бағынышты 
ұйымдарды 
мемлекеттік 
бюджет 
есебінен 
қаржыландырады; барлық білім салаларының 
қызметін жоспарлайды және ұйымдастырады, 
т.б. 
Білімді басқарудың 
жергілікті органдары 
(білім 
департаменттері,т.б.) 
Тиісті 
әкімшілік-аймақтық 
бірлік 
аумағындағы 
білімді 
дамыту 
бағдарламаларын 
бекітеді; 
жергілікті 
деңгейдегі 
білім 
саласын 
жоспарлауды, 
ұйымдастыруды және үйлестіруді жүзеге 
асырады; педагог кадрлардың біліктілігін 
арттыру мәселелерімен айналысады, т.б. 
Білім мекемесі 
(ұйымы) 
Оқу-тәрбие 
процесін 
жүзеге 
асырады, 
кадрларды іріктеу және қабылдау, қаржылық-
шаруашылық қызметтерін жүзеге асырады. 
Алқалық 
басқаруды 

Ғылыми 
(Педагогикалық) кеңес, ал 
тікелей басқаруды - басшы (ректор, директор) 
жүзеге асырады. 


Наурызбаева Ш.Қ. 
44 
Қазіргі өскелең өмір талаптарына сай жастарға білім және 
тәрбие беру, оларды жан-жақты дамыту, қоғам алдында тұрған 
басты міндеттердің бірі. Білім беру – бұл қоғам мүшелерінің 
адамгершілік, интеллектуалдық мәдени дамуының жоғары 
деңгейін және кәсіби біліктілігін қамтамасыз етуге бағытталған 
тәрбие беру мен оқытудың үздіксіз процесі. 
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі өзара іс-
қимыл жасайтын: 
1) білім беру деңгейінің сабақтастығын қамтамасыз ететін 
мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының және 
білім беретін оқу бағдарламаларының; 
2) меншік нысандарына, үлгілері мен түрлеріне қарамастан, 
білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру 
ұйымдарының; 
3) білім беруді басқару органдары мен тиісті инфра-
құрылымдардың, оның ішінде білім беру мониторингін жүзеге 
асыратын оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік қамтамасыз 
ету ұйымдарының; 
4) білім беру қызметінің субъектілері бірлестіктерінің 
жиынтығын бiлдiредi



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет