Ш.Қ. Наурызбаева КӘсіптік оқыту жүйесіндегі педагогикалық менеджмент



Pdf көрінісі
бет2/81
Дата20.09.2023
өлшемі1,05 Mb.
#109265
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   81
Байланысты:
Наурызбаева Ш. КӘСІПТІК ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ

 
 
 
 
КІРІСПЕ 
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-
2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында білім 
берудегі менеджментті жетілдіру, оның ішінде корпоративтік 
басқару принциптерін енгізу, білім беруде мемлекеттік-жеке 
әріптестік жүйесін қалыптастыру; білім беруді дамытудың 
мониторинг жүйесін жетілдіру, оның ішінде халықаралық 
талаптарды ескере отырып, ұлттық білім статистикасын құру 
міндеттері атап көрсетілген.
Қазіргі таңда менеджмент басқару туралы ғылым мен өнер 
ретінде табысты еңбек етіп отырған кез келген ұйым үшін аса 
маңызды. Білім беру саласы да бұдан шетте қала алмайды, 
себебі қазіргі нарықтық және бәсекелестік жағдайда білім беру 
мекемелерін басқару ісіне ғылыми негізделген сипат беру 
қажеттігі туындап отыр 
«Кәсіптік оқыту жүйесіндегі педагогикалық менеджмент» 
пәні студенттер бойында ғылыми-педагогикалық, басқаруды 
қалыптастыруға, оларда кәсіби білім беру жүйесіндегі басқару 
міндеттерін шығармашылық тұрғыдан шешуді дамытуға,
педагогикалық менеджмент жүйесіндегі тұлға мен ұжымның 
рөлі туралы білімдерді қалыптастыруға бағытталған.
Пәннің теориясын меңгеру барысында студенттер бойында 
педагогикалық 
менеджмент 
саласына 
қажетті 
төмендегі 
біліктіліктердің қалыптасуына көмектеседі: 
– білім беру мекемелерінің қызметін қойылған мақсатқа 
жетуге; 
– білім беру мекемелерінің жұмысын жоспарлауға, 
ұйымдастыруға және оның орындалу сапасына талдау жасауға; 
– басқару шешімдерін тиімді қабылдауға; 
– жаңа ақпараттық технологияларды, кәсіби білім беру 
жүйесі қызметкерлерінің жұмысын озық педагогикалық және 
ғылыми тұрғыдан ұйымдастыруға; 


Наурызбаева Ш.Қ. 

– басқару тәжірибелерін жинақтауға және ендіруге 
бағдарлайды.
«Кәсіптік оқыту жүйесіндегі менеджмент» пәнін оқыту 
мақсаты – кәсіптік оқытуда болашақ ұстаздардың 
педагогикалық менеджмент жүйесінде жұмысқа дайындығын 
қалыптастыру болғандықтан, осы пәнді оқытуда мынадай 
міндеттер қойылған: студенттерді кәсіби білім беру жүйесінде 
педагогикалық менеджменттің ғылыми-теориялық негіздерімен 
таныстыру және олардың негізінде кәсіби білім беру 
мекемелерінде оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру мен басқару 
икемдімділіктерін, дағдыларын қалыптастыру. Осы пәнді оқу 
студенттерге кәсіби білім беру жүйесінде педагогикалық 
менеджменттің құрылымы мен мазмұны, педагогикалық 
менеджменттің қағидалары, қызметі және әдістері, білім беру 
мекемелерінің басшыларының басқару қызметін жүйелілік 
тұрғысы негізінде ғылыми ұйымдастыру, басқару шешімдерін 
қабылдаудың үрдісі мен технологиялары, білім беру жүйесін 
ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету, кәсіби білім беру 
мекемелерінің 
материалдық-техникалық 
базасын 
басқару
туралы білімдерді қалыптастыруға, білім беру жүйесіндегі сапа 
менеджмент жүйесін және педагогикалық менеджментті 
ақпараттық қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. 
Оқу құралын дайындағанда автор оқу жоспарын және 
пәннің типтік бағдарламасын басшылыққа алып, көптеген 
әдебиеттер пайдаланды. 
Бұл оқу құралы студенттердің педагогикалық менеджмент 
саласындағы тәжірибелері мен озық ойларын терең зерделеуге 
көмегін тигізеді; алған білімдерін басқару ісінде тиімді 
қолдануға үйретеді; білікті мамандарды қалыптастырудың 
негізін құрайтын ұғымдармен таныстырады.
Ұсынылып отырған оқу құралының мазмұны студенттерге 
теориялық білімдерді өз бетінше оқып-үйренуге және бекітуге 
мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет