1917—1920 жылдар аралығында болған окиғаларды егжей-тегжейлі баяндап,
оларды «Екі диктатура арасында» деп атайды. Автордың айтуына Караганда,
патша өкіметінің кұлауы туралы хабарды жетісулықтар «монархияга адал
берілгендік» немесе «либералдардың оң қанатына сенім» көрсетпей қарсы
алған.37 Петроградта, Мәскеуде, Ташкентте және баска да революциялық ор-
талықтарда казактар көпшілігінің бейтараптығы большевиктерге пайдалы
болып шықты.38 Казактардың 1917 жылғы өрекеттерін зерделей келіп, автор
1918 жылғы 4 наурызда Верныйда Уақытша үкімет комиссарлары өкіметінің
құлатылуы мен Кеңес өкіметінің орнатылуына байланысты корытынды шы-
ғарады. Корыты нды сы ндатақы ры пты ңаз зерттелген, автор анықтаған про-
блемалардың тізбесі келтіріледі, олардың ішінде казаксыздандыру да бар.
«Кеңес өкіметі органдарының казаксыздандыру деп аталған әрекеттері, — деп
нақтылай түседі автор, — мемлекеттік мекемелер ретінде казак әскерлерін
таратудан гөрі, сословиені жою мен жер игеру реформасынан гөрі, Ресейдің
өмір шындығынан казактарды әлеуметтік-этникалық кұрылым ретінде сы-
зып тастау әрекеттерінде болатын».39
Көріп отырғанымыздай, казактар самодержавиеніңтірегі мен корғаны бола
отырып, оның Қазақстандағы идеялары мен ниеттерін жүргізушінің елеулі
рөлін атқарған. Сонымен бірге орыстың коныстанушы деревнясынын өкілдері
ретінде де казак тұрғындарының Қазакстандағы қоныстану аймақтарын игере
отырып, өзара ықпал ж әне өзара іс-кимыл жасау негізінде казак халқымен
шаруаш ылык-экономикалық, мәдени араласу үрдісін тездете түскенін атап
өткен жөн.
Көптеген өлкетанушылықеңбектердің арасында В. А. Терещуктің «Көкше-
тау туралы әңгімелер» деген кітабы ерекше. Кітаптың «Казактар — патша
өкіметінің сенімді тірегі» деп аталған бөлімінде автор оларға «патша үкіметі
бүлік шығарган бүлікшілерді бағындыру, бүкіл қырғыз-кайсақхалкын жоға-
ры монарх қолына карату жөніндегі үмітті жүктёді» деп атап көрсетеді.40
В. А. Терещук казактардың казақтарға ғана емес, қоныс аударушы мұжықта-
рға да менсінбей қарағанын баяндайды. «Казактарға жалпы жұрт назарының
аударылуы, кейде оларға етпеген еңбегін, жасамаған ерлігін жөн-жосықсыз
таңа салу олардың арасында өздеріне деген зор сенім, жеңілісті білмеу, ерлік
рухын туғызды. Олар өздерін бұрынғысынан да күшті даңққа бөлеп, патша
мен Отанға жан сала қызмет ететін, орыс шебін қорғаушылар ретінде көрінуге
ұмтылды. Сондықтан әрбір ретге дабыл алғашқы қағылғаннан кейін аттарына
ер салып, дипломатия, зандар, халық тілегі дөрменсіз болған жерге шауып
жететін».41
Сонымен тарихнамада XVIII—XIX ғасырларда Ресей империясының Қазақ-
станды жаулап алуын айқындаушы проблемалардың бірі ж әне кең-байтақ
аумақты отарлықшет аймаққа айналдыру көрсетілді. Бұл бір жолғы саяси акт
болған ж ок, оның нысаналы ж әне үзақ уақыт жүргізілуі қазақ қоғамының
тарихы мен өмірінің барлық жақтарына ықпал жасады.
Достарыңызбен бөлісу: