Ш. Ш. УӘлиханов атындағы тарих және этнология институты



Pdf көрінісі
бет7/460
Дата27.09.2024
өлшемі47,68 Mb.
#145971
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   460
Байланысты:
Қаз тарихы 3 том

КІТАПХАНАГ
17


шоғырланған көрінісі болды. «Қазақстан Ресей империясының құрамында» 
деген бөліміндегі біртарау «Қазақстанның Ресейге қосылуы: кіруі, жаулап 
алуы, отарлауы» деп аталады. Онда XVI—XVIII ғасырлар бойындағы екі ха- 
лы к арасындағы саяси байланыстар туралы материал баяндалады; Ресейдің 
Хақназар және Тәуке хандарға жаксы көзқараста болтаны туралы; Қазақстан 
аумағына жоңғарлардың басып кіріп, Кіші жүз қазақтарының бір бөлігінің 
Ресей бодандығын қабылдауын тездеткені туралы, рубасылары мен Әбілқайыр 
хан арасында елеулі алауыздык болтаны, Әбілкайыр ханның патша үкіметіне 
жасаған өтінішінде Орта жүз бен Үлы жүзді бодандыққа қабылдауды сұрап, 
халық атынан әрекет еткені, ал олардың едәуір кейініректе және баска жаг- 
дайларда қабылданғаны туралы айтылады. Патша өкіметі саясатының отар- 
шылдык бағытының күшейе түсуіне, оның жаңадан қосылған жерлерде ішкі 
саяси жағдайды қиындатканына баса көніл бөлінеді. «Қазақстан тарихының» 
авторлары отарлау саясаты казак жерін айналдыра бекіністі шептерді құру 
мен бүл жерлерде ресейлік басқару жүйесін енгізуден көрінді, мұныңөзі казак 
халкының көпшілік бөлігінің наразылығын туғызып, біркатар толкуларға 
ұласты деп санайды. Қорыта келгенде, мынадай айкын баға берілген: «Кіші 
жүздің едәуір бөлігі, Орта жүздің кейбір аудандары Ресей бодандығын өз 
еріктерімен кабылдады. Орта жүздің көпшілік бөлігі мен Оңтүстік Казак- 
станның біркатар аудандары патша үкіметі әскери күштерінің көмегімен 
косылды. ...Халыктың басым көпшілігінің үстінен бакылаусыз билік жүргізуге 
ие болтан Ресей барлыксалада дерлік отарлау саясатын кеңейтетүсті».31 Бұл 
бөлімде К азақстанның Ресейге косылуы кезеңіндегі ұлт-азаттык күреске 
катысты материал мол камтылган.
Алайда зерттеушілер мәселенің бұлайша койылуы да тарихи акикатты 
көрсетпейдідегентұжырымга баргансайын көбірек ден коюда. Зерттеушілер 
«косылу» үгымын түрлішетүсіндіреді. Атап айтканда, М. Козыбаев «косылу» 
термині тарихи үрдістің мәнін дәл білдірмейді, күштеу негізінде болтан қор- 
лауш ы лы қ мәні бар деп есептейді. Оның пікірінш е, Қ азакстан негізгі 
объектіге косылган субъекті рөлінде көрінеді. Кезінде империялық кеңсе- 
лерде жасалып, кеңестік ресми тарих тылымында кабылдантан термин іс 
жүзінде «басып алу», «агрессия», «жаулап алу» деген терминдердің баламасы 
болып көрінеді.32
Ресейдің Сібірді отарлауы Қ азан, Астрахан ж әне Қырым хандыктарын 
ж ау лап а л ган н ан к е й ін б асталды деп сан ау к е р ек болтаны м әлім . 
Зерттеуш і В. В. Каргалов баскаша болтан деп есептейді, ол былай деп жаза- 
ды: «Батыс Сібірді Ресей мемлекетіне дәстүр бойынша косып алу ертерек 
басталды ж әне 1483 жылы Сібір жеріне жасалган үлкен жорықты бастаган 
алгаш кы орыс воеводалары кінәздер Федор Курбский мен Иван Салтык- 
Травин болтан».33
Сөйтіп В. В. Каргалов патша өкіметінің Шыгыс жөніндегі отаршылдык 
саясатының басталу кезеңін таты да бір гасырта шегіндіреді. Одан кейінгі ке- 
зендерде Сібірдің әртүрлі облыстарын, соның ішінде Кенді Алтай мен Орал- 
ды Ресей мемлекеті бірінен кейін бірін жаулап ала берді.
Әртүрлі ұрпақтардыңжекелеген зертгеушілерінің А. И. Тевкелевтен кейін 
Қазакстанның Ресей өрісіне сөзсіз қосылуын біржола айкындатан стратегия- 
лык кезенді I Петрдің есімімен және іс-әрекетімен байланыстыруы орынды.
I Петр Сенаттың жауапты кызметкері И. Кириллов пен дипломат, Сырткы 
істер коллегиясыныңтілмашы А. И. Тевкелевке (православие дінін кабылда-
18


ғанға дейін — Құтлымбет мырза, Мәмет мырза) қазақтарды Ресей бодандыгы- 
на өткізу жобасын әзірлеуге тапсырма берді.
Казақстанды жаулап алудыңодан кейінгі онжылдықтарда, Н. Г. Аполло- 
ваның айтуынша, «патша өкіметінің «даланы бейбіт жолмен жаулап алу ж әне 
қазақхалқыны ңмәңгілік бодан болуы» дейтінді жүзеге асыруға бағытталған 
кең көлемді агрессиясы» түпкілікті ресімделген стратегиясы осылайш а 
белгіленді.
Ресей елшісі А. И. Тевкелевтіңкүнделігінетарихшылар әлдеқашан назар 
аударған болатын. Келіссөз бір жыл 49 күн бойы жүргізілді, бүл оған казак 
қоғамын едәуір дәрежеде жаксылап зерделеуге ж әне оның ықтималды 
мүмкіндігін анықтауға жағдай жасады. Ресей саясаты емін-еркін дала халкы- 
мен карым-катыс тәжірибесін жинактады. Келіссөз кезінде дала жүртының 
билеуші жоғары топтары екіге: Әбілқайыр ханның жақтастарына, сондай-ақ 
бодандықты кабылдауға қарсыларға бөлінді. Жанталас кездерінде ханды жақ- 
таушылар баска бір амал тапты. Бодандықтуралы келіссөз Ж етіру тайпалар 
одағынан шыкқан, Кіші жүздің көрнекті көсемдерінің бірі Бөкенбай батыр- 
дыңТевкелевкедеген ізгі ыкыласыныңаркасындағанатабыскажетгі. Бөкен- 
бай батыр өзін е баш құрттар мен ж айы қ казактары тарапы нан көм ек 
көрсетілсе, оның өзі мен күйеу баласы (Құдайназар батыр) «кырғыз-кайсак 
ордасын екі жылда қылыштың күшімен Ресей бодандығына келтіруге уәде 
беретіндігін» айтты.34
Кейін А. И. Тевкелев миссиясының барлық материалын корыта келіп, та- 
рихшы А. И. Левшин былай деп тұжырымдауға мәжбүр болды: «Тевкелевтің 
Ордаға келуі айлакер Әбілкайырдың билік сүйгіш бүкіл ойын ашып көрсетті. 
Ресейдің жаңа бодандарынан ант алуға келген шенеуніктер өз ойларындағы 
дәрежеде кабылданбағаны былай тұрсын, келген бойда-акөмірмен коштаса 
жаздады... Кіші ордадағыдай Ресейді жактаушылар өз ішінде сонш алы кбол- 
маған карапайым халык өз тәуелсіздігінен айырылғысы келмеді, бәрін де бас- 
каша түйсінді, сондыктан да өздерінің Ресейге бағынған тайпаластарына кат- 
ты карсыласты».
Сонымен XVI ғасырдың ортасынан бастап XX ғасырдың басына дейінгі 
қазак-орыс қатынастарының проблемасы отандыктарихтағы басым пробле- 
малардың бірі болып табылады. Бұдан бүрынғы тарихнамада бұл проблема 
алуан түрлі бағаланды, кеңестік кезенде «косылу» ұғымының классикалы к 
ұғымға айналдырылғанынан бастап, Кдзакстан өз тәуелсіздігін алған алға- 
шкы жылдарда енгізілген «кіру» терминімен аякталды. Калай болғанда да, 
халыкаралыккатынастардағы аса киын тоғысулары салдарынан Қазақстан- 
ның саяси тәуелсіздігі мен мемлекеттік егемендігінен екі жүз алпыс жылдай 
уакытка айырылғаны тарихи факт болып табылады.
Бүкіл дүниежүзілік тарих калыптаса бастаған сауда-шаруашылык байла- 
ныстары мен кеңейе түскен дүниежүзілік рынок адамзаттың алдына жекеле- 
ген дүниежүзілік мемлекеттердің сауда жолдары тіршілігін өз колында ұстауға 
ұмтылу фактісін тартты, өз кезегінде бұл олардың дүние жүзіндегі сауда және 
өнеркәсіп жөнінен бақталастығын туғызды. Осындай жағдайларда Орталык 
Азия елдерініңтарихы өзгеше калыптасты. Адамзаттың өткендегі жалпы та- 
рихынан бастау алып, гүлденген далалык өркениетті Қазакстан шектес жат- 
қан алып көршілерінің сырткы саясатында көңіл аударарлык объектіге айна- 
лады. Абсолюттік монархия орнығып, орталыктандырылған мемлекетке ай- 
налған, Азия халықтарын дипломатиялык жолмен бағындыру ж әне әскери
19


экспедициялар жөнінен тәжірибесі бар Ресей «Азияның барлық елдері мен 
жерлеріне жеткізетін қақпа кілті» болуға тиісті казақж еріне көзін тіге баста- 
ды. Бұл орайда Ресей империясы ішкі кажеттерін де, Еуропа және Азия кұрлық- 
тарында орнығып алу кажеттігін де негізге алды.
Казақстанды бағындыру кезінде Ресей саясатының табыска жетуіне Ор- 
талық Азия аймағындағы Үлы дала көшпелілері мен оның көршілеріне тиімді 
болмаған жағдай да себепші болды. Жоңғария, Кытай, Осман империясы, Орта 
Азия хандыктары, Англияның мүдделері Орта Шығысқа келіп токайласты.
Ресейдің «шығыстағы саясатында» қазақтар жөніндегі мәселе К азак хан- 
дығымен байланыс жасаған III Василий билік еткен кезден бастап-ақмаңызды 
орын алған еді. Егер қазақ-орыс катынастары XVIII ғасырдың басына дейін, 
оның алдындағы екі ғасыр бойы Ресей экспансиясының өрістей түскеніне қара- 
мастан, тәуелсіз екі мемлекеттің өзара қатынастары болып келсе, Үлы Петр 
реформалары кезінен бастап Ресейдің Орта Азия мен Қазақстан жөніндегі 
сыртқы саясатында Дала өлкесін жалмап-жұту сарыны басымдықала бастай- 
ды. I Петрдің «шығыс идеясы» Үндістан ж әне Қытай жерімен өтетін сауда 
жолдарын басып алу жоспарын туғызды.
XVIII ғасырдың бас кезі қазақтар үшін сыртқы саяси жағдайдың қиында- 
уы мен ерекш елен еді. Ж а н -ж ак та н : солтүстік пен баты стан — Ресей 
мемлекетінің, шығыстан — жоңғарлардың, оңтүстіктен — Орта Азия хандык- 
тарының саяси қысым жасауы айкын аңғарылды. Сонымен бірге казақ қоғамы- 
ның өз ішінде дағдарысты құбылыстар epic алды: көшпелі ұжымдар арасында 
ынтымак болмады, алауыздықетек алып, рулықтартыс, билік күрылымдары 
жолындағы ішкі саяси күрес күшейді, сол жылдарда қазіргі Казақстан аума- 
ғында «барша жұртқа карсы баршаның соғысын» бастаған «келте хан» дейтіндер 
бас көтерген еді. Бұл соғыстар мемлеқеттің экономикалык негізін әлсіретті, 
оныңматериалдықресурстарын азайтып, адамдар йығынын көбейтті.
Бүл дәстүрлі көш іп-кону жолдарының өзгеруіне және жалпы алғанда 
көшіп жүру жүйесінің бұзылуына әкеп соқты. Ақырында, қазак қоғамының 
дамуындағы келеңсіз окиғалар мен кайшылықтардың шыркау шегіне жеткен 
кезеңі Казақстан тарихына «Ақтабан шұбырынды» деген атпен енген 1723— 
1727 жылдар болды. Бұл қансыратқан қасіретке толы, ашаршылық, адамдар 
құрбан болып, экономика күйзелген, өндіргіш күштер кұлдырап, мәдениет 
кері кеткен заман еді.
С оны мен бірге тұрмыс салты бір номадтардың, шыыына келгенде, 
дүниежүзілік империялар мен алып көршілерінің «үлкен саясатына» құрбан 
болған туыскан халықтардың өзара соғыскан фактісі назар аудартады. Қалай 
болғанда да, Отан тарихында ұзакка созылған казак-жоңғар соғысының бол­
таны, онда жоңғарлар агрессиясына карсы к а за к халқының халыктык жаса- 
ғының шешуші рөл аткарғаны анык. Егер туған жер және ата-бабалар конысы 
корғалғанын ескерсек, жай ғана жасактар соғысы емес, Отан соғысы деуге 
болады.
Туған жерінің батыс және солтүстік-батыс шекарасына қарай ығыстыры- 
лған қазак рулары Еділ мен Жайықарасындағы кеңжайылымдарды пайдала- 
ну шиеленісіне тап болды, мүның өзі орал казактарымен және калмактармен 
кайшылыктарға әкеп сокты. Оның үстіне жоңғарлар агрессиясы салдарынан 
казак жүздері арасындағы шаруашылык-саяси байланыстар едәуір әлсіреп 
кетті, ал оның одан әрі аскынуына руаралық араздык пен бытыраңкылык 
себепші болды. XVIII ғасырдың бірінші ширегінде еуропалык өнеркәсіп
20


өркениеті өрістеуініңбасымдығы айқын аңғарылып, ол әскери істің пәрменді 
дамуынан көрінді. Оқ ататын кару мен артиллерия атты әскерді ығыстыра 
бастады.
Ресей империясының айыр басты бүркітіне Казакстанның бағынуы бір 
сөзбен айтқанда, 1731 жылдан бастау алады. Бұл Кіші жүздің билеушісі 
Әбілқайыр ханның Ресей императрицасы Анна Иоанновнадан бодандыққа 
қабылдап, қамқорлыққа алуын өтінген жылы еді.
Әбілқайыр ханның жасаған әрекеті тарихнамада өте кайшылықты баға- 
ланды. Оныңжағымсыз жақтары деп: жеке-дара билікті көздеген зымияндык; 
ол барлық қазақтардың атынан әрекет жасағандыктан, казак руларының 
мүдделерін елемеу; Әбілкайыр мен оның айналасындағылардың қүдіретті дер- 
жаваның камқорлығы аркасында баска бақталастарынан астамдык алуы атал- 
ды. Әбілкайыр бастаған Кіші жүз казактарының Ресеймен құжатка кол коюын 
актайтын себептер арасында мыналар: сырткы саяси факторлар — жоңғарлар 
агрессиясынатойтарысберу кажеттігі; Иран шаһы Н әдірдіңжаулауш ы лык 
өрекеттеріне байланысты Казакстанның оңтүстік шептеріне кауіп төнуі; Орта 
Азия хандыктарыныңОңтүстік Кдзакстан жерлерінесұктануы; казактардың 
шекаралас жерлеріне башкұртгардың, Еділ калмактарының, Ж айы қ казакта- 
рының, Сібір әскерлерініңжиі-жиі шапкыншылыкжасауы аталады. Ішкі және 
баска да кейбір факторлар — рулық аксүйектер мен жергілікті билеушілер 
сепаратизмін түп-тамырымен жою кажеттігі; бір орталықка бағынатын мем- 
лекет құру керектігі; қазак халқының жоңғарлар тарапынан ұзак уакыт бойы 
жасалған агрессиядан, хандар, сұлтандар, аксакалдар арасындағы өзара кыр- 
кыскан соғыстардан, сырткы дүниеден оқшауланудан шаршағандығы; Ресей 
экспедицияларының казак даласына жасаған барлаушылык кызметі мен 
қалмақтар жаулап алған казак ж ерлерінде бекіністер салуы; А. И. Тевке- 
лев, И. И. Неплюев ж әне баскалар аркылы Әбілкайырды орыс бодандығын 
кабылдауға итермелеген Ресей дипломатиясының кызметі; X V IIIғасырды ң 
бірінші ширегіндегі Қазакстанның экономикалық жағдайының киындығы ай- 
тылады.
1731 жылғы 19 акпанда императрица Анна Иоанновна Әбілкайыр ханға Кіші 
жүзді Ресей бодандығына кабылдау туралы сыйл ык грамотаға кол койды. 1731 
жылғы 10 казанда Әбілкайыр ханмен бірге әр рудан өкіл болған 56 адам: ар- 
ғыннан — 17, найманнан — 7, кыпшактан — 4, тамадан — 2, жағалбайлыдан — 3, 
кердеріден — 1, алаштан — 4, байбактыдан — 2, жаппастан — 2, маскардан — 2, 
табыннан — 10, шөмекейден — 1, кетеден — 1 адам кол койып, Ресей тағына ант 
берді. (Крафт И. И. Казактардыңорыс бодандығын алуы. Орынбор, 1897; Сон- 
дай-аққараңыз: «Айкап». Кұрастырғандар: Ү. Субханбердина, С. Дәуітов. А., 
1995,49-52-6.).
Кіші жүз бен Орта жүз аксакалдары мен сұлтандарының 1740 ж. Орынбор 
маңында өткен съезі Ресей бодандығының алғашкы нәтижелерін нығайтуға 
себепші болды. Оған катыскан Әбілмәмбет хан мен Абылай сүлтан калыптас- 
кан жағдайды ескере келіп, Ресей бодандығын кабылдауды жактап, Қ азак- 
станды жоңғарлардың басып кіру каупінен корғауға ұмтылды. Кіші жүз бен 
Орта жүз сүлтандары мен ақсакалдарының 1740 жылғы ант беруі Ресейге Орта 
жүздің бір бөлігінің ғана бағынғанын көрсетті. Ал Солтүстік-Ш ығыс ж әне 
Орталық Қазакстанның негізгі аймактары империяның қүрамына патша 
өкіметінің әскери-саяси әрекеттері салдарынан XIX ғасырдың 20—40-жылда- 
рында ғана кірді. I Петрдің арманы іске асырылды.
21


Қазақтардың Ресей империя^ына протектораттықтәуелділікті тану про- 
блемасы көптеген зерттеушілердіңеңбектеріндегіталдаутакырыбынаайнал-
Д Ы
.35
Кіші жүз бен Орта жүз казақтары бір бөлігінің Ресей билігін тану мәселесі 
Білім ж әне ғылым министрлігі — Ғ ылым академиясыныңотандықтарих пен 
халық бірлігі жылына арналған сессиясында да каралды (1998 ж. 4 шілде).36
Х алы қж азуш ы сы , белгілі зерттеуші М. Мағауин Казакстан тарихына өз 
көзкарасын «К азақтарихыны ңәліппесі» деген кітабында (А., 1995) баянда- 
ған. Онда қазақ мемлекеттілігінің көкейкесті проблемалары, казакхалқының 
жоңғар баскыншыларымен күресінің негізгі кезендері карастырылып, отан- 
дықтарихты зерделеудегі бірсыпыра, оның ішінде кейбір елеулі олкылыктар 
аныкталған.
Кеңестік коғамтанушылар үшін К. Маркстің өз серігі Ф. Энгельскехаты 
үзакжы лдар бойы методологиялык нұскау болып келгені мәлім, бүл хатында 
ол былай деп жазған: «Ресей Ш ығыска көзкарас жөнінен шынында да 
прогресшіл рөл аткарып отыр. Бүкіл пасыктығына және славяндык ластығы- 
на карамастан, Ресей үстемдігі Кара теңіз бен Каспий теңізі және Орталык 
Азия үшін, башкұрттар мен татарлар үшін өркениеттендірушілік рөл аткару- 
да» (К. Маркс пен Ф. Энгельс. Шығ., 24-т., 241-6.). Алайда ресей зерттеушілері 
бұл мәтіннен «бүкіл пасыктығына ж әне славяндык ластығына карамастан» 
деген тіркесті алып тастаған. Ал аймақтар тарихшыларының дәйексөзді осы- 
лай кыскартусыз пайдалануға батылы бармады. Мұндай көзкарас жағдайында 
«Кара теңіз бен Каспий теңізі ж әне Орталык Азия үшін, башқұрттар мен 
татарлар үшін» Ресейдің аткаратын рөліне К. Маркстің бағасы мүлде өзгеше 
мағынаға ие болды.
Бүгінгі танда Шығысхалыктары үшін Ресейдіңаткарған рөлін бағалауда не 
өзгерді? Егемендік пен тәуелсіздік алғаннан кейін а‘қикатты каймыкпай айтуға 
кол жетті. К. Маркстің «бүкіл пасыктығына және славяндыкластығына кара­
мастан» деген сөздері накты мазмұнмен толыкты. Орталык Азияның халыкта­
ры үшін Ресейдің «бүкіл пасыктығы және славяндык ластығы», кесіп айтқанда, 
казақтарды отарлауы, геноцид пен этноцид, орыстандыру, кұнарлы жерлерін 
тартып алу саясаты, үлт-азаттык козғалысын басып-жаншу және т.б. түрінде 
көрініс тапты. Бүған ұлт-азатгык козғалыс тарихы жөнінде жарияланған көпте- 
ген деректі жинактар, сондай-ак Ғ. Сапарғалиевтің «Патша өкіметінің Казак- 
стандағы жазалау саясаты» деген монографиясы (А., 1960) дәлел болады.
А йты с кы зуы на беріліп, зерттеуш ілердің кейде тым кы збалы кка
бірбеткейлікке жол беруі де әбден мүмкін. «Пасыктык пен славяндык лас- 
тыкты» тым коюландыруды, ал оның 260 жыл ішінде әбден кордаланып кал­
ганы да рас, біздің Ресейдегі әріптестеріміз кейде үстірт кабылдайды. Мүның 
бәрін түсінуге болады.
Сонымен бірге, бірен-саранын коспағанда, Казакстан зерттеушілері бұры- 
нғысынша Ш ығыс жөніндегі Ресейдің өркениетшілдік рөлін барынша атап 
айтады. Ол шет аймақ халыктарын орыс ж әне еуропа мәдениетіне тартуда, 
өндіргіш күштерді жедел дамытуда, империя күрамында бүкіл дүниежүзілік 
тарих үрдістеріне қатысуда болатын.
Калай дегенмен де, Ресей күрамындағы Казакстан тарихы проблемалары- 
ныңтарихнамалык ізденістері осы бағытта жүріп келеді.
Бұл тезисті өлкені отарлау тарихнамасын зерттеу мысалымен дәлелдеп 
көрелік.
22




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   460




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет