ISSN
2413-1032
42
№ 9(13), Vol.3, September 2016
1. а) симметриялы градуалды антонимиялық оппозицияларды (
қиын-оңай, арзан-қымбат); ә)
привативті антонимиялық оппозицияларды (
жат-жақын, жағымды-жағымсыз); б)
эквиволентті антонимиялық оппозицияларды (
әйел-еркек, оң-сол) қамтиды. 2. Антонимияны
кең мағынада түсінуге байланысты сөздіке әр түбірлі (
ащы-тұщы, кел-кет) және түбірлес
(
абыройлы-абыройсыз, таныс-бейтаныс) антонимдер енген. 3. Сөздікте антонимдер ретінде
сын есімдер (
ақылды-ақымақ, орынды-орынсыз), зат есімдер (
мұз-жалын, заңдылық-
кездейсоқ), етістіктер (
кір-шық, жан-сөн), үстеулер (
ерте-кеш, бірге-жеке) деп көрсетілген.
Сөздіктің құрылымы: 1) Сөздік негізгі бөлім мен сөздікке енген антонимиялық жұптардың
көрсеткішінен; 2) негізгі бөлім әліпби тәртібімен орналасқан антонимдер – негізгі жұптардың
сөз лұғатын қамтиды.
Антонимияны білдіретін лексикалық бірліктерге жалпы (инвариантты) сапа, яғни
антонимдердің мағыналарында ең ақырғы шекке дейін бір-бірін жоққа шығаратын қасиеттің
болуы тән:
өтірік-шын, (мұнда:
өтірік-шын емес;
ақиқатты, шындықты ең ақырғы шекке
дейін жоққа шығарады, дәл осы сияқты
шын-өтірік емес; ең ақырғышекке дейін
өтірікті
жоққа шығарады).
Антонимия бірліктері абстрактілі сипаты бар жалпы семалар арқылы ортақтасады, мыс.:
ауыр \ жеңіл-салмақ (сема);
өткен шақ \ болашақ – уақыт (сема). Арнаулы семалардың
көмегі арқылы антонимдер бір-біріне қарама-қарсы қойылады, мыс.:
ауыр \ жеңіл қатарында
көлемді, үлкен және
аз, шағын масса;
өткен шақ \ болашақ қатарында –
алдыңғы және
кейінгі
шақ, мерзім.
Ғалым Ж.Мусин құрастырған антонимдер сөздігі мынадай бағытта жасалған: 1)
Антонимдік жұптар алфавит тәртібі бойынша беілген.
2) Әрбір антонимдік жұптан кейін сөз мағыналарының қарама-қарсылық мәнін ашатын
мысалдары берілген.
3) Антоним сөздер лексикамыздағы сөздердің басқа топтары сияқты әр түрлі жұрнақ,
жалғаулар қабылдап, морфологиялық өзгерістерге түсіп отырады. Мұндайда түбірдегі
антонимдік мағына жойылып кетпей, қайта жаңа мағыналық рең қосып, антонимдердің өріс-
аумағы кеңи түседі. Сондықтан сөздікте антонимдердің, әр алуан морфологиялық тұлғаларын
да беруге тырыстық. Сондай-ақ бір антоним сөздің әр түрлі мағынада қолданылып бірнеше
сөзге қарсы мағыналас (
алу-беру, алу-салу, алу-қосу) болып келетін фактілері де ескерілген.
4) Негізгі және туынды зат есім, сын есім, үстеу антонимдер түбір күйінде, етістік
антонимдер тұйық етістік (кейде есімше) күйінде берілді. Істің объектіге жәнесубъектіге
қатысына қарай бір түбірден өрбіген етістіктердің бір-біріне қарсы мағыналас болып келетін
түрлері де (
жеңу – жеңілу, ұту – ұтылу, жығу – жығылу, қанау – қаналу, т.б.) мүмкіндігінше,
сөздіктен орын алды. Антонимдік мәні бар көмекші есімдер (
іші – сырты, асты – үсті),
есімдіктер (
әне – міне, анау – мынау) т.б. сөздер де қамтылды.
5) Сөздікті құрастырғанда, лексикалық антонимдерге ерекше назар аударылды да,
стильдік антонимдердің кейбір трлері ғана қамтылады. Өйткені тіліміздегі антонимдік
қолданыстардың барлығын дерлік жинақтау бір адамның қолынан келмейтін іс екені мәлім.
Тіпті лексикалық антонимдердің өзін де толық қамту мүмкін емес. Тіліміздегі қарсы мағыналас
сөздерді толық қамтитын антонимдердің үлкен сөздігі көп адамның ұзақ жылғы еңбегінің
нәтижесінде туу мүмкін.
6) Антонимдік мәні бар ғылыми терминдердің кейбіреулері ғана болмаса (
айырым –
қосынды, ендік – бойлық) басым көпшілігі, сондай-ақ орыс тілінен немесе орыс тілі арқылы
енген термин-антонимдер сөздікке енгізілмеді. Басқаша айтқанда, сөздік қазақтың байырғы
сөздерін ғана қамтиды.
Антонимдердің лексика-семантикалық реңі, стилистикалық мүмкіншіліктері мен өріс
аумағы, қолданылуы, тіліміздегі қарсы мағынада ұғымдарды берудің амал-тәсілдері, т.б.
мәселелерді зерттеудің ғылыми-практикалық мәні айтпаса да түсінікті болса керек.
Антонимдер үнемі бір-біріне қарама-қарсы қолданыла келе мүлде жақындасып, кірігіп
кететін жай да бар. Мұнда олар мүлде жымдасып, қосарлану әдісі арқылы жасалған бір ғана сөзге
айналады да, өздерінің алғашқы антонимдік мағынасынан айрылады. Сөйтіп кірігіп барып, бір ғана
жалпылау, топшылау, мөлшерлеу, жинақтау, болжау тәрізді ұғымдарды білдіреді. Мысалы,
үлкен-
кіші, ертелі-кеш, жақсы-жаман, алды-арты, т.б. сөздер. Жеке алғанда бұлар – бір-біріне мүлде
қарсы мағыналас антоним сөздер. Мысалы,
Ерте шықсаң, алдыңнан күн шығады, Кеш шықсаң,
алдыңнан түн шығады (мақал). Мұндағы
ерте-кеш – антонимдер.
Антоним сөздердің қарама-қарсылықты мәні олар бір сөйлем ішінде қатар
қолданылғанда айқын аңғарылады. Мұндайда антоним сөздердің мағыналық қарама-
Достарыңызбен бөлісу: