ҚҰРЫЛЫМЫ ТУРАЛЫ Ф. ғ. к., доцент Найманбай Айнұр Қазақстан, Астана, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Abstract. Stylistic qualities of contextual antonyms, its wordformation and structure in antonymic dictionaries, its usage in artistic proze. Keywords: opposite, context, structure, lexicology, logics. Антоним қарама-қарсылығы әлем тілдерінің бәрінде де бар құбылыс. Антоним – гректің
«onty – қарсы және onyma – атау, есім» деген сөзінен шығып, қарама-қарсы есім дегенді
білдіріп, қарама-қарсылықты зерттейтін лексикологияның антонимика саласында
қарастырылады: «антоним ағыл. Antonyms, франц. Аntonymеs, неміс. Antonymе, gegensatzliche Worter, испан. Рalabras antonimas», т.б.
Антонимия – лексикалық единицалардың мағыналық жағынан қарама-қарсылығы.
Антонимия – тілдің лексикалық жүйесінде синонимия сияқты басқа жүйелік категорияларға
қарағанда аз зерттелген негізгі құбылыстардың бірі болып саналады. «Антоним» деген
лингвистикалық терминнің тіл біліміне енуінің өзі үлкен қызығушылық тудырады. Тұлға мен
мазмұн жағынан «синоним» терминімен қатысты бола тұра, ол тіл біліміне салыстырмалы
түрде кеш енеді.
XVIII-XIX ғасырда қарама-қарсы сөздерді әр түрлі атаумен белгілеу орын алған: «қарсы
заттар» (М.В. Ломоносов); «қарама-қайшылық, қарама-қарсы» (И.И. Давыдов); «қарсы мәнді,
қарама-қарсы, қарсы атауыш сөздер» (И.И. Срезневский) т.б.
Ғалым В.А. Иванова өзінің «Антоним термині жөнінде» деген мақаласында
антонимдердің тіл біліміне қалай енгендігі жөнінде баяндап өтеді. Ғалымның ойынша,
«антоним» термині де, жалпы антоним жөнінде де ешбір сөз болмай, ол мүлде ұмытылады да,
тек жүз жылдан соң барып қана антонимдерге қайта көңіл бөлінеді. Бірақ, енді ол француз