Ш. Уәлиханов атындағы кму хабаршысы issn 1608-2206 Филология сериясы. №4, 2019



Pdf көрінісі
бет21/341
Дата07.01.2022
өлшемі3,45 Mb.
#18687
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   341
Байланысты:
Vestnik 4 2019

 

Қ.М. Абдуллаева  

PhD  докторант,  С.  Торайғыров  атындағы  Павлодар  мемлекеттік  университеті,  Павлодар  қ., 

Қазақстан, е-mail: akm1166@bk.ru  

 

М.Ж. КӨПЕЙҰЛЫ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ КІРМЕ СӨЗДЕР  



 

 

Мақалада  М.Ж.  Көпейұлы  шығармаларындағы  кірме  сөздер  талдауға  алынып, 

қолданылу ерекшеліктері  айқындалады. Оның ішінде, мағынасы түсініксіз сөздерге ерекше 

көңіл  бөлінеді.  Түсіндірме  сөздіктер  бойынша  берілген  мағыналары  салыстырылып, 

қаламгер қолданысындағы мән-мағынасы анықталады. 

 

М.Ж.  Көпейұлы  шығармаларындағы  кірме  сөздер  арқылы  қоғамдық  өзгерістердің 

қазақ  халқының  тұрмысында,  дүниетанымында  қалайша  көрініс  тапқандығы,  ұлт 

мәдениетінде  қалай  өріс  алғандығы  анықталады.  Кірме  сөздер  көркем  шығармалардан 

алынған мысалдар арқылы дәлелденеді.  

 

Тірек сөздер: кірме сөздер, көпмағыналы сөздер, түсіндірме сөздік, араб сөздері, парсы 



сөздері, түрік сөздері, орыс сөздері т.б.  

 

КІРІСПЕ 



 

 

Әрбір  тілдің  сөздік  құрамы  тек  өзінің  ішкі  мүмкіндіктері  арқылы  ғана  толығып 

кемелденбейді, өзге тілден енген кірме сөздер арқылы сөздік құрамын байытып, жетілдіріп 

отырады.  Қазақ  халқы  өзінің  даму  тарихында  көптеген  елдермен  араласып,  түрлі  қарым-

қатынаста  болғаны  мәлім.  Сондай  қарым-қатынастың  арқасында  сөздік  қорымызға  басқа 

тілдерден  кірме  сөздер  еніп  отырды.  «Сөздік  қорды  толықтырудың  заңды  әдісі  болып 

табылатын бұл тілдік құбылыс тарихтың түрлі кезеңдерінде әртүрлі жолменен жүзеге асып 

келді» [1, 55]. Әсіресе, араб, парсы сөздерінің қазақ тіліне енуі көптеген жылдарға созылған 

күрделі  процесс  болды  және  оның  игерілу  дәрежесі  біркелкі  болған  жоқ.  Дегенмен,  араб, 

парсы  сөздерінің  қазақ  тіліне  еніп,  тілімізге  тигізген  әсері  зор  болды.  Ең  бастысы,  «қазақ 

жеріне ислам дінінің таралуына себепші болды» [2, 172].  

 

«Кез  келген  кірме  сөздің  пайда  болуы  ғалам  бейнесіндегі  болып  өткен  немесе  болып 



жатқан  өзгерістерден  хабар  береді.  Жаңа  ұғымның  басқа  тілден  енуіне  байланысты  ғалам 

бейнесі кеңи түседі» [3, 85]. Осы тұрғыдан алғанда, тіліміздегі көптеген кірме сөздер қазақ 

халқының  тарихымен  тығыз  байланыстыра  зерттеуді  қажет  етеді.  Олай  болса,  М.Ж. 

Көпейұлы  шығармаларындағы  кірме  сөздерді  зерттеп,  зерделеудің  маңызы  зор  деп 

есептейміз. М.Ж. Көпейұлы шығармалары әдебиеттанымдық тұрғыдан зерттелгенімен, тілдік 

тұлғасы    лингвистикалық  зерттеуге  алынған  жоқ.  Сондықтан  ғылыми  мақала  жазудағы 




Ш. Уәлиханов атындағы КМУ хабаршысы    ISSN  1608-2206                                   Филология сериясы. № 4, 2019 

 

13 



 

мақсатымыз қазақ тіліндегі кірме сөздерді М.Ж. Көпейұлы тілдік тұлғасының рухани әлемі 

мен қаламгер шығармаларындағы қолданылу ерекшеліктері негізінде қарастыру.  

 

Кез келген қаламгердің лексикалық бірліктерді таңдап, талғап көркем шығармаларында 



қолдана  білуі  оның  рухани  әлемінің  бейнесін  сипаттап,  тілдік  тұлғасын  танытады.  Олай 

болса, біз үшін М.Ж. Көпейұлы тіліндегі кірме сөздердің қолданылу барысын зерттеу оның 

алғашқы  деңгейдің  өзінде-ақ  тілдік  тұлғасына  тән  ерекшеліктерді  анықтап,  кейінгі 

деңгейлерді жүйелеуге жол ашады.  

 

Біз өз зерттеуімізде М.Ж. Көпейұлы шығармаларындағы оқырман қауымға мағыналары 



аса  түсінікі  емес  кірме  сөздердің  мағыналарын  сөздіктерде  берілген  түсіндірмелеріне  сай 

зерделеп, мәтін контексінде қолданылуына ерекше көңіл бөлетін боламыз.  

 

НЕГІЗГІ БӨЛІМ 



 

 

М.Ж.  Көпейұлы  –  кірме  сөздерді  көркем  шығармаларында  молынан  қолдаған 



қаламгер.  Әсіресе,  араб,  парсы  тіліндегі  сөздердің  жиі  кездесуі  оның  сол  тілдерді  жақсы 

білетіндігімен  түсіндіріледі.  Себебі,  М.Ж.  Көпейұлы  –  шығыс  мәдениетінің  маңыздылығын 

біліп,  оның  кәусарынан  мол  сусындаған  қаламгер.  Ол  –  тек  дінге  ғана  емес,  шығыстың 

қиссалық  поэзиясына,  оның  дастандарына  да  ерекше  көңіл  бөлген  адам.  Сол  тұста  араб, 

парсы  тілдерінің  ықпалы  зор  болып,  Орта  Азия  медреселерінде  оқытылғаны  белгілі.  М.Ж. 

Көпейұлы сол медреселерде білім алып, діни кітаптар мен дастандарды оқып, сонымен бірге 

Низами, Рудаки, Хафиз, Сағди сынды ақындардың ғазалдарын да назардан тыс қалдырмаған. 

Зерттеуші  Ш.Қ.  Сәтбаева  бір  шоғыр  қазақ  ақындарымен  бірге  М.Ж.  Көпейұлын  да 

Шығыстың  классикалық  әдебиетінен  нәр  алып  «нәзира»  дәстүрін  қалыптастырған 

тұлғалардың қатарына жатқызады [4, 187]. Бұл дәстүр ХІХ ғасыр мен ХХ ғасыр арасындағы 

қазақ  ақындарына  әдеби  мектеп  болғаны  мәлім.  Олай  болса,  ол  мектептен  М.Ж. 

Көпейұлының да нәр алуы заңды құбылыс деп санаймыз.  

 

М.Ж.  Көпейұлы  шығыс  әдебиетін  насихаттаушы  ретінде  араб,  парсы,  шағатай тілінде 



шығармалар  жазып,  шығыс  ақындарының  бейнелі  сөздерін  қазақ  поэзиясына  енгізді  және 

сол  арқылы  қазақ  өлеңінің  әуезділігін  күшейтіп,  жаһандық  поэзияның  озық  үлгісімен 

қуаттандырды.  Мұны  қазақ  тілін  байытуға  қаламгер  тарапынан  қосылған  өзіндік  үлес  деп 

санаймыз.  Себебі  кірме  сөздердің  тілдегі  сөздік  қорды  байытуда  және  өзге  елдердің 

мәдениеті  мен  әдебиетін  танытуда  өзіндік  үлесі  бар.  Кез  келген  тілдің  сөздік  құрамы  сол 

тілдің  ежелгі  төл  сөздерінен  және  өзге  тілдерден  енген  кірме  сөздерден  тұрады.  М.Ж. 

Көпейұлы  ол  сөздерді  сол  тілдердегі  дәл  мәніне  басқа  семантикалық  мағына  үстеу  үшін 

немесе  сөз  мағынасының  экспрессиясын  күшейту  мақсатында  қолданған.  Оған  қаламгер 

шығармаларын зерттеу барысында көз жеткіземіз. Мысалы:  

 

   



«Махфузыға жазылыпты барып сол күн,  

 

   

Нәсіліне бұл Ғаббастың халифалық» [5, 50] –  

деген  жолдардағы  махфуз  сөзі  араб  тіліндегі  «тағдыр,  пешене»  [6,  364]  мағынасында 

қолданылған.  Сонымен  бірге  тілімізде  «пешенеге  жазғаны»  –  деп  берілетін  тіркес  күн 

лексемасы арқылы пешенесіне жазылған күні нақтылана түскен.  

 

   


«Басына тауқы лағынет жетті дейді,  

 

   

Құдайым оған қаһар етті дейді.  

 

   

Бір мінсіз тәкаппарлық қыламын деп,  

 

   

Қуылып дәргаһынан кетті дейді» [5, 124].  

 

Араб,  парсы  түсіндірме  сөздігінде:  «Дәргоһ»  парсы  сөзі,  патша,  хан  сарайы»  [6,  164], 



яғни мәтінде Құдайдың мекен ететін орны деген мифологиялық ой айтылады.  

 

   



«Данышпан өтпей сөзі шаһбаздардың,  

 

   

Барады босқа кетіп қысы-жазы» [5, 30].  

«Шаһбаз» парсы тілінде сабаз, ержүрек» [6, 189] дегенді білдіреді, мәтінде сөздікте берілген 

мағынасында қолданылған.  

 

   


«Шаһадат берген сонда періштелер» [4, 152].  


Вестник КГУ им. Ш. Уалиханова   ISSN  1608-2206                                              Серия филологическая, № 4, 2019      

 

14 



 

Осы жолдағы шаһадат сөзі араб тілінде «куәлік» дегенді білдіреді [3, 630].  

 

   


«Зер танитын зергердің жоқтығынан,  

 

   

Алтын басым тот шалып, қалдым өтпей» [5, 128].  

 

Мұндағы  зер  сөзінің  мағынасы  сөздіктегі  түсінікке  сәйкес,  «алтын»  [3,  230]  деген 



мағынанда алынып, ауыспалы мәнде қолданылып тұр.  

 

  Қаламгер  кейде  мағынасы  түсініксіз  сөздердің  сөздікте  берілген  мағынасын  қатар 



қолданып отырады. Мысалы:  

 

   



«Торғайдың тұмсығында зарре тозаң, 

 

   

Шөп шықпас тақыр жерге ащы сораң» [4, 155] – 

дегенде, осы тармақтағы зарре  сөзіне сөздікте:  «(ар. зарра)  – қоқым, шаң» [6, 222],  – деген 

түсінік берілген. Қаламгер зарре, тозаң деп алып, бір тармақтың бойында қатар қолданған. 

 

   



«Қазақтың залалы асар он бір айда,  

 

   

Қай жаққа барғанменен таппас пайда.  

 

   

Залалын он бір айдың бір-ақ өтеп,  

 

   

Кетпей ме пайдасы асып бір-ақ айда?!» [5, 172].  

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   341




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет