Залал сөзі араб тілінде екі мағынада қолданылады. «Залал (ар.) 1. Адасу, қателесу; 2.
Зиян» [6, 218], – дегенді білдіреді. Мәтінде сөздікте берілген түсініктің екінші мағынасы
бойынша қолданылған, яғни әңгіме он бір айда келген зиянды өтеп, пайда келтіруде болып
тұр.
«Сөйлесең көтереді көңіліңді ашып,
Жарық қып шам жаққандай рәушан зия»
«Зия» араб сөзі, сын. 1. Жарық, сәуле; 2. Шұғыла» [6, 233]. Бұл сөздің мәтінде
қолданылған мағынасын түсіну үшін соның алдында берілген рәушан сөзін анықтап
алуымыз қажет. Рәушан да араб тілінен енген сөз – «нұрлы» [3, 480] дегенді білдіреді.
Демек, зия сөзінің мағынасы сөздіктегі түсінікке сәйкес, «нұрлы сәуле» немесе «нұрлы
шұғыла» деген мағынада танылып тұр. Ал, енді келесі бір өлең тармағында:
«Ішінде жанған оттың жатар басың,
Әр айтқан жарлығына десең зия» [8, 26] –
дегендегі «зия» сөзі ауыспалы мағынада «мақұлдау» мағынасын қамтиды.
«Көрініп ғаріп халін тұра алмас ем,
Бір міскін халық ішінде жан болғандай» [5, 84].
Мұнда бір шумақ өлеңнің ішінде «бишара» мағынасын беруде ғаріп, міскін араб
сөздері синонимдік қатар түзген. Ғаріп – кәріп, мүсәпір, бейшара, жарымжан [3, 349].
Достарыңызбен бөлісу: |