Ш. Уәлиханов атындағы кму хабаршысы issn 1608-2206 Филология сериясы. №4, 2019



Pdf көрінісі
бет219/341
Дата07.01.2022
өлшемі3,45 Mb.
#18687
1   ...   215   216   217   218   219   220   221   222   ...   341
Қазақ  және  өзбек  әдебиетіндегі  түрікшілдік  ағымы.  Қазақ  және  өзбек  әдебиетінің 

ортақ  тақырыптары  мен  ұқсас  әдеби  бағыттары  азатшыл  немесе  отаршылдыққа  қарсы 

кезеңінде  айқын  көрінеді.  Әсіресе,  “Тұтас  Түркістан”  идеясы  тағдырлас  екі  ұлттың  сөз 

өнерінде  отаршылдыққа  қарсы  шығармалардың  тууына  ықпал  етті.  Осылайша  түркі 

халықтар  әдебиетінің  тарихындағы  әдеби  байланыстардың  әсерінен  Түркістан  әдебиетінің 

кезеңі  қайта  жанданды.  «Түркістан  әдебиеті»  деп,  кең  мағынада,  бүгіндері  Орталық  Азия 

аймағы  саналатын  Қазақстан,  Өзбекстан  (ішіндегі  Қарақалпақ  автономиясымен  қоса), 

Қырғызстан,  Түрікменстан,  түрік-шағатайды  жатсынбаған  Тәжікстан  республикаларының 

және  Қытайдың  шеткі  жері  ретінде  аталып  келе  жатқан  үш  аймақ  Шығыс  Түркістанның, 

яғни Тұтас Түркістанның ежелден қалыптасқан ауыз әдебиеті мен қазіргі әдебиетіне дейінгі 

ұзын тарихы мен танымал тұлғалары бар ауқымды да күрделі, бай әрі кемелденген әдебиетін 

айтатын болсақ, ХХ ғасыр шындығында, бұл  – Ресейдің отаршылдығына қарсы туған түркі 

халықтарының  азатшыл  әдебиеті  болып  түрленді  [18].  Патшалық  Ресей  ХХ  ғасыр  басында 

Түркістанды  толық  отарына  айналдырды.  Алып  империя  отарлаудың  түрлі  әдіс-тәсілдерін 

қолданып,  бодандағы  елді  рухани,    саяси,  экономикалық  тәуелсіздігінен  айыру  үшін 

түріктердің  тұтастығына  сына  қағып,  олардың  ара-жігін  айыруға  барын  салды.  Түркістан 

халқы осындай аласапыран кезде бірігу қажеттілігін ұқты. Тағдырлас туысқан халықтардың 

басын  қосатын  рухани  әлем  әдебиетке  арқа  сүйеді.  Әрбір  әдеби  туынды  тарихи-әлеуметтік 

жағдайға  сай  туып,  сол  кездің  шындығымен  танылады.  Сондықтан  отарланған  ұлт 

әдебиетінде  азатшыл  аңсар  алдыңғы  шепке  шығады.  Осындай  күрделі  әдеби-тарихи  үдеріс 

Түркістанның  азатшыл  әдебиетін  қалыптастырды.  Осы  кезеңдегі  жалпы  мәселелер  қазақ 

және  өзбек  әдебиетіндегі  көптеген  зерттеулердің  басты  тақырыбы  болды.  Бұл  саладағы 

зерттеулерге  қазақ  әдебиеттануында  Р.Бердібай,  М.Базарбаев,  Ш.Елеукенов,  Ж.Ысмағұлов, 

Т.Жұртбай,  Қ.Ергөбек,  А.С.  Ісмақова,  Д.Қамзабекұлы,  С.  Сүтжанов,  А.А.  Жалмырза  және 

өзбек  әдебиеттанушыларынан  С.Қосимов,  Э.Каримов,  А.Алиев,  Н.Каримов,  Ш.Турдиев, 

С.Ахмедов,  Б.Досқараев,  Х.Балтабаев,  Х.Қудратуллаев  есімдерін  атауға  болады.  Аталмыш 

зерттеушілерден  мысал  ретінде  А.А.  Жалмырзаның  зерттеуіне  тоқталатын  болсақ,  оның 

«Отаршылдыққа қарсы Түркістан әдебиеті (қалыптасуы, даму ерекшеліктері және көркемдік 

сипаты)»  монографиясында  ХХ  ғасыр  басындағы  Түркістан  әдебиеті  өкілдерінің,  оның 

ішінде  негізінен  қазақ  және  өзбек  әдебиетінің  отаршылдыққа  қарсы  туған  шығармалары 

талданып, әдебиеттегі түрікшілдік және жәдитшілдік ағымдары әдеби үдеріс аясында дәстүр, 

ағым және бағыт тұрғысында сарапқа салынып, басмашылық құбылысы мен отаршылдыққа 

қарсы  әдебиеттің  мұғажырлық  кезеңі  туралы  тұжырымдар  жасалған.  Монографияда 

түрікшілдік  және  жәдитшілдік  ағымдары  контекстінде  Ахмет  Байтұрсынұлы  мен  Абдулла 

Авлони,  Міржақып  Дулатов  пен  Абдуроуф  Фитрат,  Мағжан  Жұмабай  мен  Чулпан 

(Абдулхамид  Сүлеймани)  шығармашылығы  салыстырыла  зерттелген.  Азатшыл  әдебиеттегі 

біріктіруші түрік тіліне деген түрлі көзқарастар сараланып, «ортақ түркі тілі» мәселелер де 

қамтылған.  Қазақ  және  өзбек  әдебиетіндегі  түрікшілдік,  жәдитшілдік  ағымдарын  әдеби 

байланыс  факторы  ретінде  көрсететін  ғылыми  зерттеулердің  нәтижелері  осы  кезеңде  түркі 

әлемінің  ортақ  тілі,  отаршылдыққа  қарсы  тақырыптарға  байланысты  мәселелер  екі  туыс 




Вестник КГУ им. Ш. Уалиханова   ISSN  1608-2206                                              Серия филологическая, № 4, 2019      

 

266 



 

әдебиет  арасындағы  байланыс  кеңістігінің  ауқымдылығын,  сондай-ақ  жалғастылығын 

көрсетеді. 

Тарихи  деректерге  сәйкес,  өзбектердің  Қазақстанға  қоныс  аударуының  тарихи,  саяси 

және  экономикалық  себептері  бар.  Қазақстандағы  түркі  халықтарының  ұлтаралық  қарым-

қатынастарында өзбектер ерекше орын алады. Олар Қазақстанның көбіне оңтүстік бөлігінде, 

нақты  айтсақ,  Шымкент,  Түркістан,  Сайрам,  Сарыағаш,  Төлеби,  Қазығұрт,  Кентау  және 

Тараз,  Мерке  қалаларында  өмір  сүреді.  Бұл  қалалар  мен  аудандарда  өзбек  этно-мәдени 

орталығының  11  филиалы  жұмыс  істейді.  Облыстық  өзбек  мәдени  орталығы  аталған 

орталықтардың қызметін үйлестіреді, оларға әдістемелік және практикалық көмек көрсетеді.  

Қазақстанда  өзбек  тілі  мен  әдебиетінің  дамуына  үлес  қосып  келе  жатқан  жазушылар 

мен  ақындардың  үлкен  бір  шоғыры  бар.  Эрназар  Розметов,  Бахадир  Сабитов,  Хавазмат 

Кочкаров,  Закиржан  Моминжанов,  Абдрурахим  Пратов,  Ибрахим  Хухкиев,  Икрам 

Хашимжанов,  Мұраджан  Абубакиров  секілді  қаламгерлер  Қазақстан  Жазушылары  және 

Журналистері  одағының  мүшелері.  Қаламымен  ел  арасын  бүтіндеуге,  достықтың  берік 

болуына  қызмет  етіп  келе  жатқан  шығармашылық  иелері  Өзбекстан  Жазушылар  және 

Журналистер  Одағымен  тығыз  қарым-қатынас  жасап,  ондағы  ақын-жазушылардың 

Қазақстанда  кездесулерін  ұйымдастыруына  ұйытқы  болып  отырады.  Мысалы,  Сайрам 

ауданында «Өзбек тілі мен салт-дәстүрлерінің күні» мейрамы аталып өткенде Өзбекстаннан 

«Нуронийлар  Жамгармаси»  республикалық  қорының  төрағасы  Нумон  Касимов  бастаған 

ақындары  мен  жазушылар  арнайы  келіп,  қатысқан.  Сондай-ақ,  Өзбек  мәдени  орталығы 

Өзбекстандағы  Қазақ  мәдени  орталығымен  тығыз  байланыс  жасап  тұрады.  Жызақ 

облысындағы  Гагарин  қаласында  Қазақ  драма  театры  және  Сайрам  драма  театрлары  бір-

бірімен әріптестік тәжірибелер  алмасып тұрады. 

Айта  кету  керек,  2018  жыл  Қазақстанда  Өзбекстан  жылы  деп  жарияланды.  Мұның 

артынша, 2018 жылы 13 наурызда Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев қазақ ақыны Абай 

Құнанбайұлының  шығармашылық  мұрасын  насихаттау  туралы  қаулы  шығарып,  қаулыны 

орындайтын арнайы ұйымдастыру комитеті құрылды. Тиісті қаулыда ұлы ақын және ойшыл 

Абай  Құнанбайұлының  есімі  мен  мол  шығармашылық  мұрасы  қазақ  халқының  ғана  емес, 

барша түркі  халықтарының, оның ішінде өзбек халқының рухани даму тарихында өшпес із 

қалдырғаны  ерекше  көрсетілді.  Осы  саяси  оқиғалардан  біз  екі  бауырлас  әдебиеттің  өзара 

қарым-қатынасының жаңа дәуірінің басталғанын байқаймыз. 

 

ҚОРЫТЫНДЫ 



 

Орта  Азия  халықтарының  ішінде  Қазақстан  мен  Өзбекстан  мәдениетінің  арасындағы 

сан  ғасырларға  созылған  өзара  байланыстардың  терең  тарихи  тамырларын,  олардың  ортақ 

заңдылықтарын,  табиғатындағы  елеулі  ерекшеліктерін  айқындау,  оны  бүгінгі  күннің 

қажетіне жарату – дәуір талабынан туындап отырғаны баршаға мәлім. 

Әдеби  байланыстың  ертеде  пайда  болған  дәстүрлері  уақыт  өткен  сайын  жаңарып, 

молығып,  түрленіп,  дамып  отырады.  Әр  кезең  өзінің  соны  түрлерін  тудырып  жетілдіреді. 

Қазақ  және  өзбек  халқының  әдеби  байланыстары  сонау  көне  ғасырлардан  бермен  қарай 

жетіліп,  даму  үстінде  келе  жатыр.  Қазақ  және  өзбек  әдебиеттері  өздерінің  көп  ғасырлық 

тарихында үнемі бір-бірімен туыстық байланыс жасап, өзара тығыз қарым-қатынаста болып 

келген.  Бұл  байланыс  пен  қарым-қатынас  өзінің  даму  барысында  бірнеше  кезеңдерден 

тұрады.  Әдеби  байланыстың  түрлері  мен  сипаттары  екі  елдің  саяси-экономикалық 

байланысына  әдебиеттердің  даму  үдерістерінің  ішкі  заңдылықтарына  қарай  әр  кезеңде  әр 

түрлі  болған  және  үнемі  өзгеріп,  өсіп,  дамып  отырған.  Қазақ  пен  өзбек  халқының 

арасындағы  туыстық  қарым-қатынастың  түп  тамыры  сонау  терең  тарих  түкпірінде,  көне 

ғасырлар  қойнауында  жатыр.  Оған  ең  алдымен  шыққан  тегінің  бір  болуы,  сөйлейтін 

тілдерінің  туыстығы,  көп  ғасырлар  бойы  көрші-қоңсы  отыруы,  түркі  мемлекеттерінің 

құрамында өмір сүруі себеп болды. 




Ш. Уәлиханов атындағы КМУ хабаршысы    ISSN  1608-2206                                   Филология сериясы. № 4, 2019 

 

267 



 

 

ПАЙДАЛАНҒАН ДЕРЕКТЕР ТІЗІМІ 

1 Rousseau, A.M. Karşılaştırmalı Edebiyat (çev. Mehmet Yazgan), MEB Yayınları. – Ankara, 

1994.  


2 Сәтбаева Ш. Әдеби байланыстар. – Алматы: Жазушы, 1974. – 216 б. 

3 Sattarov, Q. Uzbekistonda Qozoq Fol'klori (Kazahkij fol'klor v Uzbekistane), 1972.  

4 Çağdaş Türk Edebiyatları (Edit. Yavuz AKPINAR), Eskişehir, 2013. 

5 Қожақұлы Ө. Қазақ-Қоқан қарым-қатынастары (XVIII-XIX ғғ.). – ҚызылордаТұмар

2006. 

6 Байпаков К.М. Средневековая  городская культура Южного Казахстана  и Семиречья 



(VI-начало XIII в.) ... Алма-Ата: Издательство «Наука», Казахский ССР. – 1986. – 256 с. 

7 Қасқабасов С. Ойөріс. Алматы: “Жібек Жолы”, 2009. – 303 б. 

8 Sarimsakov, B. Uzbek Merosim Folklori, Taşkent, 1986 

9  Sattarov,  Q.  (1972).Uzbekistonda  Qozoq  Fol'klori  (Kazahkij  fol'klor  v  Uzbekistane), 

Ministerstvo  prosveshchenie  UzSSR,  Tash.gos.ped.institut  im.Nizami,  Druzhba  narodov-druzhba 

literature, Uchenye zapiski, C. 99, Taşkent. 

10 İnan,  A.  “Çağatay Edebiyatı”, Türk Dünyası  El  Kitabı, C. 1, Türk Kültürünü Araştırma 

Enstitüsü Yayınları, –  Ankara, 1976. 

11  Тоекина  Б.С.  "Бабырнамажәне  Қазақ  хандығы тұсындағы  жазба  шежірелер  .  – 

Алматы: Әрекет-Принт, 2009. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   215   216   217   218   219   220   221   222   ...   341




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет