Ш. Уәлиханов атындағы кму хабаршысы issn 1608-2206 Филология сериясы. №4, 2019



Pdf көрінісі
бет218/341
Дата07.01.2022
өлшемі3,45 Mb.
#18687
1   ...   214   215   216   217   218   219   220   221   ...   341
Байланысты:
Vestnik 4 2019

Қазақ-өзбек  ортақ  әдебиеттен  ұлттық  қалыптасуға  дейін.  Ауызша  және  жазбаша 

әдебиеті  бір  арнадан  бастау  алған  қазақ  және  өзбек  әдебиеті  кейінгі  даму  кезеңдерінде 

шартты  түрде  Қараханид  және  Шағатай  дәуірі  әдебиеті  кезеңі  деп  белгіленген  уақыт 

кеңістігінде  дамуы  ортақ  сипатта    жалғасын  тапты.  Түркі  халықтары  әдебиетінің  “Алтын 

дәуірі”  деп  танылған  XI  –  XII  ғасырлардағы  Қараханид  дәуірінің  жазба  ескерткіштері 

қатарында  Махмұт  Қашқаридың  «Диауани  лұғат-ат  түрік»,  Жүсіп  Баласағұнның  «Құтадғу 

білік»  («Құтты  білік»),  Ахмет  Игүнекидің  «Хибатул  хақайық»  және  Ахмет  Ясауидың 

«Диуани хикмет» атты еңбектері қазақ және өзбек әдебиетіне ортақ мұра болып табылатыны 

даусыз.  Махмұт  Қашқаридің  жазуынша,  аталмыш  еңбектердің  тілі  ортақ  түрік  саналады. 

Түрік  ғалымдарының  зерттеуінше,  осы  дәуірдегі  түрік  тілінің  XVIII  ғасырдағы  Қоқан 

хандығындағы әдеби тілден айтарлықтай айырмашылығы жоқ [10, 482].  

Тарихы  бір  ортақ  түркі  халықтары  әдебиетінің  Қараханид  кезеңінің  заңды  жалғасы 

ретінде Шағатай дәуірі түрік әдебиетін көреміз. Ғылымда Шағатай әдебиетінің екі мағынасы 

бар: кең мағынада, моңғол шапқыншылығынан кейін Орта Азиядадағы түркі халықтарының 

әдебиеті  болса,  тар  мағынада,  Әмір  Темір  дәуірінде  пайда  болған  және  оның  ұрпақтары 

жалғастырған  әдебиет  саналады  [10,  485].  Шағатай  әдебиеті  өкілдерінен  Хайдар  Хорезми, 

Жүсіп  Әмір,  Лүтпи  сынды  ақындардың  кейінгі  өзбек  және  қазақ  ұлттық  әдебиетіне  әсер 

еткендері  байқалады.  Орта  ғасырдан  бастап  өзбек  әдебиеті  әрі  тілдік,  әрі  тақырыптық 

дамудың  жаңа  кезеңіне  аяқ  басты.  Жүсіп  Әли,  Атаи,  Құсайын,  Секкаки,  Лүтпи  секілді 

шайырлар  сөз  өнерін  мазмұн,  түр  және  тілдік  сипатта  байытып,  әдебиеттің  жаңа  бағытта 

дамуына әсер етті. Классикалық Шағатай әдебиетінің белгілі өкілдері Науаи мен Бабырдың 

шығармашылығы өзбек әдеби тілінің қалыптасуында маңызды рөл атқарса, ал олардан кейін 

тарих  сахнасына  шығатын  қазақ  әдебиетінде  шығыстық  сарынның  пайда  болуына  және 

шежіре  дәстүрінің  дами  түсуіне  ықпал  етті  [11,  22].  Бұл  дәуірде  Қазақ  хандығы  дәуірі 

әдебиеті  қалыптасып,  қазақ  жыраулар  поэзиясы  айқын  ұлттық  сипатымен  таныла  бастады. 

Екі  туыс  халық  әдебиетінің  бірлігі  жалпы  ортақ  тақырыптармен  және  шығыстық  мотивтер 

сабақтастығымен  жалғасып  жатты.  Қазақ  атауымен  белгілі  әдебиеттің  алғашқы  өкілдері 

ретінде Асан қайғы, Қодан Тайшы және Қазтуған жыраулардың даңқы түгел Дешті Қыпшақ 

даласына  танылды.  Олардың  ортақ  тақырыптары  –  өмір,  достық,  адамгершілік,  батылдық, 

ар-намыс, әділдік болса,  ортақ идеялары – Отан, ұлт, бірлік, еркіндік үшін күресу және осы 

қасиетті  құндылықтарды  кеудеде  қасық  қаны  қалғанша  қорғау  керектігін  түсіндіру  болды 

[12].  


Шағатай  әдебиеті  өкілдерінің  бірегейі  Әлішер  Науаи  түрік  халықтарына  ортақ  тұлға  

және өзбек әдебиетінің негізін қалаушы ұлы ақын саналады. Оның шығармашылығы ең көп 

зерттелген  және  көптеген  көркем  еңбектердің  тууына  ықпал  еткен.  Науаидың  өлеңдері 

қазақтың  ұлы  ақыны  Абайды  да  шабыттандырып,  ақындық  шеберлігінің  шыңдауына  әсер 

еткен.  Қазақ  ғалымдары,  әсіресе,  М.Әуезов,  Е.Ысмайылов  және  Р.Бердібаевтар  Науаидың 



Ш. Уәлиханов атындағы КМУ хабаршысы    ISSN  1608-2206                                   Филология сериясы. № 4, 2019 

 

265 



 

шығармашылығын  зерттеуге  үлкен  үлес  қосты.  Ә.Науаидың  шығармалары  қазақ  тілінде 

тұңғыш  рет  1948  жылы  «Таңдамалы  шығармалар»  деген  атпен  М.Әуезовтің  алғы  сөзімен  

басылып  шықты  [13],  ал  келесі  жылы  танымал  өзбек  жазушысы  Айбектің  атақты  «Науаи» 

романы  қазақ  тіліне  аударылды  [14].  Ақын  Н.Айтұлы  Әлішер  Науаидың  ғазалдарын  қазақ 

тіліне  тәржімалады.  Бұл  тәржіма  1989  жылы  «Ескендір  қорғаны»  деген  атпен  жеке  кітап 

болып басылды және оның алғы сөзін белгілі  қазақ ақыны Ф.Оңғарсынова жазған болатын 

[15].  Науаи  ғазалдары  1963  жылы  және  1968  жылы  қазақ  оқырмандарымен  қайта  қауышты 

[16]. 

Парсы 


әдебиетінің 

маманы 


Ө.Күмісбаев 

Науаи 


ғазалдары 

мен 


Абай 

шығармашылығының  сабақтастығын  зерттеп,  бірнеше  ғылыми  еңбектер  жазса  [17],  Төрәлі 

Қыдыр Әбдірахман Жәми мен Науаи арасындағы достастық жайында тың деректер жариялап 

келеді. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   214   215   216   217   218   219   220   221   ...   341




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет