Ш. Уәлиханов атындағы кму хабаршысы issn 1608-2206 Филология сериясы. №4, 2019



Pdf көрінісі
бет238/341
Дата07.01.2022
өлшемі3,45 Mb.
#18687
1   ...   234   235   236   237   238   239   240   241   ...   341
Байланысты:
Vestnik 4 2019

 

КІРІСПЕ 


 

Әдебиет пен қоғам – бір-бірімен егіз ұғым. Көркем шығармадағы оқиға халық өмірінен 

алынып  суреттелетіндіктен  ХІХ  ғасырдағы  орыстың  белгілі  сыншысы  В.Г.Белинский 

әдебиетті шындық өмірдің сәулесі деп көрсеткен болатын. Сондықтан ел өміріндегі маңызды 

мәселелер  шығарма  мазмұнында  орын  алады.  Ол  тек  проза  жанрына  ғана  емес,  позиялық 

шығармаларға да тән. Ақын елі мен жеріне қатысты ойларын өзінің лирикалық өлеңдеріне де 

арқау ететіні белгілі.   

Әлеумет  пен  әдебиеттің  арасындағы  арақатынастың  маңызы  саяси  мотивтегі 

шығармалардан  көрінеді.  Өйткені  қоғамның  өзекті  мәселесі  үнемі  сөз  өнері  арқылы 

талқыланып, осы өнер арқылы шешімін тауып отырған. Сондықтан да әлеуметсіз әдебиет, ал 

әдебиетсіз әлеумет жоқ. Ал әлеумет тақырыбы әдебиетте саяси мотивтер арқылы ашылады.  

ХХІ  ғасырдың  басы  қазақ  қоғамы  үшін  зор  жаңалықтарға  толы  кезең  болды.  Ел 

өмірінде елеулі оқиғалар орын алды. Ел астанасы солтүстікке ауысты. Жаңа қала салынды. 

Оқу, білім саласы жаңа Европалық жүйеге көшті. Ғылым мен техника да жаңа бетбұрыстар 

жасалды.  Ақпараттық  жүйеде  зор  өзгерістер  орын  алды.  Интернет  жүйесі  қоғам  өміріне 

дендеп  енді.Ағылшын  тілінің  күшеюі  үштілділік  саясатын  туғызды.Осы  сияқты  мәселелер 

қазақ поэзиясында көрініс тапты. Бұлардың барлығы әртүрлі мотивте жырланды. Соның бірі 

саяси мотив. Саяси мотив қазақ поэзиясында көне түркі заманынан бастап тән десек артық 

айтпаймыз. Тіпті  ауыз  әдебиетінен  бастау  алатыны  да  шындық.  Алдаркөсе  мен  Қожанәсір, 



Вестник КГУ им. Ш. Уалиханова   ISSN  1608-2206                                              Серия филологическая, № 4, 2019      

 

290 



 

Жиренше  шешен  туралы  аңыздар  мен  «Аяз  би»  ертегілерінің  негізінде  ел  өміріндегі  билік 

пен халық, байлық пен кедейлік туралы саяси ой жатқанын аңғарамыз. 

Саяси мотив несе саяси сарын әдебиет және саясат салаларындағы ортақ байланыстың 

тоғысынан құралады. Саясаттың халыққа әсері, қоғамда орын алып жатқан өзекті мәселелер, 

маңызын жоймайтын ұлттың тақырыбы әдебиет  арқылы жетеді. Ал осы мақсатта жазылған 

шығармалар  төркінінде  саяси  мотив  тұрады.  Жоғарыда  тізбектеген  мәселелер  көркем 

поэзияда  сарын  арқылы  беріледі.  Автордың  оны  қандай  бояумен  беруі,  қандай  образда 

жасауы және қалайша суреттеуі осы мотивтік қолданысына байланысты.  

Зерттеу  барысында  «мотив»  ұғымының  классикалық  сипаттамасы  негізге  алынды. 

Сонымен  бірге  қазіргі  қазақ  поэзиясындағы  саяси  сарыны  бар  шығармалар  мотивтік 

қолданыс, көркемдігі және образдылығы жағынан талданды. Осы тұрғыда саяси мотивтердің 

жіктелімін ұсынуда индукциялық және дедукциялық әдістер, одан басқа салыстыру, анализ 

және синтез әдістері қолданылды.  

 

НЕГІЗГІ БӨЛІМ 



 

Мотив – әртүрлі қaйтaлaулaрдың, көптеген нюaнстaрдың көмегімен дaмитын тaқырып, 

обрaз немесе кейіпкер [1, 123]. Ал саяси мотив – саяси тақырыптар төңірегінде туған саяси 

образдар жүйесі. Саяси образ тудыруда ақын түрлі амалды қолдануы мүмкін. Мысалы, троп 

түрлері, фигуралық тәсілдер, т.б..  

Саяси мотивтер қоғамда болып жатқан мәселелерге қатысты халықтың үнін ғана емес, 

автордың  да  позициясын  білдіреді.  Ақынның  ел  өміріне  деген  ойы  мен  көзқарасын  анық 

аңғартады.  Сонымен  бірге  ақынның  әдебиеттің  саяси  аренасындағы  шығармашылық  күш-

қуатын,  адамдық  болмысын  танытады.  Жеке  басының  мүддесі  мен  құлқынның  қамын 

ойлайтын  ақын  саяси  өлеңдер  жазуға  абай  болады.  Яғни  басын  алып  қашады.  Саясаттан 

аулақ  жүреді.  Ащы  шындықты  ақтарып  салуға  дәрмені  жете  бермейді.  Мысалы,  саяси 

тақырыптарда  қалам  тербеп  жүрген  ақын  Маралтай  Райымбекұлы  «Менің  бөлтіріктерім» 

өлеңінде: 

Ауылдан ауылға,  

Шаһардан шәріге тараған 

Менің бөлтіріктерім – шетінен абадан.  

Бәрі де жаралы! 

Жарасын жасырып жалаған.  

(Қаншық қоғам талаған!) 

Соңымнан ергендер,  

Көргендер куә әлі. 

Ақборан ап қашып дұғамды. 

Сере қар, көк мұзға қаныммен жазғанмын 

Мемлекетімнің  «махаббаты»  туралы  [2,  44],  –  деген  тармақтар  арқылы  біршама 

мәселені  жіпке  тізеді.  Алдымен  мұнда  өлеңнің  атауында  да  астарлы  меңзеу  жатыр.  Ақын 

метафоралық  әдіс  арқылы  өзі  сынды  өр  мінезді  ақындарды  бөлтірікке  балайды.  Мұндағы 

мінездеудің сан түрлі амалдары қоғамдағы кемшін тұстарды да жанап өтеді. Мысалы, бәрінің 

жаралы  болуы,  жарасын  жасырып  жалауы  –  образды  тіркестер.  Ендеше,  ақындар  неге 

жаралы?  Жарасын  неге  жасырады?  Өйткені  қоғамдағы  қайшылықтар  мен  кемшіліктерге 

налиды,  ашынады.  Бірақ  шарасыздықтан, жарасын  емдеуге  қауқары  жоқтықтан оны  өлеңге 

өреді. Бейнелі өткір сөздері мен «мемлекет махаббаты» деген ұғымды да тырнақшамен беруі 

айтылмай  қалған  мәселелерді  нұсқайды.  Осылайша  ақын  символика  мен  троптық  амал-

тәсілдерге  сүйене  отырып,  өз  ортасында  да,  жалпы  қоғамда  орын  алған  келеңсіздікке 

күйінеді.  Мемлекеттің  елде  орын  алып  жатқан  қымбатшылық,  жоқшылық,  жұмыссыздық, 

баспанасыздық, қылмыстың күшеюі мен мемлекттік тілдің жойыла бастауына мән бермеуін 

«Жарасын жасырып жалаған» бөлтіріктер образы арқылы бейнелейді. 




Ш. Уәлиханов атындағы КМУ хабаршысы    ISSN  1608-2206                                   Филология сериясы. № 4, 2019 

 

291 



 

Маралтай  Райымбекұлы  өлеңдерінде  қазақтың  қамын  күйттейтін  де  мәнмәтіндер 

(контекст) ұшырасады. Мәселен: 

Ажалдың Айы туғанда  

Солынан емес, оңынан,  

өлмейді Қазақ, 

Өледі – 

Өлсе егер, мұңның жоғынан [3, 85]. 

Мұнда өлеңнің соңғы тармақтары қазақтың мұң-мұқтаждан бас көтере алмай жүргенін 

дәлелдейді.  Халықтың  ауыр  жағдайын  «мұңның  жоқтығынан  өледі»  деген  тармақпен 

сипаттауынан ақынның стилін де  көре аламыз. Яғни ақынның стилінен аңғаратынымыз: ол 

екі  қарама-қарсы  зат  немесе  ұғымды  қатар  қоя  отырып  суреттейді.  Оны  көз  алдына 

елестеткен оқырман өздігінен пайымдайды, ақын ойын әрі қарай өзі тарқатады. Бұл жердегі 

антиұғымдар: өмір – өлім, мұң – қуаныш. Бұл мәнмәтінді басқа да қырынан тануға болады. 

Ақын қазақтың шыдамын шыңдау үшін де мұңның қажеттігін меңзеуі де мүмкін. Ал бейқам 

өмірдің ұлт психологиясына кері әсерін ол біліп-ақ тұр.  

Саяси  бағытта  жазылған  өлеңдер  дені  тек  қазақ  жағдайын  ғана  емес,  сонымен  қатар 

өткенінен  де  сыр  шертеді.  Осы  тұста  Ерлан  Жүністің  «Астана  метаморфозасы»  атты  өлеңі 

еске түседі. Ақын мұнда бұрынғы мен бүгінгінің образын қатар ала отырып салыстырады.  

Жер бетінен жойылуға шақ қалып,  

Тұрғанда да,  

Аманатты ақтадық.  

Қуғын көрдік – қанымызды бұзбадық,  

Атылдық біз – арымызды сақтадық.  

Бір қыранға қайран қылмас көп құзғын,  

Шетін кетпей, шектен шықпай, шеп бұздым!  

Біздің тарих ардан ғана тұрады,  

Ұялатын  ештеңеміз  жоқ  біздің!  [4,  52]  –  деген  жолдардағы  ақын  мақсаты  –  ата-

бабамыздың  өткен  өмірі  қазіргі  ұрпақ  үшін  қан  төгіп,  елін,  жерін  қорғау  болғанын 

мақтанышпен  бүгінгі  ұрпаққа  жеткізу,  жас  ұрпақтың  болашаққа  деген  мотивациясын 

қалыптастыру.  Мұнда  автордың  позициясы  анық:  ұлт  болып  қалыптасуда  өткен 

тарихымыздағы  текті  аталардың  ерлігін  үлгі  ету.  Оның  айтпағы:  кемел  саясаттың  негізгі 

тірегі  –  әділдік  пен  ар-ұят,  батылдық,  өткірлік.  Өткенді  еске  алу  арқылы  болашаққа  бағыт-

бағдар  сілтеуді  басты  орынға  қойған  қалам иесі  қазақтың  тектілігін  осы  өлеңге  сыйдырып, 

өлеңнің атауын да «метаморфоза» ұғымымен байланыстырады. «Метаморфоза» сөзі «өзгеру, 

түрлену» деген мағыналарды береді. Демек, өткен мен бүгінгі салыстыру нәтижесінде ақын 

моральдық және визуалдық өзгерістерді өлең мәтіні арқылы да аңғартады.  

Маралтай  Райымбекұлы  өлеңі  мен  Ерлан  Жүніс  өлеңі  арасындағы  айырмашылық  – 

идеяны  жеткізу  әдістерінің  әртүрлілігі.  Бұл  әдістер  әртүрлілігін  түсіндіру  үшін  саяси 

мотивтерді қарама-қарсы екі жікке топтастырамыз.  

 



Вестник КГУ им. Ш. Уалиханова   ISSN  1608-2206                                              Серия филологическая, № 4, 2019      

 

292 



 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   234   235   236   237   238   239   240   241   ...   341




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет