Ш. Уәлиханов атындағы кму хабаршысы issn 1608-2206 Филология сериясы. №4, 2019


Һәм сөзіне қатысты сөздікте: «һәм  – және, тағы да» [6, 646] деп көрсетілген. Мәтінде  келтірілген  һәм



Pdf көрінісі
бет25/341
Дата07.01.2022
өлшемі3,45 Mb.
#18687
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   341
Байланысты:
Vestnik 4 2019

Һәм сөзіне қатысты сөздікте: «һәм  – және, тағы да» [6, 646] деп көрсетілген. Мәтінде 

келтірілген  һәм  сөзін  М.Ж.  Көпейұлы  сөздікте  берілген  мағынасында  қолданған  деп 

ойлайимыз.    

 

М.Ж.  Көпейұлы  өзінің  шығармаларына  араб,  парсы  сөздерін  белгілі  бір  стильдік 



мақсатпен әдейі таңдап алып қолданады. Мысалы:  

 

   



«Паруардігер қойыпты жұпты қылып» [7, 125] немесе,  

 

   

«Пендеге залым қылмас паруардігер» [7, 180] –  

деген тармақтарда  құдай, алла, тәңірі  деген  синоним  сөздердің орнына төрт  буынды  сөз 



пәруардігер  деген  парсы  сөзі  қолданылған.  Алайда,  қаламгер  тілінде  Алланың  бірнеше 

есімдері:  қазақ  танымындағы  ислам  дәуіріне  дейінгі  түркілік  тәңір  сөзі,  парсының  құдай 

сөзі,  арабтың  алла  сөзі,  жаппар,  хах,  ие,  жаратқан  сөздері  синонимдік  қатар  ретінде 

қолданылады.  Мұнда  ақынның  паруардігер  деп  қолдануы  сөздің  экспрессиясын  арттыру 

мақсатынан туса керек.  

 

Сонымен  бірге,  қаламгер  тілінде  туыстас  түрік  тілінің  сөздері  де  кездеседі.  Олай 



дейтініміз,  М.Ж. Көпейұлының «ұзақ» сөзінің орнына «ұзын» сөзін қолдануы – оның түрік 

тілін  білетінін  көрсетеді.  Себебі  қазіргі  түрік  тілінде  «ұзын»  сөзі  «ұзақ»  мағынасында 

қолданылады:  «1.  Uzun  –  ұзын.  Uzun  değnek  –ұзын  таяқ;  uzun  sokak  –  ұзын  көше.  2.  Ұзақ, 

ұзаққа  созылған.  Uzun  vadeli  kredi  –  ұзақ  мерзімді  несие»  [14,  684].  Ал  М.Ж.  Көпейұлы 

төмендегіше қолданады: 

 

   



«Жатырмыз бір қараңғы ұзын түнде,  

 

   

Көрінбей жарық сәуле бір таң атқан» [8, 8].  

 

М.Ж.  Көпейұлы  бұл  сөздерді  қазақ  тіліне  тән  мағынасында  да  қолданады.  Мысалы: 



ұзын  бойлы,  ұзын  шашты,  ұзақ  отырдып  қалды  т.б.  Олай  болса  қаламгер  бұл  сөздің 

қолданылуын  білмегендіктен  емес,  керісінше,  әдейі  экспрессиясын  күшейту  үшін 

прагматикалық мақсатта қолданған деп түсінеміз.  

 

Сонымен  қатар,  «үзім»  сөзі  түрік  тілінде  «жүзім»  деген  мағынаны  береді:  «üzüm  – 



жүзім, üzüm çubuğu – жүзім сабағы» [14, 221]. М.Ж. Көпейұлы шығармасында осы сөздікте 

берілген мағынасы бойынша қолданылған:  

 

   


«Мәуесі басқа ағаштан көп болғаннан,  


Вестник КГУ им. Ш. Уалиханова   ISSN  1608-2206                                              Серия филологическая, № 4, 2019      

 

16 



 

 

   

Көтермес үзім ағашы жерден басын» [5, 148]. 

 

  Қазақша-түрікше  сөздікте:  «Hesap  –  есеп.  1.  Есептеп  шығару.  2.  Банкадағы  есеп. 



Bankada  hesabım  var»  [14,  164]  –  деген  түсінік  берілген.  Қаламгер  шығармасында 

төмендегіше қолданылады:  

 

   


«Тісі бар маржан, жақұт, лұлу иек,  

 

   



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   341




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет