жиі байқалады.
Вестник КГУ им. Ш. Уалиханова ISSN 1608-2206 Серия филологическая, № 4, 2019
322
Демеймін оның жөнін таба алмаймын.
Бозінген өз ботасын шайнамайды,
Сәулесі түскен жансың саған да айдың.
Айналдым отырысыңнан, сөздеріңнен,
Тұп-тура өзім тапқан апаңдаймын [5, 8].
Бұл айтыстан ең алдымен ақындардың жас ерекшелігі, бір-біріне деген ілтипаты және
сыйластығы көрінеді. Оны екі ақын да асыл сөзбен көмкерілген жыр жолдары арқылы
байқатады. «Үлкенге – құрмет, кішіге – ізет» мақалы дәл осы мәнмәтінге сай келіп тұр.
Сонымен бірге алғашқы ақынның стилін екінші ақынның жалғастыру да қазіргі айтысу
дәстүрін жаңашыл тұсынан танытып тұр. Аманжол ақынның –дайын, -дейін жұрнақтарын
Әселхан да тармақтар соңында қостайды. Демек, үндесім мен сыйластықтың да үйлесім
тапқанын байқаймыз. Ақындар қолданысындағы көркемдік ерекшеліктер көбіне теңеуден
жасалған. Әселханды жаңа толып дөңгеленген айға теңеген Аманжолды апасы да
жатсынбай, өзін – бозінгенге, ал қарсыласын өзінен бірнеше жас кішілігіне сай ботасына
балайды. Теңеу мен метафораның алма-кезек қолданысы ақындардың да бір-біріне деген таза
ниетін білдіруде ерекше қызмет атқарып тұр.
ҚОРЫТЫНДЫ
Жалпы айтқанда, көне айтыс пен бүгінгі айтысты салыстыруда дәстүрге де,
жаңашылдыққа да көзіміз шалады. Бұрынғы айтыс көбіне салт-дәстүрдің немесе діни
нанымның шеңберінде шектеліп, ақындардың қарапайым сөз қағыстыруы сирек байқалса,
қазіргі айтыстардың барлық дені екі ақынның қоғамды, заманды, бүгінгі уақыт пен бұрынғы
уақыттың айырмашылықтарын жіктеп, сынаудан болады. Сонымен бірге бұрынғы айтыстар
өлең құрылысы жағынан 1-2 шумақты келсе, қазіргі айтыстар шумақ емес, тіпті бірнеше
түйдек арқылы жалғасып тауып, дами береді. Қазіргі сахналық айтыстарда көбіне ақындар
бірнеше ойын жинақтап, өзінің уақыты келгенде айтады, яғни белгілі бір регламентке
бағынады. Бұрынғы айтыстарда ақындар керісінше ой регламентіне, әркімнің сөз қауқарына
сүйенген. Сонымен бірге бұрынғы айтыстарда талқыланатын мәселе жалпы тұрмыстық
сауалдардан туындаса, қазіргі айтыстарға кесек тақырыптар, ұлт болашағына әсерін тигізетін
ірі проблемалар арқау болады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ДЕРЕКТЕР ТІЗІМІ
1 Ғабдуллин М. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. Алматы: Қазақ мемлекеттік оқу-
педагогика баспасы, 1964. – 340 б.
2 Будагов А. Сравнительный словарь турецко-татарских наречий. СПб., 1869. – 301 с.
3 Қазіргі айтыс. 3-кітап. Астана: «Күлтегін», 2006. – 320 б.
4 Абылқасымов Б. «Фольклор», «Ауыз әдебиеті» ұғымдары туралы //Фольклор
шындығы. – Алматы, 1990, 169-181 б.
5 Әлтаев А. Наркескен. – Астана: «Фолиант», 2014. – 288 б.
Достарыңызбен бөлісу: