Ш. Уәлиханов атындағы кму хабаршысы issn 1608-2206 Филология сериясы. №4, 2019



Pdf көрінісі
бет253/341
Дата07.01.2022
өлшемі3,45 Mb.
#18687
1   ...   249   250   251   252   253   254   255   256   ...   341
Байланысты:
Vestnik 4 2019

 

КІРІСПЕ 


 


Ш. Уәлиханов атындағы КМУ хабаршысы    ISSN  1608-2206                                   Филология сериясы. № 4, 2019 

 

319 



 

Түркі  халықтарының  мәдениеті  мен  әдебиеті  арнасының  тоғысында  тұрған  көне 

жанрлардың  бірі  айтыс  бүгінде  өзінің  даму  траекториясын  жоғалтқан  емес.  Айтыс 

жанрының  бастау  көзі  халықтың  наным-сенімі,  діни  ұстанымы,  салт-дәстүрінен  туындаса, 

бүгінде ол қоғамдық, саяси сипат алып, ұлттың келелі әрі өзекті мәселесін шешуде басты рөл 

атқаратын сөз құралына айналды.  

Айтыстың жанр ретіндегі ең ерекше сипаты – синкреттілігі. Синкреттілік қасиеті оның 

бірнеше өнерді бір арнаға біріктіруімен ерекшеленеді. Мәселен, айтыста сөз өнерінен бөлек, 

сахна  өнері,  музыка  өнері,  психологиялық  тартыс  сынды  басқа  еш  жанрда  жоқ  сан  алуан 

өнер  мен  ғылым  салалары  біріккен.  Фольклордың  синкреттілігі  оның  мәдениет  пен 

әдебиеттің қиылысу нүктесінен бастап өрбиді. Мысалы, айтыс жанрының өзі елдің алдында 

өтетін  болғандықтан,  сахналық  қойылым,  яғни  драма  бола  алады.  Оның  драма  болатын 

екінші себебі де бар: айтыс тартыстан (конфликтіден) тұрады. Екіншіден, айтыс сөз тартысы 

болғандықтан  және  де  ауызша  өтетіндіктен,  ауыз  әдебиетіне  жатады.  Үшіншіден,  айтысу 

барысында  сөз  саптас  арнайы  мелодиялық  мақамға  сәйкес  айтылып,  ұлттық  аспап 

домбыраның сүйемелденуін де ескерген абзал. Төртіншіден, айтысқа түсетін ақындар ұлттық 

киімімен ерекшеленген. Қазақы нақышта жасалған ұлттық киім эстетикалық талаптарға ғана 

жауап бермейді, сонымен қатар ұлт мәдениетінен де хабар береді. Осы ескертпелерді назарға 

ала  отырып,  «фольклор  –  тек  әдебиетке  тән  өнер  емес,  ол  жалпыхалықтық  өнерлердің 

жинақталған  үлгісі»  деген  анықтама  ұсынуға  болады.  Сондай-ақ  қарсыластың  тактикасын 

белсенді  меңгере  отырып,  өзіндік  тактикамен  психологиялық  шабуыл  жасауда  да 

психологиялық білімді талап етеді. Сонда айтыс әдебиеттің басқа жанрларынан толығымен 

синкретті өнер бола алуымен ерекшеленеді.  

 

НЕГІЗГІ БӨЛІМ 



 

Айтыстың  дәстүрлі  жанрлық  белгілерден  жаңылмауы,  дамуы  мен  өзгеріске  енуі 

синкреттілік  сипаттардың  бәсеңдеуімен  немесе  оның  жаңаша  түрленуімен  байланысады. 

«Сөз  барымтасы»  аталып  кеткен  аталмыш  жанр  тіліне,  қаузайтын  тақырыбына,  айтысу 

ерекшелігіне  байланысты  түрліше  жіктеледі.  Сол  жіктелу  ерекшелігіне  байланысты  бәдік, 

өлі мен тірінің айтысы, жар-жар, қыз бен жігіт айтысы, ақындар айтысы сынды бірнеше түрі 

кездеседі.  Олардың  ортақтығы  мен  айырмашылығынан  бұрын,  әрқайсысының  өзіндік 

өміршеңдік  принципі  бар.  Мысалы,  бәдік  айтысы  –  ең  көне  айтыс,  бірақ  қазіргі  уақытта 

қолданыста  жоқ.  Өйткені  «бәдік»  ұғымы  көне  сенімнен  шыққан.  Оған  «малдың  айналма 

ауруы»,  «адамға  немесе  малға  жұғатын  індет»  сынды  анықтамалар  берілген.  Бұл  ұғымды 

әркім  әрқилы  түсінеді:  бірі  «тәңір  иесінің  аты»,  ал  енді  бірі  «малға  не  адамға  жабысатын 

ауру»  деген  анықтама  береді.  Ол  бәдік  жырлары  мен  бәдік  айтыстарында  түрлі  сипатта 

көрінеді: 

Жігіт:  


Қаратауым дегенде Қаратауым, 

Тау басынан соғады қара дауыл. 

Сіздің үйде бір бәдік бар дегенде 

Қаптай көшіп келеді біздің ауыл. 

Қыз:  

Бәдік кетіп қалыпты таудан асып, 



Таудан арғы бұлтпенен араласып. 

Енді екеуміз бәдікті тауып алып, 

Шың құмардан шығалық сабаласып! [1, 55] – деген жолдарда айтыс ақындары аурудан 

қайдан  шыққанын  және  қайда  көшіп  бара  жатқанын,  сонымен  қатар  онымен  қалай 

күресетінін  айтып  жоспар  құрады.  Ақындар  сөз  сиқырына  сенеді,  осы  себепті  де  бәдікті 

сөзбен қорқытады.  

Осы орайда орыс ғалымы А.Будаговтың: «Бәдік – малдың нәр татпай айналып жүретін 

ауруы  (оны  сиқыр  сөзбен  емдейді:  ауыл  қыздары  өлеңдер  айтып,  көбіне  «Көш,  бәдік,  көш. 




Вестник КГУ им. Ш. Уалиханова   ISSN  1608-2206                                              Серия филологическая, № 4, 2019      

 

320 



 

Тауға  көш,  Жайыққа  көш,  Еділге  көш»  жиі  қайталайды»)»  [2,  248]  деген  анықтамасын  да 

назарға алған дұрыс. Өйткені мұнда ғалым бәдіктің сөз сиқырымен емделетінін дәледдейді. 

Ал  бұл  айтыстың  қазіргі  әдеби  үдерістен  қалыс  қалуы  функциясыздығымен  түсіндіріледі. 

Өйткені кез келген әдеби құрал қоғамға белгілі бір қызмет етуі қажет және оның қажеттілігі 

болу  керек.  Бәдік  айтысының  қазіргі  әдеби  және  мәдени  өмірде  қолданысқа  енбеуін  халық 

тұрмысының басқа бағытқа өзгеруімен байланыстыруға болады.  

Ал  өлі  мен  тірінің  айтысы,  жануарлар  арасындағы  айтыс  сол  дәуірдегі  адамдардың 

қияли  танымынан  туындаған.  Бұлар  танымдық  фактордың  әсерінен  туындаған  айтыстар 

болса,  салт-дәстүр  негізінде  туындаған  да  айтыс  түрлері  ұшырасады.  Солардың  бірі  –  жар-

жар айтыс. Жар-жар қыз бен жігіт болып екі топқа бөлінген ақындар бір-бірімен сөз саптау 

арқылы күресіп, әзілдесіп, соны сахналық қойылым сияқты қояды. 

Бұрынғы  айтыстың  ерекшелігі  ежелгі  дүниетанымның  ықпалынан  туғандығы,  салт-

дәстүр ерекшелігі болса, қазіргі айтыстың түрленуі мүлде бөлек. Қазіргі айтысты «синкретті 

айтыстың синкреттенуі» деп түсіндіруге болады. Өйткені жалпы сипаттарды, яғни салт-сана, 

діни  таным,  сөз  таластыру  сынды  қасиеттерді  бойына  жиған  айтыс  жанры  қазір  тағы  бір 

мәрте  жалқыланып,  жинақталып,  тек  әдебиет  пен  қоғам  талабына  қажетті  сипаттарды 

бойына жиған. Мысалы,  

Көркіңді көзі барлар көріп қалсын, 

Көрмегендер арманда өліп-талсын. 

Балиғат жастан асқан Қарлығаш қыз, 

Мінезімен елітіп ерікті алсын. 

Діңгегі жетілмеген түйін салып,  

Жеміс беріп көрмеген өрік талсың. 

Ал мен болсам кәдімгі қара ағашпын,  

Жақсыға ық, жаманға дар ағашпын.  

Түйін салмақ түгілі гүлдемеймін, 

Суымен  суарсаң  да  «Сарыағаштың»  [3,  14  ]  –  деген  Мұхтар  Қуандықов  әрі  нәзік,  әрі 

өткір әзілі мен жұмбағына ақын Қарлығаш Әубәкірова былай жауап қайырады: 

Табам деп көңілімнің терезесін, 

Мұхтар да жанымызды тындырмайды. 

Ешкі байғұс қанша тулағанмен,  

Ешкімнің терезесін сындырмайды [3, 15 ],  – деп жұмбақ қалжыңына жауап береді де, 

қоғамның жай-күйін былайша тоғытады: 

Білімнің жайын айтсаң мол ағыла, 

Азырақ көңіл-күйің соғады ма? 

Білімнің жүйесіне бір жаңалық, 

Енгіземіз деп жатыр жоғарыда. 

Жаңа мектеп бітірген сары ауызды, 

Түсірмек тестілеудің сорабына. 

«Әйгерім қандай көйлек киіп шығып, 

Шай құйып берді», – дейді қонағына. 

«Шыңғысханның итінің аты кім?» – деп  

Осындай  да  сұрақтар  болады  ма?  [3,  15]  –  дегендегі  ақынның  тоғытпасынан  білім 

саласындағы  өзгерістердің  шалалығы  көрінеді.  Мұнда  қыз  бен  жігіт  айтысындағы  жеңіл 

әзілдермен  қатар,  маңызы  бар  мәселелер  де  қылаң  береді.  Ұлттық  бірыңғай  тестілеудегі 

сауалдардың  дұрыс  құрастырылмағанын  ақын  қыз  нақты  аргументпен  дәлелдейді.  Ал 

Мұхтардың  сөз  саптасынан  бұрынғы  ақындардың  да  дәстүрлі  қолданыстарын  байқауға 

болады.  Айтар  болсақ,  «Ал  мен  болсам  кәдімгі  қара  ағашпын»,  «Жақсыға  ық,  жаманға  дар 

ағашпын»  деген  қолданыстары  –  күрделі  метафоралық  қолданыстың  таза  үлгісі.  Жіктік 

жалғауы  арқылы  жасалған  метафораның  бұл  түрі  эпитетті  келген.  Ағаштың  жай  емес, 

қаралығы  мықтылықпен  астасса,  ал  жақсы  мен  жаманды  қатар  салыстыра отырып  ақын  ақ 




Ш. Уәлиханов атындағы КМУ хабаршысы    ISSN  1608-2206                                   Филология сериясы. № 4, 2019 

 

321 



 

пен  қараның  да  символикасын  білдіруді  меңзеген.  Бұл  айтыста  ақын  мен  ақын  арасындағы 

жеңіл  қағытпалар  да,  саяси  мотив  те,  қоғамдық  мәселе  де  кездеседі.  Демек  қазіргі  ақындар 

айтысы жан-жақтылығымен ерекшеленеді.  

Фольклортанудағы  негізгі  мәселелерді  зерттеген  Болатжан  Абылқасымов  өзінің 

«Телқоңыр»  монографиялық  еңбегінде:  «Тарихи  жыр,  аңыздарда,  айтыс,  толғау,  жоқтау, 

терме сияқты жанрларда бір қарағанда тарихи деректер дәлдігі көбірек сақталынады. Себебі 

оларда  нақты  оқиғалар,  нақты  адамдар,  нақты  қоғамдық-әлеуметтік  қатынастар  молырақ 

орын алады» [4, 4], – деп жазады. Демек, тарихилық, хроникалық принцип айтыс жанрына да 

тән  болып  келеді  деп  айтуға  толық  дәлел  бар.  Өйткені  жоғарыда  келтірілген  бәдік  айтысы 

арқылы  сол  замандағы  халықтың  танымы  мен  көзқарасын  айқын  танысақ,  ал  қазіргі  заман 

айтысынан алынған мысалдан ХХІ ғасыр қоғамының таным-көзқарас деңгейін, арбау немесе 

алдау сынды сенімдерден гөрі нақты әрі деректі мәселені көтеретінін байқаймыз.  

Бұрынғы  айтыс  пен  бүгінгі  айтыс  арасындағы  айырмашылық  та  жоқ  емес.  Әсіресе 

айтыста  кең  таралған  пафос  метафораның  жіктік  жалғауы  арқылы  күрделеніп  берілуі  әлі 

күнгі  айтыс  тактикасында  да  белсенді  қолданылып  келеді.  Қазіргі  ақындар  мұны  өзінің 

портретін  беруден  бөлек  қарсыласының  назарын  ояту  үшін  де  пайдаланады.  Осы  тұрғыда 

оны сызбанұсқамен келесідей саралауға болады: 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   249   250   251   252   253   254   255   256   ...   341




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет