Ш. Уәлиханов атындағы кму хабаршысы issn 1608-2206 Филология сериясы. №4, 2019



Pdf көрінісі
бет31/341
Дата07.01.2022
өлшемі3,45 Mb.
#18687
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   341
Ж.Қ. Айдарбекова

1

, А.Ш. Альбекова

1



PhD-доктор,  С.Сейфуллин  ат.  Қазақ  агротехникалық  университеті,  Нұр-Сұлтан  қаласы, 

Қазақстан Республикасы, e-mail: zh-zh-k85@mail.ru 

2

ф.ғ.к.,  доцент,  С.Сейфуллин  ат.  Қазақ  агротехникалық  университеті,  Нұр-Сұлтан  қаласы, 



Қазақстан Республикасы, e-mail: a.albekova12@mail.ru 

 

ОРХОН ЖАЗБА ЕСКЕРТКІШТЕРІ ТІЛІНДЕ «КЕҢІСТІК» КОНЦЕПТІСІНДЕГІ 

НУМЕРАТИВТЕРДІҢ СЕМАНТИКАСЫ 

 

Мақалада Орхон жазба ескерткіштері материалдары негізінде нумеративтер арқылы 



берілген  «кеңістік»  концептісі  қарастырылады.  «Кеңістік»  концептісі  және  «нумератив» 

сөздер  туралы  отандық  және  шетел  ғалымдарының  ғылыми  тұжырымдамалары  негізге 

алынады,  талданады.  Ескерткіштер  тілінде  кездесетін  нумеративтердің  «кеңістік» 

концептісін  берудегі  мәні  мен  қызметі  көрсетіледі.  «Кеңістік»  концептісі  арқылы  түркі 

халықтарының  мәдениетін,  дүниетанымын,  әлем  бейнесін  түсіндіруге    ықпал  жасалады, 

ескерткіштер  тілінен  нақты  мысалдар  келтіріледі.  Күлтегін,  Тоныкөк,  Білге  қаған  және 


Ш. Уәлиханов атындағы КМУ хабаршысы    ISSN  1608-2206                                   Филология сериясы. № 4, 2019 

 

19 



 

т.б.  көне  түркі  жазба  ескерткіштері  мәтіндеріндегі  «кеңістік»  концептісінде  берілетін 

нумеративтердің  лексика-семантикалық  мәні  мен  когнитивті-танымдық  мазмұны 

қарастырылады,  олардың  концептуалдық-ұғымдық  сипаты  талданады.  Нумеративтер 

арқылы берілген «кеңістік» концептісінің Енисей жазба ескерткіштерінде де кездесетінін 

мысалдар  арқылы  көрсетіп,  түркі  халықтарының  барлығына  да  ортақ  «әлем  бейнесінің» 

болғандығы тұжырымдалады.   

Кілт  сөздер:  Орхон  жазба  ескерткіштері,  түркі  халықтары,  кеңістік  концептісі, 

нумеративтер, әлем бейнесі, семантика.  

 

КІРІСПЕ 



 

«Кеңістік – барлық нәрсенің, ал уақыт – бүкіл оқиғаның өлшемі. Уақыт пен кеңістіктің 

көкжиегі тоғысқан кезде ұлт тарихы басталады», – деп  Қазақстан Республикасының тұңғыш 

Президенті Н.Ә. Назарбаев «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында жазғандай, «кеңістік пен 

уақыт»  ұғымдарын  концептілік  мәнде  зерттеу  –  ұлт,  халық,  этнос  дүниетанымын  

қалыптастыруда басты дәнекер, нысан болып табылатынын ерекше атау қажет. 

«Кеңістік»  концептісі  –  тілдік  құралдар  арқылы  шынайылықты,  ментальді  білімді 

зерттеудің  қажетті  нысаны,  негізі.  Кеңістік  –  «уақыт»  сияқты  шынайы  болмыстың  негізгі 

категориясы.  Ол  туралы  алғашқы  зерттеулер  жазған  классикалық  неміс  философиясының 

өкілдері  И.  Кант,  Г.  Гегель,  Л.  Фейербах,  Ф.  Шеллинг,  А.  Шопенгауер  және  Ж.  Делез,  Ф. 

Гваттари  болды. Олар «кеңістік» - бұл мінсіз [идеалды] мән [absoluter Raum], болмыс [Raum 

des Seins] [1] деп түсінді. Бүгінде лингвоконцепттанушылар «кеңістік пен уақытты» әмбебап 

концептілер  санағына  жатқызады.  Әмбебап  концептілер  –  бұл  «адам  санасындағы 

мәдениеттің  жиынтығы»  [2,  51-63]  болып  табылады,  яғни  белгілі  бір  ұлттық-мәдени 

қауымдастықтың мәдениет ұғымына жатқызған түсініктері. 

 

Н.  Бердяев,  В.  Колесов,  Д.  Лихачев,  И.  Левонтина,  А.  Шмелев  т.б.  «кеңістік 



концептісінде  халықтың  жаны  бар»,  –  деп  [3,  132]  оның  эмоционалдық  қырын  айқындуға 

тырысады.  

 

Кеңістік концептісі бойынша іргелі еңбектердің бірі  – бұл  «Логический анализ языка. 



Языки  пространств»  атты  Н.  Арутюнов,  И.  Левонтина  [4,  64-75]  еңбегін  айтуға  болады. 

Мұнда  алғаш  рет  кеңістік  мағынасындағы  концептілік  мазмұнды  беретін  лексикалық  және 

грамматикалық  құралдар  және  кеңістіктің  параметрленуі  [өлшемденуі]  туралы,  кеңістіктік 

метафораларға  талдау  жасалып,  кейбір  авторлардың  көркем  әдебиеттеріндегі  және    орыс 

тілінен өзге де тілдердегі кеңістік бейнесін беру зерттеулері жүргізілген.  

 

Нумератив  деп  –  тіл  білімінде  тек  сандар  арқылы  ғана  емес,    есептік,  көлемдік, 



өлшемдік  мағынаны беретін сөздер мен сөз тіркестерін айтамыз. 

Нумератвитерді  зерттеп,  анықтамасын  берген  түркітанушылар    мен  орыс  ғалымдары: 

С.Г.  Кляшторный,  С.Е.  Малов,  Н.А.  Баскаков,  В.В.  Бартольд,  В.А.  Горделевский,  А.М. 

Щербак,  А.Н.  Кононов,  Н.А.  Баскаков,  В.В.  Решетов,  Н.К.  Дмитриев,  Л.Н.  Гумилев,  А.А. 

Дыренкова,  В.В.  Виноградов,  В.В.  Акуленко  т.б.  Қазақ  тіл  білімінде  нумеративтер,  сандар 

туралы ғылыми тұжырымдар жасаған ғалымдар: А. Ысқақов, Т. Сайрамбаев, Ә. Болғанбаев, 

Ә. Хасенов, І. Кеңесбаев, Ж.Т. Сарбалаев, Ж. Ахмедова, О.С. Қараджа, С.Е. Жанпейісова, Қ. 

Күркебаев,  А.Ш.  Сүлейменова,  Ж.Ш.  Ахметова,  Е.  Жанпейісов,  М.  Әбдуов,  Т.  Р. 

Тілеубекұлы, Р. Авакова, Қ. Дүсіпбаева, М. Хасанов, М. Қожахметова, Н. Уәлиев т.б. Екі тіл 

арасындағы сандар мен нумеративтер аясында зерттеу жүргізген ғалымдар: Б. Абдушукуров, 

Р.Т. Муратова, Ж.А. Жумашева,  Р.О. Досымбекова,  Р.Ф. Фаттахова, Р.Т. Сабырханова т.б.  

«Нумератив»  деген  терминді  алғаш  рет  түркітануда  Н.К.  Дмитриев  ұсынды.  «Где 

зависимое  имя  существительное  определяет  стержневое  слово  характеризует  его 

количественно, а не качественно. То такие существительные в тюркологической литературе 

стоит  называть  нумеративными  словами.  Нумеративные  слова  обозначают  не  конкретный 

предмет, являющийся объектом исчисления, а ту счетную категорию, к которой этот предмет 

относится.  Нумеративные  слова  ставятся  между  числительным  количественным  и 



Вестник КГУ им. Ш. Уалиханова   ISSN  1608-2206                                              Серия филологическая, № 4, 2019      

 

20 



 

конкретным  исчисляемым  предметом.  Примеры:  егерме  баш  һарык  (двадцать  голов  овец), 

биш  бөртөк  бойзай  (пять  зерен  пшеницы),  бер  кейем  белье  (пара,  комплект  белья)»  –  деп 

жазды  [5,  231]  Жоғарыда  келтірілген  ғалымдардың  пікірлерін  негізге  ала  отырып, 



«нумератив»  деп  –  сандарды,  сандық-есептік  мәнге  ие  сөздер  мен  сөз  тіркестерін,  көлем, 

өлшем,  мөлшер,  салмақ,  қашықтық,  мезгіл,  мерзімге  қатысты  сөздер  қорын,  сандық 

ұғымдарды айтуға толық негіз бар. 

«Кеңістік»  концептісіндегі  нумеративтер  арқылы  түркі  жазба  ескерткіштеріндегі 

мәтіндерді  талдай  отырып,  түркі  халықтарының  дүниетанымын,  әлем  бейнесін 

қарастырайық.  

 

НЕГІЗГІ БӨЛІМ 



 

Кеңістіктің  концептіленуінің  тамыры  осы  лексеманың  этимологиялық  талдамасынан 

басталады.  «Кеңістік»  сөзінің  түбірі  -  «кең».  Осы  түбірден    «кеңею»,  «кеңдік», 

«кеңпейілдік»,  «кең  дала»,  «кеудесі  кең»,  «көңілі  кең»  «кең  құшақ»  т.б.  қазақ  халқының 

мәдени  болмысына  тән  ұғымдық  сөз  тіркестері  қалыптасқан.  Осы  сөздердің  барлығының 

мәні  «үлкен»,  «шексіз»  деген  мағынаны  меңзеп  тұрғанын  көреміз.  Бұл  ретте  халықтың 



территориялық  жағдайы  да  осы  мәнді  сөздердің  туындауына  себеп  болды  деп  айтуға 

болады. Яғни, «кеңістік» сөзін «шексіздік» деген ұғыммен, шексіздік десек «қозғалыс» деген 

ұғыммен  де  ұштастыруға  болатынын  ескерсек,  екінші  жағынан  «шектеулі»  ұғым  «аумақ» 

деген мағынаны да беретінін көреміз. Осылайша «кеңістік» сөзінің этимологиялық аспектісі 

негізінде мағыналық вариативтілікті  көреміз.   

Кеңістік сөзінің вариативтілігі оның осы категорияның мазмұндық қатыстылығына да 

байланысты [6, 161]. Яғни осы кеңістікті қандай мазмұн құрайды? Мәселен, В.Н. Топоров өз 

еңбегінде  кеңістікті  гомогенді,  үздіксіз,  шексіз  бөлінетін,  және  оны  құрайтын  ешбір 



объекті  мен  материяға  тәуелсіз  модель  деп  түсіндіреді.  Екінші  жағынан  кеңістіктің 

мифопоэтикалық  моделін  сипаттау  барысында  «кеңістік  пен  уақыттың»  үздіксіз 



байланысын  көрсетеді. «...время сгущается и становится формой пространства..., его новым 

[четвертым] измерением [7, 233]; вторичность пространства по отношению к заполняющим 

его вещам, вне которых оно не существует  [7, 234]; его антропоморфность, соотнесенность 

вселенского пространства с частями тела человека [7, 244-245]». А.Я. Гуревич орта ғасырлық 

батыс Еуропаның ментальді танымындағы кеңістік ұғымын түсіндіру барысында «Кеңістік – 

бұл  адамның  табиғатқа  деген  ерекше  «сырластық»  қарым-қатынасының  сипатынан 

туындаған ғарыш» деп анықтама береді [8, 86].

 

Адам  санасының  дамуы  «кеңістікті»  көрнекі-сезімдік  қабылдаудан  абстракцияланған-



ойша  қабылдауға  алып  келді.  Кеңістік  туралы  ғылыми-теориялық  анықтамалармен  бірге, 

санадағы  күнделікті  әлемнің  қарапайым  бейнесі,  ғылымилыққа  дейінгі,  архаикалық 

танымдық  түсіктері  қатар  қолданылады.  Бұған  дәлел  –  салыстырмалы  лингвомәдениеттану 

фактілері.  

Кеңістік  –  заттық  ұғым.  Абстракцияланған  кеңістік  нақты  физикалық  заттармен 

көрсетіледі.  Мәселен,  жол-сызық,  жоғары-төмен,  алыс-жақын,  кең-тар,    бос-тығыз,  оң-сол, 

бар-жоқ, ішкі-сыртқы, дөңгелек-бұрышты, ауа-жер-жұлдыз-аспан,  т.б. 

Кеңістіктің тілдегі көрініс тапқан лексикасын талдау барысында оны екі семантикалық 

топқа бөлуге болатынын байқаймыз. Олар:  

1. 

Кеңістік-орта,  бұл  кеңістіктік  тұтастықты  немесе  сыйымдылықты  беретін, 

яғни кеңістікті құрайтын құрам бірліктерінің лексемалары. 



2. 

Кеңістік-ұйым,  бұл  әлемнің  заттары  мен  құбылыстарының  формасын 

көрсетуге негізделген және олардың ара-қатынасын көрсетуге бағытталған лексемалар.  

Осы  лексемалардың  өзі  екі  сатыдан  қалыптасады:  бірінші  –  кеңістік  туралы 

қабылдаудың,  бейненің  тура  және  ауыспалы  мәндері.  Ал  екінші  сатысында  –  осы  мәндер 

«кеңістік» концептісінің бейнелі когнитивті моделін қалыптастыруға негізделеді. 



Ш. Уәлиханов атындағы КМУ хабаршысы    ISSN  1608-2206                                   Филология сериясы. № 4, 2019 

 

21 



 

Е.Л.  Березовичтің  пікірінше  кеңістік  сипаттаудың  келесі  базалық  параметрлерінен 

тұрады.  Олар:  1)  нысанның  оқшаулануы  [локализация  объекта];  2)  төңіректі  қамту  [охват 

местности];  3)  ұзыңдығы  [протяженность];  4)  кеңістіктің  қоныстануы  [обжитость 

пространства].  «Первый  из  них,  по  сути,  позволяет  определить  точку  зрения  субъекта 

номинации  по  отношению  к  пространственным  объектам...второй  и  третий  – 

охарактеризовать поле  зрение  номинатора;  четвертый  –  дать  качественную  характеристику 

освоенного и не освоенного человеком пространства» [9, 137].   

М.В.  Голомидова  «кеңістік»  концептісіне  көптеген  түсініктерді  жатқызады.  Мәселен, 

«ментальді  білім»,    «әлем  бейнесінің  тілдік  ядросы»,  «адам  қабылдауының  түсініктер 

жүйесі»  т.б.  [10,  137].  Ғалымның  бұл  анықтамаларына  қосылмауға  болмас,  себебі  шын 

мәнінде  де  «кеңістік»  концептісі  халықтың  қоршаған  ортану  тану,  білу  деңгейі,  сол 

қабылдаумен байланысты туындаған мәдениет, дүниетаным, өмір салты.     

О.П.  Пивоварова  «кеңістік»  –    бұл  шеңберлі  ұйым,  адамнан  шеттетілуімен  және 

онымен бірігуімен сипатталады; алыс және жақын, ашық және жабық, бағытының болуымен, 

заттануымен, көп қырлылығымен [көп жақты] сипатталады»  – деп түсіндірген [11, 14]Ола 

болса, «кеңістік» - әрі шексіз, әрі шектелген, бір бағытта болатын, әрі жан-жақты қамтитын 

адам түсінігі.  

Жоғарыда  айтылған  «кеңістік»  концептісі  туралы  пікірлерді  негізге  ала  отырып,  осы 

концептінің  түркі  халықтары  мәдениетіндегі  алатын  орны  мен  мәніне  тоқталайық.  Түркі 

жазба  ескерткіштерінің  мәтініне  лингвомәдени,  концептуалдық  талдау  жасаған 

Н.Ғ.Шаймердинованың  пікірінше  «кеңістік  туралы  мән»  екі  аспектіде  берідеді.  Бірі 

«экспликацию  через  стороны  света  эмпирических,  опытных  знаний,  многозначных  пос 

содержанию», екіншісі «демонстрацияфизического пространства через указание конкретных 

топонимов и их характеристику» [12, 67]. 

 

Осы  туралы  Н.А.  Кононовтың  пікірінше,  адамда  қоршаған  орта,  жергілікті  жердің 



бедері,  күннің  шығуы  мен  батуы  және  оның  орны,  жердің  күн  және  түн  жақтары  туралы 

білімдердің  жиналуынан  басталған  ақпарат  уақыт  өте  келе  жүйеленіп,  нақты  ғылыми 

танымға айналады [13, 72].  

 

Кеңістік  концептісін  беруде  сандар,  нумеративтер  кеңінен  қолданылады.  Сан  –  бұл 



логикалық,  философиялық,  ұлттық-мәдени  құндылықтары  бар  тілдік  бірлік  [14,  20].  Олай 

болса,  басқа  тілдер  секілді  түркі  тілдеріндегі  сандар  да  ұзақ  семантикалық  даму  үдерісінен 

өтіп, ақырғысында негізгі есептік қызметінен айырылып, символикалық, ритуалдық мәнге ие 

болды,  тіпті  сокралды  ұғым  деңгейіне  де  жетті.  «...Для  числовых  моделей  в  архаичных 

культурах  характерна  гораздо  большая  обнаженность,  подчеркнутость  целевой  установки, 

связанной с более прагматическим [по сути дела, ане по внешним приметам] отношением к 

числу.  В  частности  это  объясняется  тем,  что  в  архаичных  традициях  числа  могли 

использоваться в ситуациях, которым придавалось сакральное, «космизирующее» значение. 

Тем самым числа становились образом мира [imago mundi]» [7, 227]. 

 

Ал, ерте заманда түркі халқының көсемдері Күлтегін, Төныкөк және Білге қағандар өз 



жазба  ескерткіштерінде  «дүниенің  төрт  бұрышы»  деп  сөйлеген.  «...Төрт  булуң  көп  йағы 

ерміс  су  селепен.  Төрт  булундағы  будунығ  көп  алмыс,  көп  баз  қылмыс»  яғни  «...төрт 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   341




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет