Ш. Уәлиханов атындағы кму хабаршысы issn 1608-2206 Филология сериясы. №4, 2019



Pdf көрінісі
бет32/341
Дата07.01.2022
өлшемі3,45 Mb.
#18687
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   341
Байланысты:
Vestnik 4 2019

бұрыштың  бәрі  жау  еді.  Әскер  жүргізіп  төрт  бұрыштағы  халықты  көп  алған,  бәрін 

бейбіт қылған» – деп баяндайды [15, 17-18].   

Батыс пен шығыс, солтүстік пен оңтүстік деген қазіргі географияның негізгі терминдері 

болып  отырған  сөздерді  түркі  халқы  сол  уақытта  қолданып,  бүгінгі  қазақ  тіліндегі  бағыт-

бағдар  ұғымын  беретін  мекен  белгілімдеріне  айналып отыр.  «Тоқуз  оғуз  беглері,  будуны  бу 



сабымын  едгүту  есід.  Қатығды  тыңда.  Үлгерү  -  күн  тоғсыққа,  біргерү  –  күн  ортусыңару, 

курығару  –  күн  батсықына,  иырғару  –  түн  ортусыңару  анта  ічрекі  бідін  көп  маңа  көрур, 

анча будун», яғни «Тоғыз оғыз бектері, халқы бұл сөзімді жақсы есіт. Қатты тыңда. Ілгері 

– күн шығыста, оң тұста – күн ортада, кейін – күн батыста, сол тұста – түн ортасында 

соның  ішіндегі  халықтың  көбі  маған  бағынды,  осынша  халық»  [15,  14]  деп  жазады.  Бұл 

терминдердің барлығы «4» деген саннан тәуелденіп шығып отырғанын байқауға болады.  




Вестник КГУ им. Ш. Уалиханова   ISSN  1608-2206                                              Серия филологическая, № 4, 2019      

 

22 



 

Профессор  Н.Ғ.Шаймердинова  жазба  ескерткіштеріндегі  «дүниенің  төрт  бұрышы» 

терминін  айта  отырып,  түркілердің  ғылыми-практикалық  тұжырымдарды  қалыптастырған  

өркениеттің  бірі  деп  таниды.  «Четыре  угла  раскрывает  расселения,  передвижения, 

завоеваний  тюркского  народа,  обозначает  то  огромное  пространство,  на  которую 

распространялась  власть  древнетюркского  государства,  ...  с  другой  стороны  это  наивная 

география,  наивные  донаучные  представления  тюрков  о  форме  земли»  [12,  102]  –  деп 

жазады.  

 

«Дүниенің төрт бұрышы» яғни «Төрт булуң» сөз тіркесі Орхон, Енисей, Талас бойынан 



табылған  ескерткіштердің  барлығында  кездеседі.  Бұл  ескерткіштердің  географиялық 

орналасуын  қарасақ,  бірі  солтүстікте,  бірі  оңтүстік  бедерінде  орналасқан.  Осы  кең  аумақта 

жүрген  әр  түркі  халқы  «дүниенің  төрт  бұрышы»  деген  ұғымды  түсінген,  әрі  қолданған. 

Мәселен,  

Онгин  ұстынында:  Ата-бабамыз  Ямы  қаған  әлемнің  төрт  бұрыштағыларын  қысты, 

бағындырды, басып алды [16, 38]; 

 Күлтегін  мәтінінде  [16,  186-191]:  Төрт  тарптағылар  [төрт  булун  көп]  қарсы  жау 



болған.  Қол  аттандырып  төрт  тараптағы  [дүниенің  төрт  бұрышындағы]  халықты 

бағындырып,  иеленген  (Батыс  беті,  2  жол);    Төрт  тараптағы  халықты  бағындырып, 

бейбіт қылдым (Батыс беті, 29-30 жол);  

Білге  қаған  мәтінінде  [16,  256-263]:  Төрт  тараптағылар  қарсы  жау  болды.  Қол 



аттандырып,  төрт  тараптағы  халықты  бағындырды  (Батыс  беті,  3  жол);  Төрт 

тараптағы  халықты  бағындырып,  бейбіт  еттім,  жаусыз  қылдым  (Батыс  беті,  24 жол); 

Төрт тараптағы халықты бейбіт қылдым (Оң жақ беті, 10 жол). 

Бұл  пікірдің  жалғасы  ретінде  түркілердің  өз  батысы  мен  шығысында,  солтүстігі  мен 

оңтүстігінде қай ел-тайпалармен көршілес болып, шектесіп отырғанын жырларда да айтады. 

«Қурығару  – Иінчү үгүз кече, Темір қапығқа тегі сүледім» [Батыста Сырдария өзенін кеше 

Темір  қақпаға  дейін  соғыстым]  [15,  14].  «Ілгерү    күн  тоғсықда  Бөглі  қағанқа  тегі  сүлеүі 

бірмін»  [Ілгері  –  Күншығыста  Бөклі  қағанға  дейін  соғыстым],  «Ілгерү  –  қурығару  сүлеп 

тірміш  қобартмыш»  [Ілгері  [шығысқа]-батысқа  аттанып  жинапты,  көтеріпті].  «Қурығару 

Темір қапығқа тегі сүледіміз. Көгімен аша қырық аз йеріңе тегі сүледіміз» [Батыста – Темір 

қақпаға  дейін  соғыстық.  Көгменнен  аса  Қырық  аз  жеріне  дейін  соғыстық]  [15,  21-22],  

«Ілгерү  Қадырқан  йышығ  аша  Бұлынығ  ача  қонтурдымыз  анча  ітдіміз.  Қурығару  Кеңү 

тармаңқа  тегі  Түрік  бұдунығ  анча  қонтурдымыз.  Анча  ітдірміз»  [Шығыста  Қадырқан 

қойнауынан аса халықты осынша қондырдық, осынша еттік. Шығыста Кеңүр тармаққа дейін 

түркі  халқын  осынша  қондырдық, осынша  еттік]  [15,  23]   «Будунығ  ігідейін  тійін  Қырғару 

оғуз будун тапа, Ілгерү қытан, татабы будун таға. Бүргерү табғач тапа» [Халықты көтерейін 

деп,  Батыста  оғыз  халқына  қарсы,  Шығыста  қытан,  татабы  халқына  қарсы,  Түстікте 

табғашқар қарсы] [15, 25].  

Тоныкөк  ескерткішінің  мәтінінде  де  батыс,  шығыс,  оңтүстік,  солтүстік  сөздері 

кездеседі. Мысалы «Ілтеріс қаған болайын, берійе табғачығ, йырайы оғузуғ өк өлүртү. Біліг 

есі  чаб  есі  бен  көртім»,  яғни  «Ілтеріс  қаған  болайын,  оңтүстікте  табғашты,  шығыста  – 

қытанды,  солтүстікте  оғызды  көптеп  өлтірді»  [15,  44].    Немесе  «Берійекі  будун  қурыйақы 

ийырақы өңрекү будун келті»,  яғни «оңтүстіктегі  халық,  батыстағы, шығыстағы халықтар 

келді» [15, 47]. 

Енисей жазба ескерткіштерінде де «дүниенің төрт бұрышы» кездеседі. Енисейді мекен 

еткен  көк  түріктер  де  төрт  географиялық  жер  бедерінің  бағыт-бағдарын  біліп,  ажырата 

білген.  «...tıkdı  tört  budunga  tü»  –  «Дүниенің  төрт  бұрышына  [ескерткішті]  тұрғызды» 

делінген [17, 99]. Мұндай мысалдар Енисей жазба ескерткіштерінде кеңінен қолданылады. 

 

ҚОРЫТЫНДЫ 



 


Ш. Уәлиханов атындағы КМУ хабаршысы    ISSN  1608-2206                                   Филология сериясы. № 4, 2019 

 

23 



 

Орхон  жазба  ескерткіштерінде  «кеңістік»  концептісі  нумеративтер  арқылы  беріліп, 

түркі  халықтарының  мәдениетін,  дүниетанымын,  әлем  бейнесін  танып  білуге  бірден-бір 

тілдік  негіз  болып  табылады.    Ескертікштер  тілінде  кеңінен  қолданылатын  «төрт  булуң»  - 

«дүниенің  төрт  бұрышы»  -  нумеративті  сөз  тіркесі  арқылы  жасалған  кеңістік  концептісі 

біріншіден,  қозғалыс  бағытын  немесе  бағдарын  білдірсе,  екіншіден,  түркі  халықтарының 

жалпы  әлем  бейнесі  туралы  ақпарат  беретін  антропоцентристік  мәнге  ие  ұғым, үшіншіден, 

аксиологиялық  құнды  мәндегі  мазмұнға  ие  түсінік:  шығыс  пен  оңтүстік  –  жағымды,  ал 

сотүстік  пен  батыс  –  жағымсыз  мәнге  ие  құбылыс.  Ескерткіш  мәтінінде  «шығысқа  қарай 

алға»  және  «батысқа  қарай  қайту  [шегіну]»  деген  тіркестердің  қайталанып  қолдануы  түркі 

халықтары  әскерінің  жауынгерлік  шабуыл  мен  географиялық  орналасуы  туралы  нақты 

білімге ие екенін көрсетеді.  

Орхон  жазба  ескерткіштері  тілінде  «кеңістік»  концептісіндегі  нумеративтердің 

семантикасы  арқылы  түркі  халықтары  мәдениетінің,  дүниетанымының,  әлем  бейнесінің 

жалпы мазмұнынын танып, мәнін ашуға болады.  

 

ПАЙДАЛАНҒАН ДЕРЕКТЕР ТІЗІМІ 



1  Meisterwerke  deutscher  Dichter  und  Denker.  Berlin:  Digital  bibliothek,  2003.  –  1,8  Гб. 

(CD-ROM).   

2  Степанов  Ю.С.  Константы:  словарь  русской  культуры  [Текст].  3  издание,  иправл.и 

дополн. / Ю.С. Степанов. – М.: Языки русской культуры, 2005. – 991 с. 

3  Колесов  В.  Русская  ментальность  в  языке  и  тексте  [Текст]  /  В.Колесов.  –  СПб.: 

Петербург-востоковедение, 2007. – 624 с. 

4 Арутюнов Н., Левонтина И. Языки пространств [Текст] / Н.Арутюнова, И.Левонтина. 

– М.: Языки русской культуры, 2000. – 448 с.  

5 Дмитриев Н. К. Строй тюркских языков [Текст] / Н.К. Дмитриев. – М., 1962. – 606 c. 

6 Айдарбекова Ж.Қ. «Кеңістік» концептісіндегі нумеративтер семантикасы» // Еуразия 

Гуманитарлық институтының хабаршысы. - Нұр-Сұлтан, 2019. - №3. – 160-165 с.  

7 Топоров В.Н. Пространство и текст // Текст: семантика  структура. Сб.ст. / АН СССР, 

Ин-т славяноведения и балканистики; Отвст.ред. Т.В.Цивьян. – М.: Наука, 1983. – 227-284 сс. 

8  Гуревич  А.Я.  Категория  средневековой  культуры  [Текст]  //  Избранные  труды.  Т.2.  / 

А.Я. Гуревич – СПб.: Университетская книга, 1999. – 17-262 сс.  

9  Березович  Е.Л.  Русская  топонимия  в  этнолингвистическом  аспекте  [Текст]  /  Е.Л. 

Березович. – Екатеринбург: Изд-ство Уральского университета, 2000. – 532 с.

 

10  Голомидова  М.  Учебник  японского  языка  для  детей  [Текст]  /  М.  Голомидова.  – 



Екатеринбург, 2001. – 238 с.  

11  Пивоварова  О.П.  Риторика:  учебное  пособие  [Текст]  /  О.П.  Пивоварова.  – 

Челябинск: Полиграф-Мастер, 2011. – 84с. 

12  Шаймердинова  Н.Г.    Когнитивные  модели  древнетюркских  текстов  в  русских 

переводах. Монография [Текст] / Н.Г. Шаймердинова. – Астана: Арман-ПВ, 2007. – 176 с.  

13 Кононов Н.А. Грамматика языка тюркских рунических памятников (7-9 вв.) [Текст] / 

Н.А. Кононов. Ленинград: Наука, 1980. – 245 с.    

14 Зиновьев В.Н. Лексико-семантические особенности числительных в разных языках 

[Текст]  //  Межвузовский  сборник.  Лексика.  Терминология.  Стили.  –  М.:  Изд.  Горьковского 

университета, 1974. – вып 3. – 20-39 с.  

15  Айдаров  Ғ.,  Сыздықов  С.  Орхон  жазба  ескерткіштері.  ЖОО  филология 

факультетінің студенттеріне арналған әдістемелік нұсқау [Текст] / Ғ. Айдаров, С. Сыздықов. 

– Алматы: Мектеп, 1989. – 75 б. 

16 Жолдасбеков М., Қаржаубайұлы С. Орхон ескерткіштерінің толық атласы [Текст] / 

М.Жолдасбеков, С. Қаржаубайұлы.  – Астана: Күлтегін, 2005. – 360 б.

 

17  Кормушин  И.В.  Тюркские  Енисейские  эпитафии.  Тексты  и  исследования  [Текст]  / 



И.В. Кормушин. – Москва: Наука, 1997. – 303 с. 

 


Вестник КГУ им. Ш. Уалиханова   ISSN  1608-2206                                              Серия филологическая, № 4, 2019      

 

24 



 

Ж.Қ. Айдарбекова

1

, А.Ш. Альбекова







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   341




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет