Ш. Уәлиханов атындағы кму хабаршысы issn 1608-2206 Филология сериясы. №4, 2019


Секіріп, суда ойнаған шабағымды  Сұм сұлу, қармағыңа ілдің неге? [8, 144]



Pdf көрінісі
бет146/341
Дата07.01.2022
өлшемі3,45 Mb.
#18687
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   341
Байланысты:
Vestnik 4 2019

 

Секіріп, суда ойнаған шабағымды 



Сұм сұлу, қармағыңа ілдің неге? [8, 144] 

 

 



3. Тәтті у: 

Сүй, жан сәулем, тағы да сүй, тағы да, 

Жылы, тәтті у тарасын қаныма   [8, 67]; 

 

Махаббат – бір тәтті у, 



Ішер жүрек, төгер жас [8, 100] 

   


4. Мұңлы, нұрлы Ай: 

Отырған қараңғы үй терезесінен 

Көремін мұңды, нұрлы толған Айды [8, 51]. 

 

Мұндай қарама-қайшы мәндегі тіркес сөздер Мағжан лирикасының «алтын өзегі» деуге 



болады.  

 

Мағжанның  «қара  күні»  халықтың  тағдыры  мен  қасіретін  танытатын  оксюморон. 



Халықтық  дүниетанымда  қасіретті  қара  түспен  беру  қалыптасқан  ұғым.  Ұлты  үшін 

қайғырған  ақын  алмағайып  заман  талқысына  тап  болған  қазағының  бұл  шағын  «қара  күн» 

оксюморонымен бейнелеу арқылы шынайы сурет тудыра алған. 

 

Мағжан  поэтикасына  тән  «тәтті  у»  оксюмороны  «балдай  тәтті  у»  түрінде,  яғни 



теңеумен  қабаттаса  жұмсалатын  тұсы  да  бар.  Кейінгі  буын  қазақ  ақындарында  бұл 

оксюморон  тұрақты  қолдана  бастады.  Бір  мысал  келтірсек,  Т.Молдағалиевтің  «Алматының 



үстінде ұшып жүрген аққулар // Қанататарыңда сендердің сағыныш бар, тәтті у бар» деп 

келетін өлең жолдарын айтуға болады. 

 

«Сұм  сұлу»  оксюмороны  Мағжан  поэзиясында  характерлік  сипатымен  ерекшеленеді. 

Кіршіксіздік,  мінсіздік  ұғымындағы  сұлулықты  «сұм»  сөзімен  айшықтаудың  өзіндік 

көркемдік  ишарасы,  астары  бар.  Бұл  жерде  оксюморонның  қарама-қайшы  үғымдардың 

бірігіп,  бір  мағынаны  беруі,  яғни    бір  бейнені  танытуы  екенін  ескерсек,  поэзиядағы 

бейнеліліктгі оның маңызды, сан қырлы, әр түрлі деігейдегі қызметін түсіне аламыз.  

 

Оксюморонның  қызметі  тек  тіркесті  түрде  қалып  қоймай,  поэтикалық  қолданыс 



аясында барынша ұлғайып, антитезалық, бинарлық тәсілдерге ұласады. Мұндай мысалдарды 

да Мағжанның поэтикалық тілінен көптеп ұшыратамыз. «Толқынды толқын қуады» өлеңінің 

құрылымынан  қайшы  құбылысты  тұтастыру  арқылы  бейнелілік  тудырған  мына  жолдардың 

«астарында» оксюморон сілемі жатыр деуге болады: 

Мөлдіретіп көз жасын, 

Жасымен жуып жартасын, 

Сүйіп, сылқ-сылқ күледі. 

Жылағаны – күлгені, 

Күлгені – оның өлгені, 

Жылай, күле өледі [8, 93].    

Жылап-күлу  сияқты  қарама-қарсы  құбылысты  тұтастырып  әкеліп  бір  бейнелі  суретті 

түзген бұл шумақта өмірдің қақтығысқан күштері, тіршілік тартысы сыйдырылған.  

«Батыр  Баян»  поэмасында  ақын  кейіпкерінің  жан  дүниесіндегі  тартысты  айшықтап 

танытуда осы «қарама-қарсылық» пен «қарама-қайшылық»  тұтастығын тірек етеді: 




Ш. Уәлиханов атындағы КМУ хабаршысы    ISSN  1608-2206                                   Филология сериясы. № 4, 2019 

 

163 



 

Боз үйде жалғыз қалып Баян енді 

Жаралы жолбарыстай күңіренді, 

Қорғасын миын, ойын төмен басып, 



Ақылға алғыр құстай ашу төнді. 

Бір көк сұр түс енгізіп, бар денеге, 

Сұм жүрек қанды өзіне жинай берді. 

Ақыры ашу ерді билеп кетіп, 

Жалп етіп сөнген шамдай ақыл өлді [8, 141]. 

Антитезалық тәсіл арқылы танытылған Баян  батырдың жан әлемі, күйзелісі, екі ұдай 

сезімнің тартысында аласұруы шынайы, әсерлі бейнеленген. Әрине, бұл бейнелілік негізінде 

жатқан  қарама-қарсы  ұғымдар  қақтығысы  жаңа  бағыттағы  тәсілге  ұйытқы  болып  тұр. 

«Фигураның (айшықтаудың) бір түрі – шендестіру, яки антитеза (грекше – қарама-қарсылық) 

–  бір-біріне  керағар  құбылыстарды,  мән-мағынасы  әр  тарап  ұғымдарды,  түр-түсі  әр  бөлек 

нәрселерді  өзара  бетпе-бет  қою  арқылы  бұлардан  мүлде  басқа  бір  құбылыстың,  ұғымның, 

нәрсенің суретін, сыр-сипатын, кескін-келбетін анықтау, аңғарту, елестету», – деп анықтама 

береді теоретик ғалым З.Қабдолов  [9, 236]. Антоним сөздер тірек болып, ары қарай тіркеске 

түсіп  немесе  кеңейген  түрде  бейнелеудің  контрасты  түріне  ұласқан  мұндай  көркемдік 

қалыпты «қарама-қарсылық әрекетінің бір тұтастыққа келуі» түрінде қарастырамыз. 

 

Қарама-қарсы  ұғымдарды  тұтастырып  әкеліп  тың  бейне  туғызу  ақыннан  шеберлікті 



талап  ететіні  белгілі.  Ақиқаттың  қайшылықтардың  біріккен  тұсында  жататыны  туралы 

айтылатын қанатты сөз ақындар поэзиясы арқылы поэтикалық тұрғыда айқындала түседі.  

 

Мұң  мен  қайғыны  ақ,  жарқын  сипаттармен  танытатын,  әлемдік  поэзияда  кеңінен 



қолданылған деуге боларлық «мөлдір мұң» («светлая печаль») тіркесі өмірге барынша ғашық 

жандардың көңіл-күйін, ақ пен қараның әрекеттесуінен тұратын өмір заңдылығын, тіршілік 

ақиқатын  бейнеледі.  Пушкин  поэзиясынан  бастау  алатын  мөлдір  мұңның  оксюморонды 

бейнесі  пушкиндік  классикалық  оксюморондық  бейне  ретінде  орыс  поэтикалық  жүйесінің 

тұрақты  қолданысына  айналды  [10,129].  Оксюморонды  бейнеліліктің  мекеншақтық 

үйлесімділікте көрінуі Пушкин өлеңіне тән: 

На холмах Грузии лежит ночная мгла; 

Шумит Арагва предо мною. 

Мне грустно и легко; печаль моя светла; 

Печаль моя полна тобою, 

Тобой, одной тобой... Унынья моего 

Ничто не мучит, не тревожит, 

И сердце вновь горит и любит – оттого, 

Что не любить оно не может [11, 231]. 

 

А.Блок қолданысындағы «мөлдір мұң» бейнесі: 



Ночь тёплая одела острова. 

Взошла луна. Весна вернулась. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   341




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет