Ш. Уәлиханов атындағы кму хабаршысы issn 1608-2206 Филология сериясы. №4, 2019



Pdf көрінісі
бет145/341
Дата07.01.2022
өлшемі3,45 Mb.
#18687
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   341
Байланысты:
Vestnik 4 2019

 

Ж.Ә.Аймұхамбет

1

, Н.И. Көбеева

2 

1

филология  ғылымдарының  докторы,  профессор,  Л.Н.Гумилев  атындағы  Еуразия  ұлттық 



университеті, Нұр-Сұлтан қ, Қазақстан, e-mail: a_zhanat@mail.ru 


Вестник КГУ им. Ш. Уалиханова   ISSN  1608-2206                                              Серия филологическая, № 4, 2019      

 

160 



 

2

қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі, Атырау қаласындағы Абай атындағы орта мектеп,  Атырау 



қ, Қазақстан, e-mail: k_nazerke@mail.ru 

 

ОКСЮМОРОН КӨРКЕМДІК ТӘСІЛ РЕТІНДЕ 

 

 

Мақалада  оксюморонның  көркем  әдебиеттегі,  оның  ішінде  поэзиядағы  бейнелеу 



құралы  ретіндегі  қызметі  талдау  нысанына  алынған.  Оксюморон  туралы  лингвистер  мен 

әдебиеттанушылардың  пайымдауларына  сүйене  отырып,  оксюморон  табиғатын  таныту 

және  оның  қарама-қайшылықтың  «тұтастығы»  түрінде  көрініс  беруін  түсіндіру  – 

талдаудағы  негізгі мақсат болып табылады. Қазақ және орыс поэзиясындағы оксюморон 

үлгілерінің поэтикалық мән-мағынасы ашылады.  

 

Кілт  сөздер:  оксюморон,  символ,  стилистикалық  фигура,  мазмұндық-пішіндік 

құрылым,  антоним,  синтаксистік  егіздеу,  поэзиядағы  дәстүр,  поэтикалық  дүниетаным, 

қарама-қарлысылық, тұтастық. 

 

 



КІРІСПЕ 

  

Оксюморонды стилистикалық фигура, көркемдік тәсіл ретінде қарастырған бірсыпыра 



ғылыми  жұмыстар  бар.  Бұндай  еңбектерде  оксюморон  негізінен  лингвистикалық  құбылыс, 

поэтикалық мәтіннің бұр құралы деп  анықталды.  

В.В.Виноградов  «Анна  Ахматова  поэзиясы  туралы  (стилистикалық  үлгілер)»  атты 

мақаласында  оксюморонды  символ  ретінде,  «заттар  мен  құбылыстардың,  белгілердің 

сипатын  айқындаушы...»  [1,  385]  деп  түсіндіреді.  В.В.Виноградов  ғылымға  оксюморон 

туралы  түсінікті  стилистикалық  құбылыс  ретінде  ХХ  ғасырда  енгізді.  Оксюморон  тек 

поэтикалық құбылыс ретінде ғана емес, сонымен қатар эпитет пен салыстырудың әртүрлілігі 

ретінде  де  қарастырылды.  Ол  «сөздердің  мағыналық  және  эмоционалды  байланысы 

нәтижесінде жаңа символ – оксюморон тудырушы» [1, 384], «күрделеленген» эпитет немесе 

салыстыру  ретінде  берілуі  мүмкін.  Оксюморонның  құрылымы:  шағын  қысқартылған  сөз 

тіркесі. Бірақ, оксюморондық салыстыру кезінде оның құрылымы кеңейеді. Тіпті, тұтас бір 

күрделі  сөйлем  болуы  да  мүмкін.  В.В.Виноградов  фразеологизмдердің  семантикалық 

өзгеріске ұшырап, оксюморонға айналу жолын толық талдау арқылы көрсетеді. 

Л.Н.Тимофеев  «А.Блоктың  контрасты  поэтикасы»  атты  мақаласындда  А.Блок 

поэзиясының  бейнелілігі  және  көркемдік  кеңістігі  туралы  айта  келіп  оксюморонға  ерекше 

тоқталады.  Л.Н.Тимофеевтің  пікірі  бойынша,  А.Блок  шығармашылығындағы  басты 

ерекшелік,  оның  әлемді  поэтикалық  игерудегі  өзіндік  ұстанымдары  болып  табылады. 

Ақынның  контрасты  бейнелеуі  образ  жасауда,  шығарманың  композициялық  құрылымында, 

сюжеттік  желісінде,  сондай-ақ  тақырыбында  да  байқалады.  Оксюморон,  қарама-қарсы 

эпитет, антоним ретінде, «тілдің қисынды түрде ұйымдасуы» болып келеді және оксюморон 

жай сөз тіркесі ретінде де берілуі мүмкін [2,48].  

Оксюморон, сондай-ақ, «лирикалық кейіпкердің ішкі әлемі, толғанысы» [2, 100] ретінде 

көрініс  табады.  Мұндай  анықтамадан  кейін,  оксюморон  неге  қайшылықты  оқиғада 

суреттеледі,  оның  мағыналық  мәні  неде  деген  заңды  сұрақ  туады.  Бұл  сұрақ  оксюморонға 

жақын  ұғымдармен  байланысы  нәтижесінде  де  жауабын  таппайды.  Л.Н.Тимофеевтің 

тұжырымы бойынша, оксюморон, эпитет, салыстыру, метафораның тілдік деңгей құбылысы 

мен әлемді қабылдаудың қарама қарсы деңгейіне жақын ұғымдар деп түсіндіреді. 

Автордың  бұл  еңбегінде  оксюморон  жалпы  поэтикалық  құбылыстардың  бірі  ретінде 

қарастырылады. 

 

Л.А.Введенскаяның  «Антонимге  негізделген  стилистикалық  фигуралар»  атты 



зерттеуінде  оксюморонды  тек  стилистикалық  фигураның  бірі  ретінде  ғана  емес,  оны  «ең 

тиімді көркем құралдардың бірі... логикалық ойлау тұрғысынан бір-біріне сәйкес келмейтін 

сөздердің тіркесуі» [3, 128] деп тұжырымдайды. 



Ш. Уәлиханов атындағы КМУ хабаршысы    ISSN  1608-2206                                   Филология сериясы. № 4, 2019 

 

161 



 

 

НЕГІЗГІ БӨЛІМ 



 

Оксюморонды  стилистикалық  тәсіл  ретінде  әдебиет  классиктері  және  қазіргі 

қаламгерлер жиі қолданады.  

 

Оксюморон  мәтін  құрылымында  көркем  сөздің  эмоциялық  мәнін  күшейтіп,  қарама-



қарсылықтың  тұтастығын  танытады.  Сол  арқылы  оқиға  желісінің  ширығуы,  шиеленісуі 

көрсетіліп, кейіпкердің болмысы ашылады. 

 

Көркем  прозада  оксюморон  ең  әуелі  шығарманың  атауы  ретінде  кездеседі.  Мысалға 



Н.В.Гогольдің «Өлі жандар», И.С.Тургеневтің «Қу сүйек жан», Л.Н.Толстойдың «Тірі өлік», 

Ю.Бондаревтің  «Қызыл  қар»,  Ф.М.Достоевскийдің  «Адал  ұры»,  В.В.Вишневскийдің 

«Оптимистік  трагедия»,  П.Антокольскийдің  «Қатал  бейіш»,  А.Шницлердің  «Кеңінен 

жұмылған көз», Е.Шварцтың «Қарапайым керемет» туындыларын атауға болады.  

 

Өзі  өмір  сүрген  кезеңнің  ащы  шындығын  арқау  еткен  «Өлі  жандар»  атты  поэмасын 



Н.В.Гоголь  1835  жылы  бастаған.  Бізге  белгілі  болған  тарихи  әңгіме  бойынша  тақырыпты 

Гогольге Пушкин ұсынған екен. Кишиневқа бірнеше мәрте сапар шеккен ұлы ақын Бендера 

деген  жерде  адам  өлмейтінін  естіп  таң  қалған  екен.  Себебі,  өлі  жандардың  аттары  құжатқа 

тіркеліп,  олар  тірілер  қатарына  есептеледі.  Осы  «Өлі  жандар»  поэмасы  арқылы  Гоголь  өзі 

өмір сүрген  тұстағы орыс қоғамының бет-бейнесін паш еткен. Бұл шығарма сыртқы пішіні 

жағынан прозалық шығарма болғанымен, ішкі ырғағына қарай поэзиялық туындыға жақын.  

 

Оксюморондар әдеби жанр атауларына қатысты да ұшырасады. Мысалы, «трагедиялық 



комедия»,  «қара  сөзбен  жазылған  өлең»,  «өлең  түріндегі  роман»,  «өлең  түріндегі  повесть», 

т.б. Бұл атаулар көркем туындының пішіндік-мазмұндық құрылымын, поэтикалық табиғатын 

айғақтай түседі.  

Оксюморонның  көркем  әдебиеттегі  көрініс  жайлы  қазақ  лингвистері  «Кейде  сөз 

шеберлері  қарама-қарсы  ұғымдарды  қатар  синтаксистік  тіркеске  түсіріп,  оксюморон  жасау 

үшін  де  антонимдерді  қолданады.  Бұл  әдіс  көркем  әдебиетте  айтайын  деген  ойды 

көрнекілікпен  салыстырып,  нақтылап  аша  түсуге  көмек  береді»  [4,29],  –  деген  тұжырым 

жасап, мысалға Қадыр Мырза-Әлидің төмендегі өлеңін мысал етеді: 

Ел ұмытпас ерінің дұрыс ісін, 

Бір буынның бірегей ірісісің, 

Бақытсызбын – тірідей өлгендер көп, 

Бақыттысың – өлгеннің тірісісің. 

   «Тір-өлі»  антонимінің  тіркесуі  негізінде  туындаған  оксюморон  бірсыпыра  бейнелі 

ойға арқау болды. Алтын Орда дәуірінің ақыны Құтып «Қалың жұрт екіге бөлінеді: ұқпаған – 

өлік, түсінген – тірі» деген екен [5]. 

 

Өлі-тірі  оксюморонының  поэзияда  тұрақты  түрде  қолданылуының  өзі  бұл  ұғымның 



адам баласы үшін маңыздылығын көрсетсе керек. Ақын Г.Салықбайдың «Пенелопа екеуміз» 

өлеңінде лирикалық кейіпкердің арман-аңсары, мұраты: 

Біреулерге өліден де өліміз

Біреулерге тіріден де тіріміз, -  

деген жолдармен бейнеленеді [6, 51].  

 

Қ.Мырза-Әлидегі «тірідей өлі», «өлгеннің тірісі» оксюмороны Г.Салықбайда «өліден де 



өлі», «тіріден де тірі» болып синтаксистік егізделген жұпты құрайды. Сол арқылы лирикалық 

кейіпкердің хал-ахуалын, сезім халін аңғартады.  

 

Поэзиядағы  дәстүр  дегенде  ұлт  ақыны  Мағжаннның  поэтикалық  дүниетанымына  тән 



оксюморондарды,  сол  оксюморон  құбылысы  негізінде  туындаған  қарама-қайшы  сезімдер 

қақтығысын айта аламыз. 

 

М.Жұмабаевтың поэтикалық тілінде кездесетін оксюморондарға  тоқталайық. 



 

1. Қара күн: 

Сорлы қазақ, жан алқымға тығылып, 

Қара күн кеп, тіккен туы жығылып...[7, 12]   



Вестник КГУ им. Ш. Уалиханова   ISSN  1608-2206                                              Серия филологическая, № 4, 2019      

 

162 



 

 

2. Сұм сұлу:   



Сұм сұлу сағынғандай қолын беред...[8, 74]; 

 

Сұм сұлу анадайдан «ағатайлап», 

Баянда жан қоймаған жандырмаған [8, 137]; 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   341




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет