Ш. Уәлиханов атындағы кму хабаршысы issn 1608-2206 Филология сериясы. №4, 2019



Pdf көрінісі
бет147/341
Дата07.01.2022
өлшемі3,45 Mb.
#18687
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   341
Байланысты:
Vestnik 4 2019

Печаль светла. Душа моя жива. 

И вечная холодная Нева 

У ног сурово колыхнулась [12, 123]. 

Бұл  өлеңде  де  кеңістікті-уақыттық  шеңберде  тұрған  «мөлдір  мұң»  оксюморондық 

тіркесі  арқылы  лирикалық  кейіпкер  жанының  «жанды  өмірін»,    көктемнің  келуін  тек  жыл 

мезгілдерінің  ауысуы  емес,  бұрынғы  кездің  қуаныштарының,  алыс  қалған  арман  мен 

бақыттың «тірілуін» бейнелеу бар.  

 

О.Мандельштамның өлеңінде бұл бейне ары қарай дамып, күрделене түседі: 



Да будет в старости печаль моя светла: 

Я в Риме родился, и он ко мне вернулся; 

Мне осень добрая волчицею была 

И – месяц Цезаря – мне августь улыбнулся [13, 97] 




Вестник КГУ им. Ш. Уалиханова   ISSN  1608-2206                                              Серия филологическая, № 4, 2019      

 

164 



 

Бұл  бейнелеу  алдыңғы  өлеңдердегі  тәжірибені  жинақтай  отырып,  әдеби  бейнелеудің 

тізбекті қатарын және мәдени-көркем жадтың бірыңғай дамуын жалғастырады.  

Мұңның,  қайғының  поэтикалық  бейнесі  қазақ  поэзиясында  түрлі  айқындаулар  мен 

айшықтаулар арқылы әр қырымен көрінді. 

Әбдіраштың  Жарасқаны  «қаладан  келген  қыз»  поэмасында  өткен  шақтағы  кіршіксіз 

махаббатқа деген сағынышын: 

Мұң артты-ау айлы түндердің 

Арманға толы сәттері. 

Қайрылмай кеткен күндердің  



Қайғысы қандай тәтті еді [14, 103] – 

деп жырласа, Мейірхан Ақдәулетовтің «Экспромт» өлеңінде осындай сүйіспеншілікті «тәтті 

мұң» оксюморонымен жеткізеді: 

Мен ешкімнің сел-сезімін шектемен, 



Тәтті мұңнан Мәжнүн болып кеткен ем [15, 122] 

Г.Салықбай өлеңінен мысал келтірейік: 

Сені көрдім, 

Бәрі де бекер бірақ, 

Көре-көре көздерім өтер жылап. 

Әппақ қайғым бар еді –  

Әппақ түнде 

Әппақ мұңға оранып көтерді бақ [6, 118]. 

Біз орыс ақындарынан келтірген мысалдардағы «мөлдір мұң» қазақ ақынының «әппақ 



қайғы», «әппақ мұң» оксюморонды бейнелеуінің аналогы бола алмайды. Гүлнар өлеңінде үш 

оксюморондық  бейнелеу  қатарласып  келіп,  уақыттық-кеңістіктік  аспектіде  «ішкі  әлемнің» 

құбылысы  мен  күйін  танытқан.  Әппақ  түс  арқылы  оған  тән  емес  ұғымдарды  бейнелеу 

лирикалық  кейіпкердің  жан  дүниесіндегі  аңсарды  танытады.  Түннің,  қайғы  мен  мұңның 

кереғар  ұңымдармен  айқындалуы  ақынның  поэтикалық  танымындағы  ерекшелік  болса, 

мұндай сипаттағы өлеңдер қатары Гүлнарда аз емес.   

Қарашы, анау балағынан кір аққан 

Қала қандай сүйкімді! [6, 16]; 

 

Айқай салдым, шошып, көрген түсімнен 

Ішімнен [32, 16]; 

 

Тұрмын 



Тұрақсыз құмның үстінде [6, 134]; 

 

Құрсын. Тоңдым... 



Қандай рахат бұл тоңу! [6, 84]; 

 

Шөліркеп өліп барамын



Шырағым, берші бір шыны у! [6, 76]; 

 

Саған қайтіп байланып 



Қалдым екен, тас тірлік! [6, 83]; 

 

Өзім өлдім



Өзегім өртенеді... [6, 83] 

Көріп отырғанымыздай, «балағынан кір аққан сүйкімді қала», «көрген түстен шошып 



ішінен  айқай  салу»,  «тұрақсыз  құмның  үстінде  тұру»,  «рахаттанып  тоңу»,  «бір  шыны 

умен шөл қандыру», «тас тірлік», «өзі өліп, өзегі өртену» сияқты оксюморонды бейнелеулер 


Ш. Уәлиханов атындағы КМУ хабаршысы    ISSN  1608-2206                                   Филология сериясы. № 4, 2019 

 

165 



 

астарында  қым-қиғаш  өмірлік  тартыс  жатыр.  Ақын  Нұрлан  Мәукенұлы  өмірдің  осындай 

қайшылықты сипатын былайша өрнектейді:  

Өмір сүрдім, өле сүйдім, 

Бар қызығын көре сүйдім. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   341




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет