«Абушка» (Abuşka Lügati) – деп аталатын сөздік шағатай тілінде жазылған шағатай кезеңіндегі жазылған шығармаларды түсіну үшін: Үндістанда «Шағатайша – Парсыша», Анадолуда «Шағатайша – Осман тілінде» сияқты көп нұсқалары жазылған. Сөздік туралы дереккөздерде 2000–2250 сөз қамтылған, бірақ оған қарамастан кейбір дереккөздерде 3027 шағатайша сөзден тұрады деген ақпаратта жоқ емес.
Сөздіктің қай уақытта және оны кім тарапынан құрастырғаны туралы мәлемет жоқ. Сөздіктің алғашқы сөзі «Абушка» болғандықтан, «Абушка сөздігі» атымен танылды. Екінші атауы «Науаи лұғаты» деп аталатын бұл сөздік Шағатай тілін үйренушілерге арналып жазылған. Бұл сөздіктің Еуропада табылған нұсқалары туралы мынадай деректер бар:
Сөздіктің ең ескі нұсқасы «Абушка». Париждің Ұлттық Кітапханасында сақтауда. 172 беттен тұрады. Шамамен 949 – 1542 жылдар аралығында жазылған; 2) «Науаи лұғаты» атты нұсқасы 134 беттен тұрады. Шамамен 954 – 1547 жылдар аралығында жазылған; 3) Басқа бір нұсқасы Суплемент – 210 беттен тұрады және шамамен 958 – 1551 жылдар аралығында жазылған; 4) Жаңа Суплемент – 117 беттен тұрады және 972 – 1564 жылдар аралығында жазылған; 5) XVII ғасырдың соңғы жылдарында танылған басқа бір нұсқасы – «Абушка–Науаи сөздігі» деген атпен белгілі. 112 беттен тұрады; 6) Абушканың тағы бір нұсқасы – 61 беттен тұрады; 7) Вена Ұлттық кітапханасында табылған бір нұсқасы 213 бетті құрайды; 8) Вена Ұлттық кітапханасында табылған екінші нұсқасы 176 беттен тұрады; 9) Мюнхен қаласында табылған тағы бір нұсқасы да бар; 10) Мевлана–Науаи лұғаты нұсқасы Лейден Академиялық кітапханасында табылды; 11) Лейден Академиялық кітапханасында Абушканың екінші тағы бір нұсқасы да табылды; 12) Лейденде Әлішер Науаи деген үшінші нұсқасы да табылды; 13) Науаи сөздігі және Шағатай лұғаты Ленинградта да табылды. Бұл нұсқа 1868–1869 жылдары В.В. Вильяминов–Зернов тарапынан орыс тілінде 33 бет және француз тілінде 27 бет қамтитын кіріспесімен жариялады; 14) Шағатай лұғаты Науаидың 19 шығармасын түсіндіретін бір нұсқа; 15) А. Вамбери тапқан бір нұсқа Венгрияда сақтаулы; 16) Жоғардағы көрсетілген нұсқалардан басқа Ұлыбритания, Германия Ұлттық кітапханаларында сақтаулы нұсқалары да бар; 17) «Абушканың» көшірмелері Ыстамбұл кітапханаларында да сақтаулы.