Шағатай дәуірінде жазылған сөздіктердің зерттелуі түйін



бет3/4
Дата13.03.2023
өлшемі32,79 Kb.
#73847
1   2   3   4
Байланысты:
thesis146347

«Бедауи лұғат» (Bedâiü'l-Bidâye) шағатай тіліндегі сөздіктердің арасында ең ескісі болып саналады. «Бедауи лұғат» сөздігін XV-ші ғасырада Хұсейн Байқара заманындағы «Имани» деген жасырын атпен Тами деген кісі құрастырған. Жазба нұсқасы шамамен 1117 / 1705−06 жылдар аралығында жазылған. Ал А. Вамберидің нұсқасы – 1715 жылы жазылған.
Жазба нұсқасының кіріспесінде, бұл шығарма Хұсейн Байқараның тапсырысымен жазылғаны туралы мәлімет бар. Бұл сөздік Әлішер Науаидің еңбектерін оқып және түсінуге арналған. Яғни, Науаи тілінің сөздігі. «Бедауи лұғат» қазір Санкт-Петербург кітапханасының қорында сақтаулы.












«Түркі лұғаты» (Fazlullah Han Lügati). Бұл − үнді−түркі билеушісі Мухаммед Евренгзиб ханның (1658 – 1707) тапсырысымен Фазлуллаһ хан жазған сөздік. Фазлулаһ хан бұл сөздікке «Түркі лұғаты» атауын берген, бірақ автордың «Фазлулаһ хан лұғаты» атымен кең тараған. Еңбектің кіріспесінде шағатай тілінің грамматикалық сипаттамасы берілген. Сөздік үш бөлімнен тұрады: «Етістіктер», «Зат есімдер», «Сын есімдер».
Сонымен қатар бұл сөздікте өсімдіктер мен хайуанаттар, асыл тастар, әскер атаулары да қамтылған. Сөздікте түркі тайпалары мен ру аттары туралы мол ақпарат қамтылған. «Түркі лұғатын» әрі шежіре, әрі сөздік деп атауға да болады. «Түркі лұғатының» жазба бір нұсқасы қазір Ұлыбританияның мұражайында сақталуда.
«Түркі зебаны кітабы» (Kitāb-ı Zebān-i Türki). Бұл сөздік те XVII-ші ғасырда Үндістанда үнді− үркі әміршісі Евренгзиб хан (1658 – 1707) заманында жазылған. Грамматикалық мағлұматтары берілген сөздікті Мұхаммед Якуб Чинги тарапынан құрастырған.
«Түркі зебаны кітабы» 14 бөлімнен тұрады және бұл сөздік өте көлемді. Әрі грамматикалық, әрі де сөздік ерекшеліктерін қамтиды. Шағатайша–парсыша сөздік ретінде танылады. Түпнұсқасы Ұлыбритания мұражайында сақталуда.








«Сенглах» (Senglah) сөздігі. Бұны парсы әміршісі Надир шахтың бас уәзірі болған Мырза Махди хан 1760 жылы, түркі−парсы сөздігі ретінде құрастырған. Шағатай тілінің тарихы үшін өте маңызды шығармалардың бірі. «Сенглах» сөзі «жартас» деген мағынаны білдіретіндігін еңбектің кіріспесінде жазған Мырза Махди хан жас кезінде Науаи туындыларын оқып отырып, тілі мен мағынасын түсінуде көп қиналғанын баяндаған. Бұл еңбек те Науаи шығармасын талдап, танытуға арналған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет