Шағатай дәуірінде жазылған сөздіктердің зерттелуі түйін



бет4/4
Дата13.03.2023
өлшемі32,79 Kb.
#73847
1   2   3   4
Байланысты:
thesis146347

«Хуласе-и Аббасы» (Hulâse-i Abbasî) сөздігін «Сенглах» үлгісімен Мехмед Хойы тарапынан жазылған. Еңбек Фетх Али әміршінің ұлы Аббас Мырзаға арналған. Үш нұсқасы бар: Тахран нұсқасында сөздікте көптеген қателіктерге жол берілген, Париж нұсқасында да қателіктер кездеседі, ал Тебриз нұсқасында шамалы қателіктер кездеседі.
«Әл-Тамгаи Насири» (Et-tamga-yı Nasirî) сөздігі де «Сенглах» үлгісімен XIX ғасырдың екінші жартысында Иранда құрастырылған. Шейх Мухаммед Салих түзету енгізген бұл сөздік Нураддин шахтың тапсырысымен жазылған. «Әл-Тамгаи Насири» парсыша–түрікше сөздік. Толық нұсқасы Ұлыбритания мұражайында, ал басқа нұсқасы Санкт–Петербургтегі Азия мұражайында сақтаулы.
«Фетх-Әли Каджар лұғаты» (Feth-Ali Kacar Lügati) сол замандағы ұлы туындылардың бірі. XIX-шы ғасырда жазылған. Фетх-Әли Каджар Казвини бұл еңбекті Шайыр Әлішер Науаи шығармаларына сүйене отырып жазған. Сөздік 1862 жылы толық аяқталған. Сөздік парсыша–түрікше. Бұл сөздік тек қана сөздік емес, әрі сол кездегі географиялық мәлеметтерді қамтыған.
«Фетх-Әли Каджар лұғаты» сөздігінің екі жазбаша нұсқасы бар. Шағатай тіліне жататын сөздіктердің арасында ең ауқымдысы болып саналады.
«Лугати Шағатай уә Түркі Османы» (Şeyh Süleyman Efendi Lügati). Түркістанда 1822 жылы туылған Шейх Сулейман Ефенді 1847 жылы Ыстамбұлға барып, осы сөздікті құрастырған. Ұлыбританияның мұражайында сақтаулы.
Әрине жоғарыда атаулары көрсетілген өзге шағатай дәуірінде жазылған сөздіктердің ақпараттық мәліметтері бар. Шағатай дәуірінде жазылған еңбектердің көпшілігі түпнұсқа ретінде сақталған. Бірақ әлі де толық зерттелмеген. Әсіресе, шағатай сөздіктері көне түркі тілдерінің байлығын танытары анық. Өкінішке орай, елімізде бұл сөздіктер жайында ақпараттар жоқтың қасы. Тек орыс ғалымдарының берген деректеріне сүйену көптеп кездеседі. Ал Түркия ғалымдары мен Өзбекстан ғалымдары арасында бұл тақырыптардың біразы зерттеліп, біршамасы ғылыми айналымға енген. Сонымен қатар, келешекте мұндай сөздіктердің қатары немесе олардың нұсқалары артуы мүмкін, себебі әлі де мұрағаттарымызда ғылыми айналымға түспей өзінің зерттеушісін күтіп жатқан тарихи жәдігерлеріміз баршылық.
Өз тарихымызға өзіміз жауапкершілікпен қолға алмасақ, отарлаушы мемелекеттер ешқашан да оны қолымызға ұстатпайды. Өз тарихымызды өзіміз құрметтеп, өзіміз қолға алайық, ағайын!

Әдебиеттер:


1. Мелиоранский М. Турецкие диалекты и литература. 1902.
2. Бартольдт В. В. Улугбек и его время / Зап. Российская академия наук. –1918. – С.11.
3. Ercilasun Ahmet Bican, Başlangıçtan Günümüze Türk Dili Tarihi, Akçağ Yayınları, Ankara 2010, s. 400.
4. Ahmet Caferoğlu, Türk Dili Tarihi, Enderun Kitapevi, İstanbul, 1984
5. Janos Eckmann Çağatayca El Kitabı, Kesit Yayınları, İstanbul, 2009
6. Ünlü Suat. Çağatay Türkçesi Sözlüğü. Konya: Eğitim Kitabevi
7. Rahimi Farhad, Çağatay Türkçesi Sözlükleri Bibliyografyasi // Uluslararası Türkçe Edebiyat Kültür Eğitim Dergisi Sayı: 7/1 2018s. 69-104, Тürkiye

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет