Өнім (қызмет) сипаты Керамикалық материалдар мен өнімді қалыптау және күйдіру әдісімен саздан жасайды. Керамиканың төзімділігі,
ұзаққа шыдамдылығы, эстетикалық тартымдылығы, оның өндірісіне арналған шикізаттың кеңінен таралуы құрылыс және
әрлеу жұмыстарына арналған материал ретінде керамиканың танымалдылығының басты себептеріне айналды. Мамандар
құрылыстағы мақсаты бойынша керамикалық өнімдердің бірнеше түрлерін бөліп айтады: қабырға материалдары (қара-
пайым, қуыс және жеңіл саз кірпіш, қуыс керамикалық тастар); шатыр материалдары және үстіңгі жабынға арналған мате-
риалдар (жабынқыш, керамикалық қуыс өнімдер); сыртқы және ішкі қаптамаға арналған материалдар (кірпіш және беткі
тастар, қасбеттік керамикалық плиталар, шағын көлемді плиткалар); едендерге арналған керамикалық плитка; арнайы
мақсаттағы материалдар (жол, санитарлық-құрылыс, жерасты коммуникацияларға арналған); жеңіл бетондарға арналған
толықтырушылар (керамзит).
Керамикалық өнімдерді өндіруге арналған негізгі шикізат саз болып табылады – ол минералды және химиялық құра-
мына қарамастан сумен араласқанда жұмсақ қамырға айналуға қабілетті, күйдірген соң суға төзімді және мықты тыс
тектес денеге айналатын ұсақ топырақ минералды массасынан тұратын шөгінді жыныстар.
Осындай шикізаттан жасалған өнімдерге тән ақ немесе аққа жақын түс күйдіргеннен кейін де сақталады. Керамика-
лық өнімдер өндіру технологиясына және олардық қасиеттеріне, әдетте, саз құрамындағы қоспалар – титан мен ванадий
қосылысы, күкірт колчеданы, кальций және магний карбонаттары әсерін тигізеді. Осылай, ванадий қосылыстары кірпіште
жасыл қабыршақтың пайда болуын түсіндіреді, темір тотықтары саздың өртке төзімділігін төмендетеді, ал кальцийдің
ірі түйіршектері мен қиыршықтарының болуы алыс келешекте керамикалық өнімнің бұзылу себебі бола алады. Саздарда
жиі органикалық қоспалар болады. Жоғары технологиялардың әсеріне қатысты мамандар отқа төзімді (отқа төзімділігі
Цельсия бойынша 1580 градустан жоғары), баяу балқитын саздар (1350-1580 градус) және тез балқитын (1350 градустан
төмен) саздар деп бөледі. Біріншілерін көбінесе отқа төзімді өнімдер, фарфор, фаянс өндірісі үшін қолданады. Баяу балқи-
тын саздарда үлкен көлемде темір тотықтары, кварц құмы, басқа қоспалар бар; бұл түр баяу балқитын, қаптама және беткі
кірпіш, едендерге, канализация құбырларына арналған плиткалар өндірісі үшін қолданылады. Өзінің құрамы бойынша
аса алуан түрлі жеңіл балқитын саздар қоспалардың үлкен көлемінен (темір тотықтары, кварц құмы,әктас, органикалық
заттар) тұрады және кірпіш, жабынқыш өндірісінде, жеңіл толықтырушылар өндірісіне қолданады.
Қазақстанның Инвестициялық қорының деректері бойынша республика аумағында мемлекеттік теңгерімде керами-
калық және фарфорлық-фаянстық өнеркәсіпте пайдалану үшін жарамды бетонитті саздардың 29 кен орны ескерілген;
барлық өнеркәсіптік санаттар бойынша осы кен орындарының қорлары 1 млрд тоннадан асады.
Керамикалық өнімдерді өндіру үрдісі бірнеше негізгі кезеңдерден тұрады: саз массасын дайындау, өнімдерді қалып-
тастыру, кептіру, күйдіру және безендіру. Керамикалық өндірісте қолданылатын материалдар негізгі және қосалқы деп
бөлінеді. Негізгілеріне керамикалық массалар, әшекейлер және керамикаға сурет салыға арналған бояулар дайындау үшін
қолданылады. Ал қосалқыларына гипстік пішіндер мен капсельдер дайындауға қолданылатын материалдарды жатқызады.
керамикалық өнімдерді дайындаудың бірінші кезеңі бірнеше жүйелі технологиялық операциялардан тұрады. Бастапқыда
шикізатты зиян минералды кірінділерден тазалайды, сосын ұсақтайды, ұнтақтайды, сүзгіштен елейді. Қоспаға арналған
барлық құрамдауыштардың дозасын анықтайды және бір бірімен араластырады. Өнімді қалыптау пластик және сұйық
(шликер деп аталатын) керамикалық массалардан жүзеге асырылады. Ірі өндірістерде қарапайым пішіндердегі өнімдер
(мысалы, кеселер мен тәрелкелер) автоматтар мен жартылай автоматтарда болат шаблондардың көмегімен гипстік қа-
лыптарда ылғалдылығы 24-26 % пластик массадан қалыптастырады. Пішіні бойынша күрделі және әркелкі керамикалық
өнімдер гипстік қалыптарға ылғалдылығы 30-35 % шликерден құю тәсілімен дайындайды.
Құю ісі – әлемдегі ең ежелгі қолөнерінің бірі, дайындау және құюдың кез келген кезеңінде мұқияттылықты талап
ететін, еңбекті көп қажет ететін және күрделі жұмыс. Үлгісін жасаудан бастап қолаға соңғы құюға дейін. Бірақ жұмсалған
күш нәтижесіне сай болады. Құйылған өнімдер керемет сыртқы келбетімен ерекшеленеді. Қоладан, жезден жасалған
өнімнің беткі қабаты жылдар өткен сайын оксидті қабықшамен жабылады – бұл өнімдердің сыртқы келбетіне антиквар-
лық түр береді. Жылдар өткен сайын қоладан жасалған өнімдер ескілік қабықшасымен жабылып, қымбат шарап секілді,
бағалары жоғарылайды.
Ежелде мыс мағынасын өзгерту қиын болатын. Бұл қорытпа төзімділікке, тотқа қарсы тұрақтылығына, ұзаққа шыдам-
дылығына және керемет созылмалылыққа ие болатын, сол себептен ыдыс, сайман, қару, өнір туындыларын, әшекейлер
және тіпті ақша дайындауда таптырмас болатын.
Темір пайда болған қоланың стратегиялық зат ретінде маңызы айтарлықтай төмендеді, дегенмен жоғалып кеткен жоқ.
Ал өнер саласында оған бұрынғыдай теңі жоқ.
Қазір қола бірініші кезекте өнер материалы ретінде қабылданады. Ғасырлар емес, мыңжылдықтардан өткен шағын
статуэткалар мен үлкен скульптуралар нағыз қоланың не екенін білдіреді. Қазірдің өзінде материалды көп пайдаланады.
Оның созылмалылығы, икемділігі, бастапқы түс гаммасы, сыртқы факторларға төзімділігі тамаша.
Өнер заттарына жатпаса да, интерьердің ең әдемі бөлігін құрайтын әшекейлер де танымал: баспалдақ таяныштары-
ның, баспалдақтардың, карниздердің соғылған және құйылған әшекейлері керемет.
Тұрмыстық заттар – шам қойғыштар және жарықшамдар, жазу құралдары және киім ілгіштер, айналар мен картина-
ларға арналған арқаулар, аяқ киім қойғыштар, тіпті қола жиһаз, дәлірек айтқанда, осындай жиһаздың безендіру бөлігі –
осының барлығы интерьерге жайлылық және мәртебелі молшылық беретіні сөзсіз.