18. КераМиКалық және қола ӨніМдерді, КераМиКадан саЯбақ есКерТКішТерін дайындайТын цеХ ашу жоба сауалнамасы: Инвестициялық жоба мақсаттары: керамикалық өнімдер дайындау цехін құру.
Өнімі: Дайындалатын өнімнің негізгі түрі керамикалық және қола өнімдер, керамикадан саябақ ескерткіштері болады.
Жоба құны: 635 690 теңге.
Өзін өзі ақтау мерзімі: 24 ай.
жоба тұжырымдамасы Жоба тұжырымдамасы керамикалық өнімдерді жасау цехін ашуды көздейді.
Керамика өнері – саздан әртүрлі заттар жасау – ұлттық қолөнердің көне түрі. Ежелгі уақыттан бері керамикалық
өнімдер адамға қызмет еткен. Олар қолданылған шикізат түрі, кіреукелі беткі қабатының құрамы, өндіру тәсілі, өзінің
мақсаты бойынша ажыратылатын. Өңдеуге жарамды табиғи саз қорлары бар жерлерде құмыра шеберлері пішіні және
безендірілуі бойынша алуан түрлі құмыралар, тегештер, ыдыстар, флягалар және тұрмыста қажет көптеген басқа заттар
жасаған. Материалдың икемділігі, оның үндестілігі, өнімдерге шұбар әрі қанық бояу беретін жылтырақтың колориттік
көпбейнесі керамикалық өнімдер тек утилитарлық қызметті атқарып қоймай, сонымен қатар, өнер туындыларына айна-
луына ықпалын тигізген.
Қазақстан өзін келешекте әлемдік туристік нарықтың белсенді қатысушыларының бірі ретінде көруіне байланысты,
сувенирлік өнім өндірісі көркем және безендіру керамика өндіру кәсіпорындарының өнімі сұранысқа ие болатын тағы
бір сегментке айналады. Осылай, ұлттық колориті бар ерекше керамикалық сувенирлер қатарын шығару үшін себеп Азия
ойындары бола алады – атышулы спорттық оқиғалар күндері туристер мен жанкүйерлер қарапайым сувенирлерді сатып
алатыны мәлім.
Керамикалық ыдыс сынғыш және мысалы, пластикпен салыстырғанда айтарлықтай қымбат. Дегенмен, осы материал-
дың жақсы жылу өткізгіштігі және ең бастысы, экологиялық қауіпсіздігі оның барлық кемшіліктерінің орнын толтырады.
Осы бизнес-жоспарда кәсіпорынның жоспарланған айналымдарын ескере отырып, жеңілдетілген декларация негізін-
де арнайы салық режімін қолданумен жеңілдетілген режімде жеке кәсіпкер аясында қызметтік жүзеге асыру ұсынылады.
Осы бизнес-жоспар әрекет етуге нұсқаулықтың соңғы нұсқасы емес, тек осындай бизнес-идеяны дамытудың әлеуетті
мүмкіндігін көрсетеді. Сондықтан, осы жобаны іске асыру барысында сату бағдарламалары және шығарылған өнімнің
ассортименті секілді өзгеріс болуы мүмкін. Шығарылуы жоспарланған өнімнің бәсекелес артықшылықтарын, сонымен
қатар, сатып алынатын жабдықтың айрықша ерекшеліктерін толығырақ ашу қажет.
Бірінші дайындалған суретшілер мен дизайнерлердің көмегімен қола конструкциясының нобайы жасалады. Оның не-
гізінде жұмыс сызбасы әзірленеді, ол бойынша құйма үлгісін дайындайды, ол болашақ өнім таңбасының (кескіндерінің)
құйма пішінін қалыптастыру үшін қажет.
Көркемдік құймаға арналған үлгілер піл сүйегінен немесе ағаштардан (қарағай, қараағаш, шамшат, жөке), пластиктен
немесе гипстен сирек жасалады. Олардың беткі қабатына барынша тегіс және жылтыр болуы үшін тегістегіш, төсеме
бояу және арнайы лактың бірнеше қабатын міндетті түрде жағады.
63
100 ЖОБА 100 ПРОЕКТОВ
қысқы нөмір 1432
services.atameken.kz
www.atameken.kz