Маркетингтік жоспар Өнім (қызмет) нарығының сипаты Қазір қола бірініші кезекте өнер материалы ретінде қабылданады. Ғасырлар емес, мыңжылдықтардан өткен шағын
статуэткалар мен үлкен скульптуралар нағыз қоланың не екенін білдіреді. Қазірдің өзінде материалды көп пайдаланады.
Оның созылмалылығы, икемділігі, бастапқы түс гаммасы, сыртық факторларға төзімділігі тамаша.
Өнер заттарына жатпаса да, интерьердің ең әдемі бөлігін құрайтын әшекейлер де танымал: баспалдақ таяныштары-
ның, баспалдақтардың, карниздердің соғылған және құйылған әшекейлері керемет.
Тұрмыстық заттар – шам қойғыштар және жарықшамдар, жазу құралдары және киім ілгіштер, айналар мен картина-
ларға арналған арқаулар, аяқ киім қойғыштар, тіпті қола жиһаз, дәлірек айтқанда, осындай жиһаздың безендіру бөлігі –
осының барлығы интерьерге жайлылық және мәртебелі молшылық беретіні сөзсіз.
Қола – жақсы құрылмалық материал, дегенмен ол құрылыста осындай сипатта қолданылмйды: тым қымбат. Дегенмен,
оның тотқа қарсы төзімділігі мен ұзаққа шыдамдылығы таптырмас болатын бөлшектер мен заттарға қолданылады.
Қола қатты скульптуралық материалдарға және аса ұзаққа шыдамды материалдарға жатады. Қола төзімділігі мен
сенімділігі бойынша тастан қалмайды, тіпті озады, себебі температура өзгерістеріне сезімталдылығы аз. Бұдан басқа, ма-
териал керемет тотқа қарсы тұрақтылығына ие және шөгілуі төмен, ол металға ең күрделі сурет салуға мүмкіндік береді.
Қорытпадан үй-жайды безендіру үшін қолданылатын ең ірі ескерткіштер және шағын статуэткалар жасалынады.
Мүсіндерді дайындау техникасы – құюмен жасалады.
Бастапқыда скульптура әзірлемесін балауыздан жасайды. Бұл материал қалыпты температурада өте икемді және ең
микроскоптық қабатты, тіпті көзге көрінбейтін тері кедір-бұдырына дейін жасауға мүмкіндік береді. Сосын әзірлемеге саз
қабатын жағады және құю үшін дайын пішінді ала отырып, балауызды ерітеді. Сосын қоланың кезегі келеді.
Әсерін ұлғайту үшін дайын скульптураны жалтырауын және түстердің ойнауын ұлғайта отырып, тегістеуге болады.
Қоладан ескерткіш тақталар, эмблемалар, барельефтер, елтаңбалар және т.б. жасалады. Бұл бақша сәулетінің сүйікті
материалы: фонтандар, орындықтар, күркелер, шеңбер күркелер бөлшектері, бақша скульптурасы және қоладан жасалған
басқа да заттар әрдайым керемет.