Шағын бизнеске арналған 100 жоба 2019 МазМұны Кіріспе


жартылай дайындалған өнімді күйдіру



Pdf көрінісі
бет261/636
Дата31.12.2021
өлшемі24,3 Mb.
#23298
1   ...   257   258   259   260   261   262   263   264   ...   636
Байланысты:
Бизнес-жоспар үлгілері

жартылай дайындалған өнімді күйдіру 
барысында болады. 
Керамикалық кірпішті күйдіру үрдісі шартты түрде төрт кезеңге бөлінуі мүмкін:
1. 200°С дейін жылыту және соңына дейін кептіру-саздан физикалық суды жою;
2. 700 °С дейін «түтінмен» бұдан әрі ысыту және саздан химиялық байланысқан суды жою;
3. «взвар» – 980-1000 °С күйдіру температурасына дейін – сүйектің пісуі;
4. салқындату, «қатыру» – баяу 500°С дейін және жылдам 500 бастап 50 °С дейін күйдірілген өнім.
Осындай кезеңдерге өндірістік бөлу күйдіру барысындағы керамикалық қоспадағы реакциялардың мәнін ашпайды. 
Керамикалық өнімдерді өндірістік күйдіру барысында ешқашан термодинамикалық теңестіруге қолжеткізілмейді. 
Сүйекті қалыптастыру барысында туындайтын үрдістерге әсер ететін пештегі газдық орта маңызды рөл атқарады, 
сол себептен, ол күйдіру режімін реттеуі тиіс. Бұл орта қышқылды, нейтралды және қалпына келтірілген болуы мүмкін. 
Материалды пісіру – күйдіру үрдісінің маңызды сәті, себебі осы уақытқа керамикалық өнімнің қалыптастырылуы 
аяқталады. Өнімнің пісуінің аяқталуы оның отыруының тоқталуымен сипатталады. Піскен материалдың шартты көрсет-
кіштері оның су жұтуы болып табылады. 
Керамикалық  сүйекті  қалыптастыру  үрдісіне  келесілер  әсер  етеді:  шикізаттың  химиялық  және  гранулометриялық 
құрамы, қоспадағы құрамдауыштар қатынасы, сонымен қатар, күйдірудің температуралық-газды режімі.
Бұл үрдіс келтірілген үлгіден айтарлықтай күрделірек, ол пісірілетін бөлшектердің қалпы, көлемдері және олардың 
арасындағы байланыстардың конфигурациясының алуан түрлілігімен; өзге туындау көздерінің болуымен және бос орын-
дардың жиналуымен; тек қана көлемді емес, сондай-ақ, беткі диффузияның болуымен түсіндіріледі.
Қатты құрылыс керамикасының өнімдерін күйдіру жеңіл балқитын бірігудің ең төменгі көлемі пайда болғанға дейін 
жүргізіледі, ол саз тудыратын минералдардың дегидратталған бөлшектері мен кварц өзектерін байластырады, нәтижесін-
де өнімдердің жеткілікті механикалық төзімділігін қамтамасыз етеді. 
Күйіп  қалған  өнімдерді  салқындату  –  маңызды  операция  болып  табылады.  800-780°С  температурасында  құрылыс 
керамикасы өнімінің сүйегі пиропластикті жағдайда болады және қатты қалыпқа ауысады, сондықтан, жергілікті ажы-
рағышпен (сызаттармен) заряды бітуі мүмкін кернеулердің пайда болуын болдырмас үшін салқындатуды төмендету ке-
рек. Сонымен қатар, 650- 500°С учаскесі қауіпті деп санайды. 
Осы айтылғанның негізінде, күйдірудің температуралық режімін таңдау үлкен мағынаға ие деп қорытындылауға бо-
лады. Саз құрамындағы жеке құрамдауыштардың дегидраттау, декарбондау, қышқылдану және қалпына келтіру реак-
циялары тез балқитын эвтектиктің пайда болу реакциясына араласпауы тиіс. Бұл реакциялар бірінен кейін бірі жүруі 
тиіс, бірақ іс жүзінде керамикалық қоспалардың күрделі құрамының салдарынан сұйық бірігулердің пайда болуы әдетте 
декарбондау, қышқылдану аяқталғанша басталып қояды. 
Бизнесті жүзеге асыру үшін қажетті материалдар арасында керамикалық тығын кірпіш өндірісінің аясында ерекше 
орынды қоңыр және ақ саз, көмір және су алады. Шикізаттың барлық түрлерін облыс шетінен шықпай ақ, өңірде алуға 
болады. Бір жеткізушіден екінші жеткізушіге өту құны көп емес. Шикізат пен бастапқы материалдардың дифференциаци-
ялау дәрежесі жоғары емес, себебі шикізаттың барлық түрлері барлық жеткізушілерде бірдей.
Бұған қоса, Жоба басшысының кірпіш зауытына тікелей жақын орналасқан саз және балшықтың Затон кен орнында 
кен қазу құқығы бар. Қорлардың қалдығы 3 000 000 м3 құрайды.


133
                                                        100 ЖОБА        100 ПРОЕКТОВ
қысқы нөмір 1432
services.atameken.kz
www.atameken.kz


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   257   258   259   260   261   262   263   264   ...   636




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет