139
100 ЖОБА 100 ПРОЕКТОВ
қысқы нөмір 1432
services.atameken.kz
www.atameken.kz
41. шұлық Өндіру
жоба тұжырымдамасы.
Бизнес-идея трикотажды шұлықтарды өндіру қызметін ұйымдастыруды көздейді.
Қазақстанның тоқыма және тігін өнеркәсібі ішкі нарықтың сұранысының тек 10% қамтиды. Бұл сала үшін келесілер
сипатты: сала техникалық жабдықталу деңгейі төмен кәсіпорындармен ұсынылған. Сонымен қатар, сала проблемалары-
ның бірі еңбектің төмен өнімділігі, әлемдік баламалардан артта қалған технологиялар, сапа стандарттарының жоқтығы,
маркетингтің төмен деңгейі. Дегенмен де бәсекелестік артықшылықтар бар – Өзбекстан, Тәжікстан, Түркіменстанның
әлеуетті мақта өндірушілерінің жақындығы. Қазақстан ТМД және Шығыс Еуропа елдерінің ауқымды өткізу нарықтары-
ның орталығында тұр.
Шұлықтар, колготкалар және шұлық-ұйық өндірісінің басқа өнімдері әрдайым жоғары сұранысқа ие болған, ие және
ие болады. Бұдан басқа, соңғы жылдары сұраныс тек өсуде. Бірақ қазіргі таңда нарықтың 70% импорттық өндіріс та-
уарларына толық. Дегенмен, нарықтың осы тауашасын алуға ниетті отандық өндірушілердің көлемі көбеюде. Себебі
шұлық-ұйық бизнесі сұранысқа ие және табысты болып табылады.
Цех өндіретін өнімнің негізгі түрлері трикотажды шұлықтар (ерлер, әйелдер және балалар шұлықтары, соның ішінде
мақта-мата, аралас және жартылай жүнді) болады.
Достарыңызбен бөлісу: