Маркетингтік жоспар. Осы жобаның Қызылорда облысы бойынша бәсекелесі жоқ және Қызылорда облысында инновациялық болып табы-
лады. Өнімді өткізу үшін сауда орталығында немесе дүкенде шағын бутик ашқан мақсатқа сай. Трикотажды өнімдерді
сату тәсілдері өте көп, тек интернеттің көмегімен бұл үшін көптеген сайттар бар. Мысалы, өзінің өнімдерін сату туралы
хабарландыруды хабарландыру тақталарына, алуан түрлі сайттарға және форумдарға орналастыруға болады.
Технологиялық үрдіс Трикотажды шұлықтарды өндіру технологиясы Трикотажды шұлықтарды өндіру технологиясы (ерлер, әйелдер және балалар шұлықтары, оның ішінде мақта-мата,
аралас және жартылай жүнді) келесі операциялардан тұрады:
- мүйізшесін тігусіз шұлық әзірлемесін тоқу;
- мүйізшесін тігу;
- шұлықты қалыпқа келтіру;
- өнімнің таңбасын жазу және қаптау.
1. Иірілген жіп шпулярникке орнатылады. Иірілген жіпті жіпжүргізушіге салған соң мүйізшесіз шұлықтарды дай-
ындау үрдісі үзіліссіз автоматты режімде жүреді. Тоқу резеңкеленген манжеттен басталады, сосын қонышы, табанымен
өкше және тігусіз мүйізше тоқылады. Осындай әрбір айналымның соңында иірілген жіп автоматты түрде кесіледі және
әзірлеме өнім вакуумды іріктеуші арқылы арнайы жинақтағыш-себетке түседі.
2. Әзірлеменің мүйізшесін тігу үшін қолмен басқарылатын немесе жартылай автоматты кеттельді машинаны пайда-
лануға болады. Жартылай автоматты кеттельді машинаға қызмет көрсету үшін станок кірісіне әзірлемені қолмен салып
тұратын оператор қажет. Мүйізшесі тігілген соң өнім жинақтаушы-себетке түседі.
3. Шұлықтарды кейінгі қалпына келтіру, тығыздау және кептіру ылғалды және термикалық өңдеумен жартылай авто-
матты тығыздағыш станоктарда жүргізіледі. Агрегатқа қызмет көрсетуді бір оператор жүргізеді.
4. Дайын өнімді қаптау және таңбасын жазу жартылай автоматты түрде немесе қолмен жүргізіледі.